Ауыл маңындағы танктер: Украина Белгород облысына басып кірді ме?

Ресейлік ақпарат көздері Украина әскерінің соңғы екі күнде Белгород облысына шабуылды үдеткенін айтып, дабыл қағуда.


Война против Украины: Боррель призывает усилить оборонную промышленность в  Европе - EU NEIGHBOURS east

 

Ресейлік әскери корреспондент Юрий Котенок Украина әскерінің Белгород облысындағы Графовка және Демидовка елді-мекендеріне шабуыл жасауға талпынғанын айтты. Оның ақпаратынша Украина әскері үш танк және бірнеше жеңіл бронды көлікпен шекарадан өтіп, Ресей аумағына 1 шақырымдай ішкері кірген. «Ресей әскері қарсыласты тоқтата білді» дейді ол.

 

«ZАПИСКИ VЕТЕРАНА» атты ресейшіл арнаның жазуынша Украина әскері Графовка ауылының маңында шабуылды күшейткен. Артынша арна авторы Украинаның екі танкісі Демидовка ауылының маңына жетіп, ұрыс салғанын растады.

 

Әскери корреспондент Владимир Романовтың сөзінше Украина әскері шабуылға шығар сәтте аймақты артиллериялық соққы астына алып, артынша миналы алқапты тазарту жұмыстарын жүзеге асырған. Украина шабуылда инженерлік техниканы қолданған. Украина әскері Краснояруж ауданына соққы жасағанын аймақ губернаторы Вячеслав Гладков растап, жағдайды «ауыр, алайда толық бақылауда» деп бағалады.

 

Ресейлік «Рыбарь» арнасы Украина әскерінің шабуылын Трамп пен Путиннің арасындағы телефон әңгімесіне кедергі жасау және келіссөзді сәтсіз аяқтауға талпыныс деп жазды. Ресейдің әскери сарапшылары Украинаның шабуылын диверсиялық операция деп бағалауда және ауқымды әскери шабуылдың іске аспағынан айтуда.

 

Украинаның Дезинформацияға қарсы әрекет орталығының басшысы Андрей Коваленко ресейлік ақпарат көздерінің «Украина Белгородқа шабуыл жасауда» деген ақпаратын жоққа шығарды. «Ескі видеоларды өңдеп, қайта салып, шаппаған жауды жеңдік деу Ресейдің сүйікті ісі» дейді ол.

 

Батыстың әскери сарапшылары Белгород бағытындағы шабуылдарды растаған жоқ. Ал майдан даласында тараптар өзара соққы алмасуды күшейткенін айтты.

 

Ресей әскері Купянск бағытындағы шабуылды күшейтіп, Оскол өзенінің оң жағалауындағы плацдармды кеңейтуге тырысуда. DeepState Украина әскерінің Купянск маңында Ресейдің ірі әскери колоннасын талқандаған видеоны жария етті.

 

Покровск маңында Украина әскері үш бағытта шабуылға шығып, қалаға төнген қауіпті азайту бағытында әскери операцияларды іске асыруда. Соғысты зерттеу институтының мәліметінше Успеновка маңында қиян-кескі шайқастар өтуде. Ал Запорож бағытында Ресей әскері шабуыл санын үш есеге арттырған. 


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар