Ол сізді алдап жүр: Путин Украинаның 4 облысын толық жаулап алмақ!

16-мамыр күні Ыстамбұл қаласында Ресей және Украина делегациясының арасында келіссөз өтті. Келіссөздің негізгі тақырыбы ұрыс қимылдарын кемі 30 күнге тоқтатуға арналды. Алайда Ресей тарапы аталған бастаманы қолдаған жоқ және ұрыс қимылдарын тоқтату үшін бірқатар талап қойды. Талаптың бірі ретінде Украина билігі Херсон, Запорож және Донбасстан әскерін әкетуі тиіс деді. Тараптар бұл сұрақ бойынша келісе алмай, тек тұтқын алмасу бойынша мәмілеге келді.


Путин и Трамп заявили, что готовы к переговорам - LRT

 

Сарапшылар Ресей билігі ұрыс қимылдарын тоқтатуға келіспейтінін айтуда. Себебі Мәскеу аталған төрт облысты толық оккупациялауға ниетті және аталған оккупацияны толық іске асырмай ұрысты тоқтатуды ойламайтынын жазуда. Соғысты зерттеу институты (ISW) Ресейдің жазда ауқымды шабуылға шығуға дайындалып жатқанын жазды.

 

Bloomberg басылымы Ресей президенті ұрыс даласында жеңіске жетеріне сенімді дейді. Дүйсенбі күні Ресей басшысы мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлеспек.

 

«Владимир Путин өзіне сенімді. Ол жыл соңына дейін Украинаның шығыстағы қорғаныс шебін бұзып өтеріне нық сеніммен қарайды және 4 облысты толық жаулап алғанша соғысты тоқтатуға ниетті емес. Бүгін екі ел басшысы телефон арқылы сөйлескен сәтте Путин осы позиция тұрғысынан пікір алмаспақ. Демек ол Дональд Трамп алдында қандай да бір үлкен жеңілдікке баруы екіталай», - дейді басылым сарапшылары.

 

Карнеги Қорының сарапшысы Майкл Кофманның пікірінше «Ресей ұрыс қимылдарын тоқтатуға мүлде мүдделі емес». Сарапшының пікірінше «Путин ұрыс қимылдарын тоқтатуға әзірміз, келіссөзге дайынбыз» десе де, шындығында ұзаққа созылған соғысқа дайындалып жатыр.

 

Кремльмен жақын байланысы бар саяси кеңесші саналатын Сергей Марков былай дейді: «Трамп Путиннің ұрыс қимылдарын тоқтатып, келісімге келгенін қалайды. Алайда Путин оны қаламайды. Сонымен бірге Путин келіссөздерді де үзгісі келмейді. Ол ұрыс қимылдарын тоқтатпастан келіссөз жүргізе беру форматын таңдауда», - дейді.

 

Ақ үйдің сарапшылары да Путиннің бұл әрекетін әшкерелеуде. Жұма күні Ыстамбұлдағы келіссөздерден кейін Еуропа басшылары Трамппен сөйлесті. Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Трампқа Путиннің жоспары жайлы айтып, «ол сізді алдап жүр» деп пікір білдірген.

 

Украина президенті Владимир Зеленский де Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Украинаның ұрыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін, алайда Ресей тарапы қарсылық танытып жатқанын айтты. Зеленский «Ресей келісімге келмесе, Мәскеуге ауқымды санкция салуға» шақырды.

 

Соғыс сарапшысы Бен Барри былай дейді: «Путин ұрыс даласында өз мақсатына жетемін деп ойлайды. Ол Украинаның қорғанысы толық күйрейді деп топшылауда. Ондай сәтте ұрыс даласында айқын басымдыққа ие болар еді. Алайда бұл сценарийдің іске асуы екіталай. Соғыс бір жақтың нақты басымдығына қарағанда, позициялық соғысқа әлдеқайда жақын», - депті.  

 

АҚШ келіссөздер арқылы ұрыс қимылын тоқтата алмаса, Ресейге ауқымды санкция салуы мүмкін екенін айтуда. МемХатшы Марко Рубио CBS арнасына берген сұхбатында былай деді: «Біз екі ай бойы үздіксіз ресейліктерді ескертіп келдік. Егер келісім болмаса, онда санкция салынатынын айттық», - дейді.


Mezgil.kz

 

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар