Үкімет мүшелерімен болған кеңесте Ресей президенті Владимир Путин Украинамен шекарада буферлік қауіпсіздік аймағын құру туралы тағы да мәлімдеді. Ресей көшбасшысы буферлік аймақ Брянск, Белгород және Курск облыстарын қорғау үшін құрылатынын атап өтті.
(Сурет: telegraf.com)
Ресей президенті атап өткен бұл өңірлер Украинаның Харьков, Сумы және Чернигов облыстарымен шекараласады.
Ресейдің шекара маңындағы аудандарын Украина шабуылынан қорғау үшін қажет деген лепесте: «Ресей әскерилері Украинамен шекара бойында «буферлік қауіпсіздік аймағын құру үшін жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.
«Шекара бойында қажетті буферлік қауіпсіздік аймағын құру туралы шешім қабылданды. Біздің қарулы күштеріміз қазір бұл міндетті шешіп жатыр. Дұшпанның атыс орындарын әбжілдікпен жою үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Путин.
Анығы: Буферлік аймақ құру – уақытша құбылыс. Бірінші кезекте ол – президенет Путин бұрын айтқан соғыс мақсаттарының бірі болып таблатын, Украинаны демилитаризациялауды орындауға бағытталған қадам.
Буферлік аймақ дегеніміз не?
Буферлік аймақ әртүрлі облыстарды ажыратуға арналған аумақ болып табылады. Көбінесе мұндай аймақтар халықаралық қатынастарда жанжалдасушы тараптар арасындағы шиеленіс деңгейін төмендету және тікелей соқтығысу мүмкіндігін болдырмау мақсатында пайдаланылады. Бұдан басқа, буферлік аймақтар санитариялық-эпидемиологиялық немесе экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ мәдени және тарихи маңызы бар объектілерді қорғауды қоса алғанда, өзге де мақсаттар үшін ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ Ресейдің пиғылы мүлдем бөлек!
Буферлік аймақты құруға қанша уақыт кетеді?
Өз кезегінде ресейлік «Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко: «Буферлік аймақты құру - жылдам процесс емес. Бәрі де қақтығысушы тараптардың күштерінің арақатынасына байланысты. Бұл қарсыластың адам күші мен әскери әлеуетін ескере отырып, РФ Қарулы Күштерінің осы міндетті шешу мүмкіндіктерінің нақты арақатынасын айқындайтын болады. Сондықтан осы міндетті шешу үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт бөлінеді», - дейді. Оның айтуынша, буферлік аймақ бір аптада да, бір айда да пайда болмайды.
Украина Путиннің «буферлік аймағына» өз пікірін білдірді
РФ президенті Владимир Путиннің «буферлік аймақ» туралы мәлімдемесі бейбітшілікке басты кедергі – Ресей екенін дәлелдейді. Украинаның Сыртқы істер министрлігі осылай деп есептейді.
Украина СІМ-інің спикері Георгий Тихий журналистерге берген түсініктемесінде: «Путиннің бұған дейін де осындай мәлімдемелері айтылған. Бұл сөздер дәл осы Путин, дәл осы Ресей қазіргі бейбіт күш-жігерге кедергі болып табылатынын және дәл соларға Ресей мен Путинді бейбітшілікке және ұзақ мерзімді оқ атуды тоқтатуға мәжбүрлеу үшін барлық түрдегі қысымды күшейту қажеттігін айқын дәлелдейді. Ал «буферлік аймаққа» келетін болсақ, Ресей аумағында «буферлік аймақ» болуы мүмкін, сондықтан да Украина былтырдан бері онда операция жүргізіп келеді», - деп мәлімдеді.
Mezgil.kz