Жаңа елші Майко Қазақстан мен Украинаны жақындастыра ала ма?

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанға елші тағайындап, жіберді. Украина президенті сайтында жарияланған Жарлыққа сәйкес, Бұл қызметке Виктор Майко дейтін адам таңдалған.

1744101398228718.jpg

(Суреттер: akorda.kz, wikipedia.org, )

«Виктор Анатольевич Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалсын», - делінген Зеленский Жарлығында.

Айта кетейік: Украинаның Қазақстандағы елшісі лауазымы бұрынғы елші Петр Врублевскийдің даулы мәлімдемесінен кейін, 2022 жылдың қазан айынан бері босап тұр.

Сонымен, Виктор Майко кім?

Виктор Майко осыған дейін Украинаның Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған.

Майко Днепропетровскі облысының тумасы. Мамандығы бойынша – журналист. 2005-2010 жылдары Түркіменстанда елші болған. Кейін 2014 жылға дейін Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен. Ал 2020 жылы ол қайтадан Түркіменстандағы елшілікті тізгіндеген.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек: Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдан басталады екен. Сол 1992 жылы Қазақстанға Украинаның елшілігі ашылған.

Ал күні-бүгінге дейін Украина Қазақстанға 10 адамды Төтенше және Өкілетті елші етіп тағайындаған. Ең соңғысы Петр Врублевский болған. Врублиевский 2020-2022 жылдар аралығында қызмет істеген. Ал Қазқастанда ең ұзақ уақыт елші болған – Виктор Богатырь. Ол 1994-1999 жылдар аралығында Қазқастан мен Украина дипломатиясына жауапты өкіл болған.

Тақырыпқа тұздық: Виктор Майко Түркіменстанда елші қызметін атқарып жүргенде маңызды мәлімдеме жасаған. Ол – Транскаспий бағытын дамыту және оған Украинаны қатыстыру туралы мәлімдеме болатын.

«Орта дәліз» аталып кеткен Транскаспий бағыты – Қазақстанның Ресей маршуртына балама ретінде жүзеге асырып отырған жобасы екені белгілі. Ал Ресеймен күрделі логистикалық «байланыстары» бар және Транскаспий бағытына қосылуға мүдделі дейтін Украинаның дәл Виктор Майконы Қазақастанға елші етіп таңдауы тегін болмаса керек.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар