Bloomberg: Бірнеше күнде АҚШ Иранды бомбалауды бастауы мүмкін!

АҚШ билігі Израиль бастаған Иранға қарсы әскери операцияға қосылуы мүмкін. Ақ үй «Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери операцияға қосылу мәселесін екі апта ішінде анықтайды» деп мәлімдеді. Алайда сарапшылардың пікірінше, Вашингтон алдағы бірнеше күнде Иранға соққы жасауды бастауы ықтимал.


СМИ: Трамп пока воздержался от начала операции против Ирана - РИА Новости,  19.06.2025

 

Bloomberg басылымының ақпаратынша, АҚШ билігі Иран мен Израиль арасындағы эскалацияны бірнеше мәрте жабық жиында талқылаған. Президент Трампқа кеңесшілері көптеген ұсыныстар жасаған және оның ішінде әскери нұсқалар да жеткілікті.

 

Bloomberg-ке есімін жасырып, пікір білдірген АҚШ шенеуніктерінің кейбірі «Вашингтон Иранға қарсы операцияларға 21-22 маусымда қосылуы мүмкін» дейді. АҚШ-тың биржалары қақтығыстың ушығуына дайындалуда. Алайда соңғы әрі нақты шешімді Трамп қабылдайды. Сарапшылар Трамп қақтығысқа араласпай, уақыт созу арқылы, психологиялық қысым жасап, Иран билігін келіссөзге отырғызып, қиын шарттарға көндіруді көздейді.

 

CBS News мәліметі бойынша, Трамп 17-маусым күні Иранның Фордо ядролық кешеніне соққы жасау идеясын қолдаған. Дегенмен соңғы бұйрық берілген жоқ. Ақ үй басшысына әскерилер мен қаржыгерлер жағдайдың өзгеруіне қатысты түрлі сценарийді ұсынуда. АҚШ-тың қақтығысқа ықтимал араласуының салдары жан-жақты саралану үстінде.

 

«Трамптың ойынша Иранның ядролық бағдарламасын түбегейлі жою үшін Фордодағы ядролық нысанға соққы жасауға тура келеді. Ол соққы жасау нұсқасын таңдауы мүмкін», - дейді CBS.

 

The Guardian басылымының жазуынша, АҚШ президенті жер астында орналасқан Фордо кешенін жоюда 13,6 тонналық GBU-57 бомбасының эффективтілігіне күмән келтіруде. Ал Пентагонның кей сарапшылары кешенді түбегейлі жою үшін тактикалық ядролық қару қолдану идеясын ұсынған. Трамп ол идеяны қабыл алмады.

 

Ресми мәлімдемелер барысында Трамп нақты позициясын білдірген жоқ. Ол әскери нұсқаны да, келіссөз форматын да жоққа шығармады. «Мен нақты шешімді бірнеше секунд ішінде қабылдауым мүмкін. Өте жылдам арада. Шешімнің қандай боларын ешкім білмейді», - дейді Трамп.


Mezgil.kz

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар