Тәжік оппозициясы уақытша үкімет жасақтамақ

Тәжікстанның оппозициясы «уақытша қуғындалған үкімет» жасақтайтынын айтты. Ол Еуропада орналаспақ және Тихановская жасақтаған үкіметтің үлгісінде болмақ. Бұл туралы Тәжікстанның «Тәжікстандағы реформалар мен даму» атты оппозициялық қозғалысы мәлімдеді.


Эмомали Рахмон с рабочим визитом отбыл в город Москву Российской Федерации  - Новости Таджикистана - Avesta.tj

 

«Тәжікстандағы реформалар мен даму» оппозициялық қозғалысының басшысы Шарофиддин Гадоев мұндай саяси қадамға барудың өзектілігі артқанын айтуда. Оның сөзінше Тәжікстанның қазіргі билігі мемлекетті саяси, құқықтық, гуманитарлық және экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Ол Рахмон билікті узурпациялап, Тәжікстанды толық иемденіп алған және өзінің жақындарын биліктің түрлі тармақтарына отырғызған деп санайды. Бұл туралы «Настоящее время» сайтына берген пікірінде мәлімдеді.

 

«Қуғындағы уақытша үкіметті» жасақтау өте маңызды әрі өзекті болып тұр. Себебі қазіргі үкімет пен билік заңсыз, олар билікті толық узурпациялап алды және экономиканы толық өздеріне бағындырды. Азаматтардың құқықтары ұдайы бұзылуда. Саяси көзқарастары үшін мыңдаған адам темір торға қамалған. Тәжікстан азаматтарының құқығын қалпына келтіру үшін осындай әрекет жасауға тура келіп тұр», - дейді оппозиционер.

 

Душанбе билігі Гадоевтың сөзіне қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Тәжікстанның өзге оппозициялық қозғалыстары да әзірге үнсіз жатыр. Гадоев өзінің жоспарын іске асыру үшін кемі 6 ай қажет деп санайды.

 

Гадоев қуғындалған үкіметті жасақтау үшін алдымен Ұлттық кеңес шақырылу қажет дейді. Ұлттық кеңеске Тәжікстандағы мәселені қаузап жүрген әр белсендінің кіре алатынын айтты. Ол Тәжікстанның ішіндегі белсенділердің аты-жөні жарияланбайтынын мәлімдеді және оны қауіпсіздік мақсатындағы шара деп түсіндірді. Ал Еуропадағы белсенділер БАҚ беттеріне ұдайы шығып, брифингтер беретінін жеткізді.

 

«Қуғындағы уақытша үкіметтің ең бірінші жұмысы Тәжікстанның жаңа конституциясын әзірлеу» дейді Гадоев. Оппозиция серкесінің пікірінше Тәжікстанда не конституциялық реформа жүруі тиіс, не жаңа конституция қабылдануы шарт.


Mezgil.kz

 

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар