«Украина жерін толық қайтара алады»: Трамп пен Зеленский Мәскеуге шабуылдай ма?

Украина Президенті Владимир Зеленский 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Екеуара соғысты тоқтату, Украинаны әскери һәм қаржылай қолдау секілді өзекті мәселелерді талқы етті.

1758706221405032.jpg

(Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды)

Келіссөз басталар бұрын президент Зеленский бұл кездесуде майдандағы ахуал мен Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін беру, агрессор ел бастаған соғысты аяқтау үшін қажетті қадамдар жайлы талқы болатынын айтқан.

ЗЕЛЕНСКИЙ: МӘСКЕУ АМЕРИКАДАН ҚОРҚАДЫ!

Сонымен Зеленский не деді? Қараңыз:

Украина президенті Зеленский Украинаны майдан даласында қолдауға қатысты: «PURL бағдарламасының арқасында, сіздің (Трампқа қарата) қолдауыңыздың арқасында біз соңғы бірнеше ай ішінде көмек алып келеміз, біздің әскерлер 360² шақырымды басып алып, 1 мыңға жуық Ресей әскерін тұтқынға алды. Әрине, біз тұтқын алмасуды өткізгіміз келеді және сіздің қолдауыңыздың арқасында біз осындай мүмкіндікке ие болдық. Ресей бұл соғысты тоқтатпайынша біз де тоқтамаймыз. Ресей түбі соғысты тоқтатады деп үміттенемін», - деді.

Сонымен қатар, Украина президенті АҚШ пен ЕО қолдауымен Ресейге қысымды күшейту және оған қарсы санкциялар енгізу қажеттігін алға тартты. Зеленский Украина Трамптың жекелеген еуропалық елдер тарапынан ресейлік мұнай мен газды сатып алуды тоқтату идеясын қолдайтынын айтты.

Зеленский: «Бүгін мен президент Трамппен кездестім. Біз белгілі бір идеялар қалай жұмыс істей алатыны туралы әңгімелестік. Мен бұл кездесуге өте ризамын. Біз Америка Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлейді деп күтеміз. Мәскеу Америкадан қорқады және оған үнемі назар аударады», - деді.

Ал бұл кездесудің алдында президент Зеленский Трамптың әлеуметтік желідегі Украинаға қатыстиы соңғы жазбасын «Украинадағы бейбітшілікті жақындататын «үлкен ілгерілеу» деп атаған еді.

«Трамп Украинаны соңына дейін қолдауға ниетті екенін көрсетті. Сондықтан біз енді бұл соғысты тезірек аяқтауға дайын екенімізді түсінеміз. Ол да, мен де, біздің халық да осыны қалайды», - деген Украина басшысы, тек Ресей мен оның «заңсыз президенті» Владимир Путиннің ғана соғысты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.

«Трамп өзі ойын ережелерін өзгертеді. Менің ойымша, ол қазір осы жағдайға жақынырақ. Әлемде ойынды өзгерте алатын ойыншылар көп емес, бірақ Трамп ойын ережесін өзгерте алатын адам», - деді Зеленский.

ЗЕЛЕНСКИЙ: РЕСЕЙ ҚЫТАЙҒА ТОЛЫҒЫМЕН ТӘУЕЛДІ!

Украина президенті: «Қытай қуатты мемлекет, оған бүгінде Ресей толығымен тәуелді. Егер Қытай шын мәнінде бұл соғыстың аяқталғанын қаласа, ол Мәскеуді бұл басқыншылықты тоқтатуға мәжбүрлей алар еді. Қытайсыз Путиннің Ресейі - ештеңе емес. Бірақ Қытай бейбітшілік үшін әрекет етудің орнына үнсіз және шеттетілген күйінде қалып отыр», - деп атап өтті.

Зеленский: «Путиннің өз аудиториясының, радикалды аудиторияның көңілін аулайтын жалғыз жетістігі – бізге шабуыл жасап, бейбіт халықты зымырандармен қиратуы ғана. Сондықтан жаппай АҚШ пен Еуропаның нақты әуе шабуылына қарсы қорғанысын пайдалану жеткілікті емес. Меніңше, егер бізде жеткілікті ПВО болса, онда Путин операциясының мәні жоғалады және ол бізді келіссөздерге жақындатады», - деп атап өтті.

БҰҰ-ның басты мінберінен сөз сөйлеген Украина президенті Зеленский әлем жұртына үндеу жасап, Ресей президенті Путиннің соғыстың аяқталуын кейінге қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын, сонымен бірге қысымнан құтылатынын атап өтті. Ол үшін өзінің «дипломатиялық» күш-жігерін көрсетуге тырысады.

ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН БҰҰ МІНБЕРІНЕ КЕЛУДЕН ҚОРҚАДЫ!

Зеленский: «Мұнда Ресей өкілі бар, бірақ, әрине, нақты шешімдерді қабылдайтын адам емес. Путин Украинамен және әлеммен бетпе-бет отырып, тек соғысқа ғана ұмтылатынын ашық мойындаудан қорқады. Путин келіссөздерге қантөгісті тоқтатқысы келмейтін делегацияларды жібереді. Өзі шетелде – Бейжіңде немесе басқа қалаларда - дипломатия іздеп жүргендей жүреді. Шын мәнінде ойы соғысты соза түсу», - деді.

ТРАМП: РЕСЕЙ «ҚАҒАЗ ЖОЛБАРЫС» БОЛЫП ШЫҚТЫ

Трамп не деді? Қараңыз:

Енді Украин – Ресей соғсына қатысты АҚШ президенті Трамптың пікірілеріне кезек бере кетейік.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын талқылау аясында Трамп Украинадағы кең ауқымды соғыс кезінде агрессор ел табысқа жете алмағанын атап өтті. Ол Ресей көрсеткісі келетін сыртқы күш шындыққа жанаспайды деген метафораны пайдаланды.

«Ресей соғысты тоқтатуы тиіс еді, бірақ 3,5 жыл өтті және келіссөздер алға ілгерілей қойған жоқ. Сондықтан одан не шығатынын көрейік. Бірақ екінші тарап та соғыса алады. Және олар мұны дәлелдеді. Ресей іске келгенде - «қағаз жолбарыс» болып шықты. Мен олардың кім екенін білмеймін, бірақ олар 3,5 жыл бойы соғысып, адамдарды өлтіріп жатыр. Аптасына 7 мың адамды өлтіріп жатыр», - деді Трамп.

Сондай-ақ, Трамп «Truth Social» әлеуметтік желісінде Украинаның өз жерлерін қайтару қабілеті туралы айтқан мәлімдемесін еске алды.

ТРАМП: УКРАИНА БАРЛЫҚ ЖЕРІН ҚАЙТАРА АЛАДЫ!

«Мен шынымен де солай деп ойлаймын. Владимир Путин оған Украина президенті Владимир Зеленскийге оның жерін кері қайтарсын. Сонымен, бәрі қалай болатынын көрейік», - деді АҚШ басшысы.

Трамп «Truth Social» желісінде былай деп жазды: «Мен Украина мен Ресейдегі әскери-экономикалық жағдайды зерттеп, толық түсінгеннен кейін және оның Ресей үшін қандай экономикалық проблемалар тудыратынын көргеннен кейін түйген ойым: Украина Еуропалық одақтың қолдауымен бүкіл Украинаны қайтара алады. Егер уақыт, шыдамдылық және Еуропа тарапынан, атап айтқанда НАТО тарапынан қаржылық қолдау болса, Украинаға осы соғыс басталған бастапқы шекарасын қайтаруға болады.

Ресей үш жарым жылдан бері мақсатсыз соғыс жүргізіп келеді, оны жеңу үшін шынайы әскери державаға бір аптадан аз уақыт кететін еді. Шын мәнінде бұл Ресейді «қағаз жолбарысқа» ұқсатады.

Мәскеуде және Ресейдің басқа да ірі қалаларында, ауылдарында және аудандарында тұратын адамдар, бұл соғыста шын мәнінде не болып жатқанын, ұзақ кезектердің салдарынан оларға бензин алу іс жүзінде мүмкін еместігін біледі. Олардың әскери экономикасында болып жатқан барлық оқиғалар туралы айтсақ, Ресейдегі ақшаның көп бөлігі Украинамен күреске жұмсалады.

Ал Украинаның рухы күшті және оны күшейе түсуде, Украина өз елін бастапқы қалпына қайтара алады, кім біледі, тіпті одан әрі де кете алады! Путин мен Ресейде үлкен экономикалық проблемалар бар, қазір Украинаның әрекет етуі керек. Қалай болғанда да мен екі елге де жақсылық тілеймін. Біз альянс қалағанының бәрін жасай алуы үшін НАТО қаруын жеткізуді жалғастырамыз», - деді Трамп.

Түйін: Трамп пен Зеленскийдің бұл сөздері Ресейлік БАҚ пен саяси кеңістікте ызу-қызу талқылануда. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың «Ресей қағаз жолбарыс» деген сөзіне бұлқан-талқан болып: «Ресей жолбарыс емес. Ал қағаз аюлар ешқашан болған емес», - деп сөйлеп үлгерді.

Ал Ақ үй болса, Трамп пен Зеленский кездесуінің суретін жариялап, Зеленскийді нұсқап: «Ол ержүрек адам және ерлікпен күресіп жатыр», - деп жазды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар