Кешегі күннің басты жаңалығы – АҚШ және Ресей президенттерінің телефон арқылы сөйлесуі болды. Оның алдында сарапшылар: «Бұл әңгіме барысында Украинаның жер мәселесі туралы көп айтылады», - деп болжаған еді.
Бұл – Трамп пен Путиннің биылғы жылғы екінші мәрте телефон арқылы сөйлесуі. Президенттік келместен бұрын: «Мен қанқасап соғысты тоқтатып, тарихта бітімгерші болып атымды қалдырам», - деп айдай әлемге алашапқын әңгіме айтқан АҚШ президенті Путинді дегеніне көндіре алды ма?
ТРАМП ПЕН ПУТИН НЕ КЕЛІСТІ?
АҚШ пен Ресей басшылары телефон арқылы 1,5-2,5 сағат аралығында сөйлескен. Қос тарап та соңында: «Жақсы талқы, жақсы диалог болды», - деп сипаттады.
Бұл сөйлесудің басты қорытындысы: Тараптар ұрысты жалпы тоқтату туралы шартқа келісе алған жоқ. Ал 30 күндік уақытша бітім бойынша келісім бар.
Кремль: «Энергетикалық инфрақұрылымдарды шабуылдамау туралы келістік», - десе, Ақ үй: «Энергетикалық және басқа да инфрақұрылымдарды шабуылдамау туралы келістік», - дейді.
Қос тарап та растаған келісім: АҚШ пен Ресей Қара теңізде ұрысты тоқтату бойынша техникалық келіссөздерді бастамақ. Сондай-ақ, тараптар атысты толықтай тоқтатып, тұрақты бейбітшілікке қарай қадам жасасуға келісті. Бұл келіссөздер дереу арада Таяу Шығыста басталатын болады!
АҚШ НЕ ДЕЙДІ?
АҚШ мәлімдемесінде: «Бүгін Трамп пен Путин Укаринада атысты тоқтатып, бейбітшілік орнату туралы сөйлесті. Екі лидер де жанжалды тұрақты бейбітшілікпен аяқтау қажеттігіне келісті. Тараптар АҚШ пен Ресей арасындағы еларалық қарым-қатынастарды жақсарту керектігіне тоқайласты.
Мемлекет басшылары бейбітшілікке қадам - энергетика мен инфрақұрылымдарға шабуылды тоқтатудан және Қара теңізде келісімге келу бойынша техникалық келіссөздерден басталады деп келісті. Сондай-ақ, тараптар атысты толықтай тоқтатып, тұрақты бейбітшілікке қарай қадам жасасуға келісті. Бұл келіссөздер дереу арада Таяу Шығыста басталатын болады!
Лидерлер болашақ қақтығыстардың алдын алудың және әріптестікті күшейтудің алаңы ретінде Таяу Шығыстың рөлі туралы әңгімелесті. Олар сондай-ақ, стратегиялық қарулардың таралуын тоқтату қажеттілігін талқылады және басқа елдермен олардың барынша кең қолданылуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады. Екі көшбасшы Иран ешқашан Израильді жоя алатын күшке ие болмауы керек деген пікірде», - делінген.
РЕСЕЙ НЕ ДЕЙДІ?
Кремль мәлімдемесінде: «Путин Трамптың Украина мен Ресей қос тараптан энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымдарға шабуылды 30 күнге тоқтату туралы шартты қолдады және өз әскеріне бұйрық берді.
Путин Трампқа Ресей мен Украина сәрсенбі күні 175-175 формуласы бойынша тұтқындар алмасатынын айтты. Ресей мен АҚШ соғысты шешу үшін сарапшылар топтарын құрмақ. Путин де, Трамп та қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге мүдделіекенін білдірді. Путин мен Трамп барлық мәселелер бойынша байланыста болуға келісті. Ресей 23 ауыр жараланған украиналық сарбазды Киевке береді.
Мәскеу соғыстың өршуіне жол бермеудің негізгі шарты шетелдік әскерикөмекті толығымен тоқтату және Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуды талап етті. Путин Трампқа бітімге келген жағдайда Украинаны мобилизациялауды және Украинақарулы күштерін қайта қаруландыруды тоқтату қажеттігін айтты. Путин Трамптың Қара теңізде кемелердің жүзу қауіпсіздігін орнату туралы бастамасына «конструктивті» жауап берді», - делінген.
ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН УКРАИНАҒА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ШАБУЫЛ БАСТАМАҚ!
Украина президенті Зеленский: «Жақын айларда Ресей Украинаға қарсы ауқымды шабуылдарды бастамақ. Путин біздің жерімізге максималды түрде кіргісі келеді. Ресей Украина ұрысты тоқтатуға келіседі деп күтпеді. Дикратор өз ойынын ойнағысы келеді. Сол үшін де ол максималды түрде Украина жеріне кіріп, кейін ұрысты тоқтатқан кезде ультиматум қоюды көздейді», - деп мәлімдеді.
Президент Зеленскийдің сөзінше, Ресей Украинаның Запорож, Харьков пен Сумскі бағыттарына шабуылдамақ.
Президент Зеленский: «Біз Путиннің ас мәзірі болғымыз келмейді. Біз олардың қандай екенін көрдік және мен бұл туралы АҚШ-тағы әріптестерімізге айттым. Біз Тәуелсіз мемлекетпіз. Сондықтан, біз туралы бізсіз талқылау дұрыс емес», - деді.
Әрі қарай Зеленский: «Біз Запорож АЭС-інің Ресейге жұмыс жасауына жол бере алмаймыз. АҚШ орыстармен бұл туралы не келіскені әзірге маған белгісіз. Бірақ бұл – біздің станциямыз! Ресей қазір Запорож АЭС-ін алуға жанын салуда. Олар тіпті, бұл дауға МАГАТЭ-ні араластырмақ. МАГАТЭ – салмақты халықаралық институт және олар осыған дейін бізді жерге қаратқан жоқ. Алдағы уақытта да осылай болады деп сенемін», - деді.
Зеленский: «Путин Курскіде біздің жауынгерлеріміз қоршауда қалды деп соғып отыр. Бұл өтірік. Және біздің сарбаздарымыздың қайда шегінетінін, қалай шегінетінін Путин шешпейді! Біз Курскі операциясы арқылы еліміздің шығысында күшімізді арттырдық. Сондықтан, Курскі операциясы өз миссиясын орындады деп есептеймін. Біздің сарбаздарымыз бір аумақтан шегініп шықса, ол тұра қашты деген сөз емес. бір жерден шықса, екіншісіне кіреміз», - деді.
Украина президенті Зеленский: «Путиннің Украина мобилизациясын тоқтатып, әскери көмекті доғаруды талап ету – Украина әскери тұрғыдан әлсірету үшін қойылып отырған талап қана! Путиннің Украина соғыс басталған алғашқы кезде қойған талаптары мүлде өзгерген жоқ», - дейді.
МАКРОН: ЕУРОПА ЖАППАЙ ҚАРУЛАНУЫ КЕРЕК!
Франция президенті Макрон мен Германия канцлері Шольц те Трамп пен Путиннің әңгімелесуіне қатысты пікір білдірді. Еуропадағы қос лидер бұл әңгімелесулерге оң баға бере отырып, «бейбітшілік орнатуға жасалған қадам» деп бағалады.
Десе де, Франция президенті Макрон: «Еуропа жаппай қарулануы тиіс. Ресей тарапынан Еуропаға төніп тұрған қауіп үдемесе, сейілген жоқ. Ал Украина Еуропада бізге толықтай сенім арта алады. Біздің Украинаға қатысты позициямыз өзгерген жоқ», - дейді.
ГЕРМАНИЯ ҚАРУЛАНАДЫ: ТАРИХИ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ!
Ал Германия өз кезегінде тарихи шешім қабылдап, Бундестаг шығыстарға шектеулер мен өсіп келе жатқан бюджет тапшылығын жою туралы тарихи заң жобасын мақұлдады. Енді бұл құжатты Бундестаг ратификациялауы керек.
Егер бұл жүзеге асса – Германия қорғаныс шығындарына қойылған шектеулерді толықтай алып тастайды деген сөз! Германия армия мен барлауды қаржыландыруға, оның ішінде Украинаға көмек көрсетуге шектеусіз ақша жұмсай алады. Сондай-ақ Германия құны 500 миллиард еуро болатын арнайы инфрақұрылымдық қор құрмақ.
Mezgil.kz