Коронавирус қайта оралды: Азия елдері дабыл қағуда

Коронавирус әлем елдерінде қайта белең алып, өрши түсті. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды. 5 жыл бұрын адамзатты әуреге салған індет Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында қайта соққы жасауда.


В ВОЗ сообщили о смерти от коронавируса в Европе каждые 17 секунд — РБК

 

Бір айдың ішінде Гонконг және Сингапурде коронавирус жұқтырушылар саны артқан. Аталған елдердің басшылары аурудың кезекті толқыны басталды деген пікірде. Гонконг пен Сингапурде коронавирустан көз жұмғандар мен ауыр күйде ауруханаға жеткізілгендер саны елесеп артып, соңғы жылдары болмаған көрсеткішке жетті.

 

Гонконгте Covid-19 вирусын жұқтыруы мүмкін деген себеппен тапсырылған тесттердің басым көпшілігі оң жауап көрсеткен. Жергілікті ақпарат көздері вирус наурыз айының орта шегінен бастап үздіксіз артып келеді дейді. Бір апта ішінде ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгендер мен көз жұмғандардың саны 31 адамға жетті. Гонконгта вирус су көздерінен табылуда. Вирусты жұқтырушылардың басым көпшілігі егде жастағылар мен вакцина алмағандар саналады.

 

Сингапур еліндегі жағдай да күрделі. Бір апта ішінде вирус жұқтырғандар саны 14 мың адамға жетті. Ал ауруханаға жеткізілгендер саны 30%-ға артқан. Сингапурдың Денсаулық сақтау министрлігі араға бір жыл салып статистиканы қайта жаңартты. Bloomberg басылымы Денсаулық сақтау министрлігі жағдай нашарлаған сәтте статистиканы жаңартатынын жазды. Жаңа статистикада вирусты жұқтырушылар саны пайыздық көрсеткіште артқаны айтылады.

 

Дей-тұра Сингапурдың денсаулық сақтау министрлігі халық арасында вирус жұқтырушылар саны артса да, жаңа штаммдар аса қауіпті емес деген пікірде. Мамандар вирус жұқтырушылардың артуы әлемдегі сақтық шараларының жеңілдетілуімен байланысты екенін айтты. Тест тапсыратындар, вакцина алатындар және маска тағатындар саны еселеп азайған.

 

Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны өзге елдерде де байқалады. Мысалы Қытайда сәуір айында вирус жұқтырғандар саны екі есеге артқан. Ал Таиландта вирус жұқтырғандар саны сәуір айындағы «Сонгкран» ұлттық фестивалінен кейін көбейген.

 

Әлем бойынша COVID-19-ды 774 миллионнан астам адам жұқтырып, 7 миллионнан астамы көз жұмды. Қазіргі сәтте әлемде 22 млнға жуық адамнан вирус анықталып, ем алуда. Қазақстанда 1,5 млн адам вирус жұқтырып, 20 мыңға жуық адам көз жұмды.


Mezgil.kz

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар