Еуропаны соғыс елесі кезіп жүр: Белгісіз дрондар қайдан келді?

22 қыркүйек күні Еуропаның бірқатар елінің әуе кеңістігінде белгісіз дрондар пайда болды. Белгісіз дрондар әуежйлардың қызметіне кедергі жасаған.


В Краснодарском крае перехвачены 8 украинских дронов за ночь | 25.07.2025 |  Краснодар - БезФормата

 

Копенгагендегі «Каструп» және Ослодағы «Гардермуэн» әуежайлары Еуропадағы ең үлкен әуежайлардың қатарында. Аталған әуежайлар күн сайын ондаған мың адамға қызмет көрсетеді. Белгісіз дрондар қос әуежайдың үстінде байқалып, әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатты.

 

Дания полициясының басшысы Йенс Йесперсен дрондардың қайдан келгенін білмейтінін айтты. «Алайда бұл дрондарды өте тәжірибелі операторлар басқарғаны анық және олардың кім екенін әзірге білмейміз» деді ол.

 

Украина президенті Владимир Зеленский дрондарды «Ресейге тиесілі» деп мәлімдеді. Бірақ қандай да бір дәлел келтірген жоқ. Қазіргі сәтте Дания билігі тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Норвегия астанасы Осло қаласындағы «Гардермуэн» әуежайының үстінде де белгісіз дрондар байқалған. Әуежай ұшақтарды ұшыру немесе қабылдауды үш сағатқа тоқтатты.

 

Данияның әуе кеңістігіндегі белгісіз дрондар бірнеше бағыттан келген. Дрондарды атып түсіру операциясы жүргізілген жоқ. Полицияның болжамынша дрондар кемеден ұшырылуы мүмкін. Белгісіз дрондар бірнеше сағат барлау жасап, артынша көзден таса болған. 

 

Данияның премьері Метте Фредериксен дрондарға Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайтынын айтты. Былай дейді: «Мен бұл дрондардың Ресейге тиесілі болу нұсқасын да жоққа шығармас едім. Біз Польшаның әуе кеңістігіндегі дрондарды көрдік. Румыния бағытында да дрондар байқалды. Эстонияның әуе кеңістігі де бұзылды. Демалыс күндері Еуропа әуежайларына жаппай хакерлік шабуылдар да жасалды. Енді міне, дрондар Дания мен Норвегия аспанында байқалуда. Бұның бәрі стратегиялық нысандарға қасақана жасалған шабуыл болуы мүмкін», - дейді ол. Песков бұл мәлімдемеге жауап қатып, мәлімдемені «негізсіз» деп атады.

 

Копенгаген 31 рейсті өзге әуежайларға бағыттауға мәжбүр болған. Ал қалған 100 рейс кейінге шегеріліп, 20 мың жолаушының жоспары бұзылған. Осло әуежайы да үш сағатқа жабылған.

 

Бұған дейін Польшаның аумағына Ресей дрондары түскен болатын. Сарапшылар «қазіргі сәтте Еуропа аумағын соғыс елесі кезіп жүр» деп жағдайды сипаттады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар