Бұл біздің соғысымыз емес: АҚШ келіссөзден шығуы мүмкін!

Күні кеше Франция астанасы Париж қаласында АҚШ делегациясы мен Украина тарапы кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы Украина соғысын аяқтау және дереу арада ұрыс қимылдарын тоқтатуға арналды.


Let's get it done". Политологи объясняют, что стоит за словами Трампа  Путину о мире в Украине и как они могут быть реализованы

(Сурет currenttime.tv сайтынан алынды)

 

Bloomberg басылымының жазуынша АҚШ тарапы Украинада ұрыс қимылдарын алдағы бірнеше аптада түбегейлі тоқтату идеясын ұсынған. Бұл ұсынысты Украина тарапы қабыл алып, ұрыс қимылдарын тоқтатқаннан кейін ғана соғысты аяқтау мәселесіне қатысты өзге сұрақтарды талқылауға болатынын айтқан.

 

Алдағы аптада келіссөздер жалғасын таппақ. АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Украинаның келіссөзшілері Лондонда бас қосады. Сарапшылар Еуропаның келіссөзге қосылатынын айтуда. Осыған дейін АҚШ-Ресей, АҚШ-Украина форматында өткен келіссөздер, ендігі таңда АҚШ-Ресей, АҚШ-Еуропа, Еуропа-Украина, Украина-АҚШ форматында өтпек. Алдағы уақытта Еуропа-Ресей форматындағы келіссөздер де өтуі мүмкін. Өйткені Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты Еуропаны келіссөзге қатыстырмай түбегейлі шешу мүмкін емес. Еуропа елдері Ресейге салған санкция бойынша басымдыққа ие.

 

Париждегі кездесу барысында Еуропа елдері Ресей келіссөзге келмесе Трамп әкімшілігі Мәскеуге қандай қысым жасайтынын да білгісі келді. Франция басшысы Макрон Мәскеумен келіссөз барысында қатаң позицияны ұстануға шақырды.

 

Франция президенті Эммануэль Макрон Х (Туиттер) әлеуметтік желісіне кездесу жайлы былай деп жазды: «Бұл дипломатиялық мобилизация күні. Мен АҚШ-тың Марко Рубио, Стив Уиткофф, Кит Келлог бастаған делегациясына, Украинаның Андрей Ермак, Андрей Сибига және Рүстем Умеров бастаған делегациясына, сондай-ақ Ұлыбританиядан келген Дэвид Лэмми мен Джонатан Пауэлл бастаған топқа, Германиядан келген Йенс Плотнерге алғыс айтып, бүгін Елисей сарайында өткізген нәтижелі пікірталас жүргізгенімізге қуаныштымын.

 

Барлығымыз да бейбітшілікті қалыптастыру жолында жұдырықтай жұмылудамыз. Украинада соғысты аяқтауға қатысты Дональд Трамп ұсынған идеяны бірден қолдаған едік. Бұл Еуропаның бейбітшілікке деген және АҚШ-пен әріптестікке деген шынайы ниетінің көрінісі. Бүгін біз ұрыс қимылдарын тоқтату бойынша және мығым бейбітшілікті қалыптастыру бойынша нәтижелі, қызу пікір алмасу өткіздік.

 

Мен кездесуге дейін де, кездесуден кейін де Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлестім. Келіссөздер алдағы аптада Лондонда жалғасын табатын болады», - деді ол.

 

АҚШ-тың МемДеп басшысы Марко Рубио келіссөздерден кейін тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, бірнеше маңызды мәлімдеме жасады.

 

Рубио былай дейді: «Біз бұл істі апталап, айлап жалғастыруға ниетті емеспіз. Сол үшін де біз тез арада шешуіміз керек, бірнеше күннің немесе аптаның ішінде шешуіміз керек. Егер келісім жасау мүмкіндігі болса, егер жауап «иа» болса, онда біз бұл істі жалғастырамыз. Ал егер «жоқ» деген жауап болса, онда біздің басқа да назарымызды аударатын приоритетті істеріміз бар. Егер соғысты аяқтай алмасақ, онда біздің алға жылжитын басқа бағыттарымыз бар. Бұл біздің соғысымыз емес. Бұл соғысты біз бастаған жоқпыз. АҚШ соңғы үш жылда Украинаға көмектесті, енді біз бұл соғыстың аяқталуын қалаймыз. Президент 87 күн бойы бұл соғысты аяқтау үшін түрлі деңгейде келіссөздер ұйымдастырып, барын салуда. Енді біз соғысты аяқтай аламыз ба, жоқ па деген сұраққа нақты жауап алатын сәтке жеттік. Сол үшін де біз екі тарапты да келіссөзге қосудамыз», - дейді.

 

Париждегі келіссөздерден кейін, Рубио Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавровқа қоңырау шалды. Лавров Ресей тарапының келіссөздерді жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Париждегі келіссөздер барысында АҚШ тарапы Украинаға ұрысты тоқтатуға байланысты жоспарын көрсетті. Киев ол жоспарға өзінің ұсыныстарын енгізген. Аталған жоба ресейлік тарапқа да ұсынылды.

 

Кремль тарапы келіссөздер қарқыны баяу, ал талқыланып жатқан сұрақтар тым күрделі екенін айтуда. Дмитрий Песков «АҚШ тарапы соғысты аяқтауға мүдделі болса, Еуропа елдері соғысты жалғастыруға барын салуда» деп пікір білдірді.

 

Axios басылымы АҚШ-тың Ресей тарапына сәуірдің соңына дейін ұрысты тоқтату бойынша шешім қабылдауға уақыт бергенін айтты. Егер Путин билігі ұрысты тоқтатудан бас тартса, Вашингтон Ресейге жаңа санкциялар салып, мұнай бағасын құлдыратуы мүмкін. Ал кей сарапшылар АҚШ келіссөзден шығып, Украина мәселесін Еуропаға жүктеуді ойластыруда деген пікірде. 


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар