АҚШ: Еуропа елдері Қытай мен Үндістанға тарифті 100 пайызға көтерсін!

Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты, Еуропа елдері Мәскеуге санкциялық қысымды күшейтуді қарастыруда. ЕО Мәскеуге қарсы 19-шы санкциялық пакетті әзірлеуде және аталған санкцияларға АҚШ билігі де қосылғанын қалайды.


Лидеры ЕС подтвердили необходимость увеличения расходов на оборону - РИА  Новости, 26.06.2025

 

АҚШ президенті Дональд Трамп «Ресейдің мұнайын сатып алу арқылы Путиннің соғыс машинасын қаржыландырып отыр» деген айыппен Үндістанға енгізілген тарифтерді көтерді. Үндістан билігіне енгізілген тарифтер 25 пайыздан 50 пайызға артты. АҚШ дәл осындай тарифтік саясатты Еуропа билігі де ұстануы тиіс деп санайды.

 

Financial Times басылымы АҚШ-тың Еуропаға қатысты ұстанымын жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп ЕО-дан Қытай мен Үндістанның тауарына тарифті 100 пайызға көтеруді талап еткен. Аталған екі мемлекет Ресейден мұнай мен газды көп көлемде сатып алуда. Сол үшін бұл елдерді Ресей билігінің соғысын жақтаушы актор ретінде танып, оларға қарсы қысымды арттыру керектігін мәлімдеген. Ақ үй басшысы бұл туралы ұстанымын АҚШ пен Еуропа өкілдерінің кездесуінде айтқан. Бір күн бұрын Вашингтонда Ресейге қарсы санкцияларды талқылау үшін АҚШ-Еуропа делегациясының басқосуы өткен еді. Міне, осы басқосу барысында Трамптың ұсынысы айтылды.

 

FT басылымының мәліметінше, егер Еуропа елдері Қытай мен Үндістанға 100 пайыздық тариф енгізетін болса, АҚШ билігі де аталған елдерге тарифтерді көтеруге әзір екенін анық айтқан.

 

АҚШ шенеуніктері Еуропа Қытай мен Үндістанға қандай тариф енгізсе, АҚШ сол тарифтерді қайталайтынын айтты.

 

«Президент сөз сөйледі. Ол Украина-Ресей соғысы жайлы айтты. Оны тоқтату туралы ойын ортаға салды. Оның ойы былай еді: Еуропа мен АҚШ бірлесе отырып бір мезетте Қытай мен Үндістанға тариф енгізу. Бір мезетте. Қытай ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатқанша, бұл санкцияларды сақтау қажет болады. Ресей Қытай мен Үндістаннан басқа елге, өте көп көлемде мұнай сата алмайды», - дейді FT басылымына пікір білдірген Ақ үй өкілі.

 

FT басылымының ақпаратынша, Еуропа елдері Үндістан мен Қытайға санкция салуды расымен де талқылап жатыр. Алайда Бейжің мен Нью-Делидің қарсы реакциясы қалай боларын да бағамдауда. Аталған екі елмен ЕО тығыз экономикалық байланыс орнатқан.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар