45 ірі жоба: Қазақстан аймақтарды газдандыруды жалғастыруда

Еліміздегі елді-мекендерді газдандыру басты міндеттің бірі. Бұл әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды жұмыс саналады. Қазақстан газдандыру жұмыстарын жүзеге асыру арқылы ауаға көмір жағудан бөлінетін зиянды қоспаны азайтып келеді. Газдандыру арқылы аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттырып, энергияның балама көздеріне бөлінетін қаражатты еселеуге болады.


Газификация Алматы: QazaqGaz запустил новую газораспределительную станцию  на ТЭЦ-2 ᐈ новость от 16:19, 17 ноября 2023 на zakon.kz

 

2025 жылы мемлекет газдандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін 45 жобаны мақұлдап, оған 65,9 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл жобалар кемі 7 елді-мекенді қамтитын болады. Жалпы еліміз жоспарланған жобаларды жүзеге асыру арқылы 12,4 млн адамды газбен қамтуды ойластыруда.

 

Қазақстан «Париж келісіміне» қол қойған мемлекеттің бірі саналады. Аталған келісім 2060 жылға дейін әлемдегі температураның көтерілуін бәсеңдету шараларын жүзеге асыруды міндеттейді. Соның ішінде көмірқышқыл газының ауаға бөлінуін азайту әрекеттері жүзеге асырылуы қажет. Қазақстан осы міндетті іске асыруда және көмір жағатын аймақтарға газдандыруды арттыруға барын салып жатыр. Зерттеушілер газдандыру жүргізілген аймақтарда өкпе демікпесі мен түрлі бөртпе аурулары азайғанын анықтаған.

 

Қазіргі сәтте «Талдықорған-Үшарал» газ құбырының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жетісу өңіріндегі 124 мың тұрғынды қамтитын 66 елді-мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ететін ұзындығы 302 шақырым болатын «Талдықорған-Үшарал» магистральды газ құбырының құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Осылайша қысы қарлы, ауа райы аязды саналатын өңірдің 60-тан астам елді-мекені газға қол жеткізбек. Бұл жоба аймақ үшін стратегиялық маңызға ие. Аталған жобаны аяқтау арқылы аймаққа көбірек инвестиция тарту мәселесі де күн тәртібінде тұр.

 

2024 жылдың шілде айында өткен үкімет жиынында Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру туралы мәселе көтерілді. Жиын барысында министрлік өкілдері аталған аймақтарды газдандырудың екі нұсқасы барын баса айтты.

 

Біріншісі «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының екінші және үшінші кезегінің құрылысын жалғастыру арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру. Бұл жобаны жүзеге асыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін мүмкін болады», - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

 

Ал екінші нұсқа Ресейден газ әкелу болып саналады. «Екінші нұсқа ретінде Ресейден газ тартуды айтсақ болады. Қазіргі уақытта QazaqGaz мен «Газпром» арасында коммерциялық келіссөздер жүргізілуде, солтүстік-шығыс аймақтарды газбен қамтамасыз ету шарттары талқылануда. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келіссөздер аяқталғаннан кейін экономикалық және техникалық аспектілерді ескере отырып, солтүстік-шығыс аймақтарын газдандырудың оңтайлы нұсқасы таңдалатын болады», - деді министр.

 

Бүгінде еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандыру аса маңызды мәселеге айналды. Аталған аймақтар әлі күнге дейін көмірмен жылынуға мәжбүр. Бұл аймақтың экологиялық ахуалына кері әсерін беруде.

 

2024 жылы Қазақстанда 59 млрд текше метр газ өндірілген еді. Ал 2025 жылы өндіріс көлемін 62,8 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. 2024 жылы Қазақстан халқының 61,8 пайызы газға қол жеткізді. Газ тарату желісін одан әрі кеңейту 2025 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі сәтте бірқатар ірі газ құбырларының құрылысы аяқталуға жақын. Осылайша Қазақстан аймақтарды газбен толық қамтамасыз ету әрекеттерін жалғастыра бермек.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар