Ресейлік әскери сарапшылар өре түрегелді: 30 күнге ұрысты тоқтатуға болмайды!

АҚШ пен Украина делегациясының Сауд Арабиясында өткен кездесуде ұрыс қимылдарын 30 күнге тоқтату туралы ұсыныс айтылды. Украина бұл ұсынысты қабылдауға ниет білдірді және Ресейдің жауабын күтетінін айтты. Алайда ресейлік әскери сарапшылар, әскери корреспонденттер мен депутаттар «бұл ұсынысты Ресей қабылдамауы тиіс» деген позицияда.


На Украине рассказали о девяти сценариях войны с Россией - РИА Новости,  15.10.2021

 

Z-блогерлер АҚШ-тың ұсынысын қабылдау Ресей үшін стратегиялық қателік болатынын айтуда. Ресейлік әскери блогерлер мен корреспонденттердің бірқатар пікірлері келесідей:

 

Александр Коц: «Әлгі бейбіт ұсыныстарыңды маған көрсетпеңдер. Өткен жылы атысты тоқтату туралы талапты айтқан едік. Сендер басып кіру арқылы жауап қаттыңдар. Біз барлығын да сол сәтте түсінген едік», - дейді ол.

 

Тағы бір әскери блогер Alex Parker былай деп жазба қалдырды: «Бұл ұрысты тоқтату шешімі Ресейге не бермек? Түкте бермейді. 30 күн украиндықтар үшін не береді? Майдан шебін тұрақтандырып алады. Әсіресе Курск және Покровск маңындағы шепті тұрақтандырып алады», - деп жазды.

 

Ресейдің кезекті Z-блогері Борис Рожиннің пікірінше Украина ұрыс қимылдарын тоқтатқан соң, әскерін қайта күшейтумен айналысатын болады. «Бұл тура Шешенстандағы 1995-1996 жылғы немесе Минск-1/Минск-2 келісімдері іспеттес ұсыныс. Алдаудың бір түрі. Кейін бізді тағы алдап кетті деп отырамыз», - дейді ол.

 

«Живов Z» арнасының авторы Алексей Живов Ресей билігі бұл ұсынысты қабылдамайды деп үміттенетінін айтты. «Вашингтон Украинаны әскери тұрғыдан қолдауды жалғастыруда. Яғни, Ресейге қарсы соғысқа тікелей қатысып жатқанын тағы бір мәрте көрсетуде. Бұл үзілістің Ресейге не үшін керек екендігі жайлы нақтылап айтқан емес. Бұл ұсынысқа келіспейміз деп үміттенемін», - дейді Живов.

 

Ресейдің өзге де әскери сарапшылары мен блогерлері Мәскеуді бұл ұсынысты қабылдамауға шақыруда. Олар 2014-2015 жылы Украина әскері Иловайск пен Дебальцевода қоршауда қалғанда келісім болғанын, 2022-де Ресей әскері Киевке жақындағанда келісім болғанын айтып, оны Ресей билігінің қателігі ретінде сипаттауда.

 

Ресейлік саясаткерлер де өз қарсылықтарын білдіруде. МемДума депутаты Виктор Соболев: «Бұл ұсынысты қабылдамау керек. Қайдағы бір ұрысты уақытша тоқтату жайлы айтуда. Президент те ұрысты уақытша тоқтатудың қажет еместігін айтқан болатын. Бұл украин фашистері үшін тиімді болмақ. Олар 30 күннің ішінде қайта топтасып, әскер қатарын толтырып, дрондармен қаруланып алады. Бүгін түнде қанша дронмен шабуыл жасады, бізге ондайдың түкке қажеті жоқ», - дейді.

 

Федерация Кеңесінің төраға орынбасары Константин Косачев былай дейді: «Украиндықтарға не айтса, соған көнеді. Сонымен бірге олар бас иіп, мәймөңкелеп жүр. Зеленский қазір қорғаныста жатыр. Ресей әскері сәтті шабуылдауда. Шынайы келісім майдан даласында жасалып жатыр. Оны Вашингтон да түсінуі қажет», - дейді ол.

 

Ресейдің әскери сарапшылары Мәскеуді ұсынысты қабылдамауға шақыруда. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей тарапынан оң жауап күтетінін айтты.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар