Сарапшылар: Ұлттық Құрылтай – саяси-әлеуметтік институтқа айналды!

Бүгін Бурабайда кезекті Ұлттық Құрылтай бас қосты. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлеп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарды ортаға салды. Ұлттық Құрылтай ашылған алғашқы 3 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасады. Алдағы 2 жылға арналған экономикалық-инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.

1741957683722721.jpg

(Суреттер: Ақорда телеграм арнасы және спикерлердің мұрағатынан алынды)

ПРЕЗИДЕНТ: «Осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жарияладым, оны білесіздер. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды. Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты. Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы», - деді.

Бұл осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған Құрылтай. Осыған дейін Ұлттық Құрылтай 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда және 2024 жылы Атырауда өткізілген еді.

Біз сарапшылардың Ұлттық Құрылтай жұмысына қатысты пікірлерін сұрап-білдік...

ҚҰРЫЛТАЙ – БИЛЕР ЖИЫНЫНЫҢ XXI ҒАСЫРДАҒЫ ЖАҢА МОДЕЛІ

1741957501542901.jpg

Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы:

– Ұлттық Құрылтай алғаш құрылған кезде, көб жұрт мұны идеологиялық топ тап қабылдады. Себебі, ол ашғашында қоғамдық кеңес болды ғой. Сондықтан, алғашында сын айтылды. Бізде жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестер мен маслихаттар бар. Құрылтай оның жұмысын қайталаса, оның керегі не деген сындар айтылды. Бірақ, 2022 жылдан кейін Құрылтайдың жұмысы идеологиялық бағытты көбірек қамтыды.

Біріншіден – Құрылтай идеологиялық бағытта жұмыс жасайды. Идеологиялық бағыттағы мәлімдемелер айтылады.

Екіншіден – бұл қозғалмалы формматта жұмыс істейді. Сондықтан бұның шалғайдағы, атыстағы халықты біріктірудегі символикалық мәні бар.

Тағы бір назар аударарлығы – Құрылтайда айтылған мәселелер Жолдауда айтылған мәселелерден өзгеше. Себебі, мұнда айтылған, көтерілген мәселелер келесі Құрылтайға дейін заңнама ретінде қабылданады. Мысалы, Сарайшықтағы Құрылтайда айтылған лудомания мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі т.б. қазір Парламентте заң болып қабылданып жатыр.

Сондықтан, Құрылтай – бұрынғы хандар мен билердің жиынынынң жиырма бірінші ғасырдағы жаңа формат тапқан үлгісі. Бұны саяси-әлеуметтік институт деп атауға болады. Батыстық стандартпен қарайтын болсақ, бұл – теңдік-тежемелік принципімен жұмыс жасайтын Парламент, Сот төрелігіне қарағанда бөлек. Артықшылығы – мұнда қоғамдық пікір лидерлері, соның ішінде белсенді азататтар, ғалымдар, сала мамандары мен Президент және құзырлы шешім қабылдайтын адамдардың бірлесіп мәселені талқылауына мүмкіндік бар.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛДІКТІҢ БОЛМЫСЫ!

1741957549171535.jpg

Омарәлі Әділбекұлы, қоғам қайраткері:

– Ұлттық құрылтай – еліміздің саясат сахынасында, әсіресе, идеологиялық бағытты анықтауда өзіндік маңызға ие болып келеді. Әуелі қасиетті Ұлытауда, сонан соң бүкіл түрік халықтарының рухани астанасы – Түркістанда шымылдығын ашса, үшінші құрылтай Алтын орданың астанасы – Сарайшықта жалғасып, Қазақ мемлекетінің 800 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ата тарихты тануда, зерттеуде соны бағыт, теориялық таған қалыптастырды. Осы Құрылтайларда айтылған ұсыныстар мен талқыға түскен тақырыптар еліміздің Парламенті жағынан заң тармақтарына еніп, қарапайым халықтың нақты өміріне ықпал етті. Әрқандай өркениетті қоғам заң салтанат құрып, тәртіп-түзім жалпы халықтық құндылыққа айналғанда ғана дамудың даңғыл жолына түсіп, халықтың жағыдайы жақсарады.

Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр реткі халыққа жолдауында және Құрылтайда сөйлеген сөздерінде «Жаңа Қазақстанның» құндылығы ретінде демократия, адам құқығы, еркіндікпен бірге, заң мен тәртіпті қатар атап өтті. Әрине, бұл құндылықтар бір-біріне қарама-қайшы емес қайта бір-бірін толықтыра түседі.

Бурабай суық қару дәуірі аяқталып, от қару әлемдік геосаясатқа әсер ете бастағанда билік басына келген Абылай хан заманында исі қазақтың ордасы болған жер. Екі империяның ортасында жүріп, Алаштың туын жықпай, дипломатиялық шеберліктің мектебін қалыптастырған ұлы хан Абылайдың бізге қалдырған саяси мұрасы мен тәжірибесі бүгінгі ішкі-сыртқы саясатымызда бізге жаңа бағыт беріп, мүмкіндіктер кеңістігін ашады деп білеміз.

Бұрын «Күлтөбенің басында күнде жиын болса», міне, қазір символдық нышаны бар қасиетті өңірлерде жыл сайын  атқарушы,  заң шығарушы және төртінші билік өкілдерінің, сонымен бірге ұлттық элита өкілдерінің бас қосуы өтетін болды. Бұл өңірлік державаның тәуелсіздік тарихындағы өзі таңдаған жолы болып табылады.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар