Ядролық апат: Украина неге PLX-R18 өнімін сатып алуда?

The Times of Israel басылымы Украина ядролық апат болған жағдайда Израильдің жылдам әрекет ету терапиясын қолданатынын жазды. Қазіргі таңда Pluri компаниясы Украина билігімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс атқаруда.


В Минздраве напомнили, что делать при радиационной аварии: основные правила  — Delo.ua

 

Ресейден төнген қауіп-қатердің күшеюіне байланысты кейбір шетелдік компаниялар Украинадағы қан банктерімен бірлесіп, радиациялық улануға қарсы дәрілердің қорын жинақтауда. Бұл дәрілік құралдар донорлық плацентадан алынған жасушалар негізінде жасалады. Украинаның қан банкімен серіктестікке биоматериалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, аймақтағы тәжірибелі мамандармен жұмыс істеудің тиімді жолын қалыптастыру кіреді.

 

Чернобыль атом электр станциясындағы радиацияны оқшаулайтын қорғаныс нысанына ресейлік дрон соққы жасағаннан кейін, шамамен екі апта өткен соң, Израильдің биотехнологиялық Pluri компаниясы Украинадағы Hemafund ұйымымен келісімге жасасты. Бұл келісім аясында компания PLX-R18 атты плацентарлық жасушалық терапияны сәулеленуден пайда болатын түрлі ауруды емдеу құралы ретінде сақтау үшін жинақтай бастады.

 

PLX-R18 препараты адамның иммундық және қан түзу жүйелерін қалпына келтіруге көмектесетін ерекше қасиеттерге ие. Ол жоғары радиациялық әсерге ұшыраған адамдарға көмектесу мақсатында әзірленген. Ядролық соққы немесе апаттан кейін түрлі ауру пайда болады. Радиация әсерінен адамның жасушалары өле бастайды. Препарат жасушаларды қалпына келтіруге көмектеседі.

 

Pluri компаниясы соңғы жылдары 3D-технологияны қолданып, жасушаларды өсіру тәжірибесін сынақтан өткізуде. Pluri компаниясы Hemafund қорымен бірлесіп жұмыс істеу барысында қаржыландыру көздерін іздеуде. Қаржылық мәселе шешілетін болса, компания алғашқы партияда 6 мың адамды емдеуге жететін 12 000 доза PLX-R18 препаратын жеткізбек. Аталған дозалар Украинадағы Hemafund қоймаларында сақталып, радиациялық апат болған жағдайда тұрғындарға беріледі.

 

PLX-R18 препараты адамдар мен жануарларда сәтті сынақтан өтіп, өз тиімділігін көрсеткен. Жануарларға жасалған соңғы сынақта, сәулелену әсерінен ауру болған қояндарды емдеу мүмкіндігі анықталды. Препарат салынған қояндардың 97%-ы тірі қалса, препарат салынбаған қояндардың 29%-ы ғана тірі қалған. Бір жыл бұрын АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігі аталған препаратты ядролық апат кезінде қолданатын дәрілер тізіміне қосты.

 

Сарапшылар Украина билігі ұрыс қимылдарына байланысты ядролық апат болуы мүмкін деп сескенетінін айтты. Ресей әскері дрондар мен зымырандарды жиі пайдалану арқылы, Украинаның АЭС-теріне қауіп төндіруде.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар