АҚШ: Путин Украинаны түгел жаулауды ойласа – Ресейді күйретеміз!

АҚШ-тың арағайындық жасап, қос тарапты келіссөз үстеліне күштеп отырғызуға тырысып жатқанына қарамастан, Ресей 25 мамырға қараған түнде Украина аспанын аяусыз айғыздады. Жаппай зымыран және дрон соққыларынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Шабуылдар ел астанасы Киевтен бастап, Одесса, Житомир, Хмелницкиі, Николаев секілді өзге облыстарға да жасалған.

1748239820741025.jpg

Ресей бұл жолы шабуылға соққылаушы дрондарды, қанатты зымырандарды пайдаланған. Сондай-ақ, стратегиялық бомбалаушы ұшақтардан Украинаға қарай зымыран ұшырылған. Украинаның барлық аймақтарында баллистикалық қаруды қолдану қаупіне байланысты әуе шабуылы дабылы жарияланды.

ЖАППАЙ СОҚҚЫНЫҢ АСТЫНДА ҚАЛҒАН АЙМАҚТАР

Әсіресе, Киев ресейлік соққылаушы дрондардың жаппай шабуылына ұшырады. Киев қалалық әскери басқармасының мәліметінше, шабуыл кезінде кемінде төрт адам қаза тапқан, кем дегенде 16 адам, оның ішінде үш бала жараланған. Киевте әуе қорғаныс күштері түні-бойы жұмыс істеген.

Хмельницкий облысының билігі 4 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды және азаматтық инфрақұрылымға зақым келгенін хабарлады.

Житомир облысындағы жаппай түнгі шабуылдың салдарынан жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, 3 бала қаза тауып, тағы 12 адам жараланған.

Ресейлік дрондардың Николаев облысына шабуылы салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жараланды. Николаев мэрі Александр Сенкевич ресейлік дрондардың шабуылынан «тұрғын үй секторына келтірілген залал» туралы жазды.

Харьковтің бірнеше ауданында дрондар шабуылынан жарылыс болып, азаматтық инфрақұрылымға, соның ішінде тұрғын үйлерге зақым келді. Шабуыл салдарынан 3 адам зардап шекті, оның ішінде 1 бала бар.

Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығының дерегінше: Ресейлік әскер бұл жолы бір дегенде 14 дана «Искандер-М» және «КН-23» баллистикалық зымырандарын, 266 дана жуық «Шахед» соққылаушы дронын, әртүрлі үлгідегі дрон имитаторларды қолданып, Украинаға соңғы уақыттардағы ең ауқымды соққылардың бірін жасады. 45 дана қанатты зымыранды Украина ПВО-сы әуеде қағып түсірген. Ресей ұзын саны 367 дана әртүрлі типтегі зымыран мен соққылаушы дрондарды қолданып, шабуылдаған. Ресейдің шабуылынан Киевтен бөлек, Киев облысы, Днепропетровскі облысы, Одесса облысы, Донецкі облысы, Харьков облысы мен Запорож облыстарында бейбіт тиұрғындар зардап шеккен.

ПРЕЗИДЕНТ ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН СОҒЫСТЫ ӘДЕЙІ СОЗЫП ЖАТЫР!

Украина президенті Зеленский Ресейдің бұл шабуылдары туралы былай деді: «Ресейдің әрбір осындай террористік соққысы – Ресейге қарсы жойқын және Ресейді есеңгірететін санкция салуға лайықты себеп!

Ресей соғысты әдейі созып жатыр. Күн сайын Украина адамдарын өлтіруде. Әлем демалысқа кеткенімен, соғыс жалғасуда. Соғыс жексенбі, сенбі дегенге қарамайды. Бұны елеусіз қалдыруға болмайды. Американың үнсіздігі, әлемнің үнсіздігі Путинді желпіндіріп отыр.

Әлем Ресей экономикасының осал тұсын жақсы біледі. Соғысты тоқтатуға болады. Ол үшін Ресейге қысымды арттыру керек. Путинді бейбітшілікке мәжбүрлеу керек», - деді.

Украина СІМ басшысы Андрей Сибига: «Бүкіл әлем Путинге бейбіт халықты қыруды тоқтатуды бұйырып жатқанда, Путин керісінше шабуылды үдетіп, бейкүнә балаларды, бейбіт халықты көбірек өлтіруге бұйрық беруде. Бұл бейбітшілік үшін толық, сөзсіз және тұрақты түрде атысты тоқтату қажеттілігін дәлелдейді. Ресей ешқандай шартсыз атысты тоқтатуға көнуі үшін әлем Ресейге қысым көрсетуі керек», - деді.

ТРАМП: ПУТИН ЕСІНЕН АУЫСТЫ!

АҚШ президенті Трамп Ресейдің бұл шабуылдарын қатаң сынап, президент Зеленскийге де сөз сойылын салып қалды.

«Менің Ресей президенті Владмир Путинмен қарым-қатынасыс жақсы еді. Бірақ, оған бірдеңе көрінді. Ол есінен ауысты. Ол жөні-жоқ, еш себепсіз бейбіт халықты өлтірді. Мен солдаттар туралы айтып отырған жоқпын. Зымырандар мен дрондар Украина қалаларын еш себепсіз соққылауда», - деп жазды Трамп.

Трамп егер Путин бүкіл Украинаны басып алуға тырысса, бұл «Ресейдің күйреуіне» әкелетінін айтты. Ол сондай-ақ Владимир Зеленскийдің «еліне ешқандай пайда әкелмейтінін» айтты.

«Оның айтқанының бәрі қиындық тудырады, маған ұнамайды және оның тоқтағанын қалаймын. Бұл соғыс егер мен президент болсам ешқашан басталмайтын еді. Бұл Трамп емес, Зеленский, Путин және Байден арасындағы соғыс», - деп қосты ол.

Mezgil.kz


Пікір жазу(1 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    User* 2025Жыл05Ай27Күні 12:34
    ОТСОСИТЕ ЧЛЕН ЖИДЫ..РОССИЯ  СИЛА!!

    Ұқсас тақырыптар