НАТО: Ресеймен соғыс болса Калининградты әп-сәтте жойып жібереміз!

АҚШ-тың Еуропа және Африкадағы құрлық әскерінің қолбасшысы Кристофер Донахью бірқатар мәлімдеме жасады. Ол Ресейдің Еуропа елдеріне шабуыл жасауы Мәскеу үшін үлкен катастрофамен аяқталатынын айтты.


Нападение россии на НАТО – сценарий войны между россией и НАТО в 2025 году  разработали в Минобороны Германии » Слово и Дело

 

Қолбасшы Кристофер Донахьюдің ойынша Ресей тарапынан қауіп төнетін болса, НАТО елдері Ресейдің Калининград облысын аз уақытта басып алуы мүмкін. «Калининград аймағы кішкентай. Облысты НАТО елдері қоршай орналасқан. Бүгінде біздің және одақтастарымыздың күші аталған анклавты жер бетінен жылдам жойып жіберуге жетеді», - дейді ол. Бұл сөздерді Донахью Висбаденде өтіп жатқан конференцияда айтқан.

 

Оның сөзінше НАТО елдері шығыс шепті күшейту стратегиясын іске асыруда. Стратегия бойынша альянстың құрлық күштерінің саны артуда, қорғаныс кешендері жаңа деңгейге көтерілуде. Шығыс Еуропа елдері Ресейдің ықтимал шабуылына төтеп беру үшін әуе қорғаныс жүйелерін, зымыран ату кешендерін арттыруда.

 

НАТО сарапшылары Ресей тарапынан альянсқа шабуыл 5-7 жылдың ішінде іске асуы мүмкін деп болжайды. Германия Барлау қызметінің болжамынша, Ресей Балтық елдеріне «орыстілді ортаны қорғау» деген сылтаумен шабуыл жасауы мүмкін.

 

НАТО Ресейдің Шығыс Еуропадағы қаупін ескеріп, әскери жаттығулар ауқымын арттыруда. 2024 жылы Steadfast Defender («Берік қорғаушы») жаттығуы өтті. Жаттығу 1988 жылдан кейінгі ең ауқымды жаттығу болып тіркелді. Жаттығуға 90 мың сарбаз, 50 кеме, 80-нен астам ұшақ пен тікұшақ, 1100 бронды техника қатысты. Жаттығу Еуропа құрлығын тұтас қамтыды.

 

НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Ресей тарапы НАТО елдеріне шабуыл жасаса, НАТО күйрете соққы жасайтынын айтқан болатын.

 

Сарапшылар Ресейдің Сувалк дәлізіне шабуыл жасау ықтималдылығы жоғары деп санайды. Аталмыш дәліз Польша мен Литва арасындағы шекара бойында орналасқан. Ұзындығы 70 шақырымды құрайды. Бұл аймақ географиялық тұрғыдан НАТО-ның ең осал тұсы саналады. Мәскеу Сувалк дәлізі арқылы Калининградқа құрлықтық жол ашуды ойлауы мүмкін дейді сарапшылар.

 

Бұл дәліз Балтық елдері (Латвия, Литва, Эстония) мен қалған Еуропа елдері арасындағы жалғыз құрлықтық қатынас жолы саналады. Егер Ресей мен Беларусь бұл дәлізді басып алса, Балтық елдері НАТО-дан оқшауланып қалуы мүмкін.

 

2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін, Сувалк дәлізіне қатысты алаңдаушылық күшейді. НАТО бұл бағыттағы қорғанысын нығайтуды бастады. Польша мен Литва шекарасында әскери жаттығулар саны артты. Ал Ресей билігі НАТО-ға шабуылдау жоспары жоғын айтумен келеді.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар