Бұғатталған бұғаз: Иран Ормузды миналай ма?

Иран мен Израиль қақтығысы ушыққан сәтте, Тегеран Ормуз бұғазын бұғаттайтынын айтуда. Әлемдегі мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін транспорттық торап соғыс алаңына айналса, әлемдік экономикада үлкен төңкеріс болады дейді мамандар.


ormuzskiy-proliv-na-karte.jpg

 

АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) мәліметінше 2023 жылдан бері аталмыш бұғаздан күніне орта есеппен 20 млн баррель мұнай өтеді. Демек, жылына 600 млрд баррель мұнай деген сөз. Бұғаз маңындағы кез келген қақтығыс әлемдегі мұнай жеткізілімдерін азайтып, мұнай бағасын бірден шарықтатып жібермек. Қақтығыс басталған сәттен кейін, мұнай бағасы 5 пайызға көтерілді. "Ал Ормуз бұғазы жабылса, мұнайдың бағасы кемі 120-130 баррель болмақ" дейді қаржыгерлер. 

 

Ормуз бұғазының бұғатталуы қақтығысқа өзге де тараптарды араласуға итермелеуі ықтимал. Араб елдері мен АҚШ бұғазды ашу үшін қарулы қақтығысқа кірісуі мүмкін дейді сарапшылар.

 

Иран бұғазды жабу үшін бірнеше әрекетті іске асыруы мүмкін. Бұғаздан кемелерді өткізу ережесін өзгерту, бұғаздан өтетін кемелерді тексеруді күшейту, кемелерге ескерту мақсатында оқ ату, жекелеген кемелерді тәркілеу, бұғазды теңіз миналарымен миналау, бұғаз маңында әскери кемелер санын арттырып, бұғазды толық жабу әрекеттерін іске асыруы мүмкін.

 

Иран-Ирак соғысы (1980-1988) кезеңінде Тегеран Silkworm зымырандарын қолданып, Ормуз бұғазын бұғаттауға тырысқан болатын. Зымыранның бірі АҚШ-тың Samuel B. Roberts әскери кемесіне тиіп, АҚШ Иранға соққы жасады.

 

Иран билігі қақтығыс ушыққан сәтте, жылдам қозғалатын кемелер арқылы бұғазды миналауды ойластыруда. Алайда бұл Иранның өзіне де экономикалық тұрғыдан соққы болар еді. Иран мұнайын сатып алушы елдің бірі Қытай саналады және Бейжің мұнайды аталған бағыт бойынша тасымалдайды. Бұғаздың бұғатталуы Бейжіңнің экономикасына соққы жасайды.

 

Ормуз бұғазы арқылы Сауд Арабиясы күніне 6 млн баррель мұнай жөнелтеді. Бұғаздың бұғатталуы Саудия экономикасын да есеңгіретінін болады дейді мамандар.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар