Бүлдірген – Кан. Бүлікші – Ситников. Ал Сәтжан «хейтерлер» деп кімді айыптайды?

Әлгінде Қазақстанда, Алматыда алабөтен форум өтті. Атауы жақсы көрінгенімен, алқа-қотан қонақтарының айтқандары көпшілік көңілін күпті етті.

1760092652584753.jpg

«BeWoman» деп аталатын әйелдер форумын еліміздегі энергетика саласының олигархы саналатын Сергей Канның жұбайы Жанна Кан ұйымдастырған.

Сол жиында аттай қалап алдыртқан спикерлердің бірі – ресейлік коуч Алексей Ситников деген адам болды. Ресейден кімдер келіп, кімдер кетпей жатыр дерсіз. Бірақ, бұл келген Сергей екі ауыз сөзімен елдің наразылығын тудырып кетті.

Форумның дәудей мінберінен Ресей билігінің көрші елдерге қатысты агрессиялық саясатын ақтап, президент Путинді мақтап сөйледі. Қызды-қыздымен келгенде президент Путинді «жеңілмейтін лидер» деп атады.

Әлгі «құрметті қонақ» бір уақта: «Путиннің қайсарлығына, табандылығына қараңызшы, оған қарсы қазір 55 мемлекет соғысып жатыр. Бірақ, Путин бәріне қарсы табандылықпен күресуде. Трамптың өзі Путинді қалай күтіп алғанын көрдіңіздер ме? Трамп Путинді күткендей, басқа ешкімді күткен жоқ. Тұлғаның пассионарлығы ұлтты ғана емес, тұтас әлемді өзгертетін күшке айналады», – деді әсіре мақтанмен.

1760092025547139.png

(Сурет: azattyq.org скрині)

Міне, Қазақстан қоғамының наразылығын тудырған да осы сөздер еді. Жұрт Кремльдің агрессорлық саясатын ашық қолдайтын мұндай сөздердің Қазақстан аумағында айтылуына наразы. Қзаақстанның сергек саналы азаматтары Путиннің басқыншылық соғысын Қазақстанда дәріптеуге қарсы. Және Қарсылық білдіруге құқылы!

Бірақ, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде аты-заты белгілі журналист Динара Сәтжанға бұл қарсылық ұнамапты. Ол «BeWoman» форумын ұйымдастырған Жанна Канды ақтап, тұтас Қазақстанды «хейтерлер еліне айналып бара жатыр» деп, жазба жариялапты.

ДИНАРА СӘТЖАН НЕ ДЕЙДІ?

Сөзбе-сөз (орыс тіліндегі жазба):

«Мне кажется, мы медленно, но уверенно превращаемся в страну хейтеров. Нас как-будто проверяют насколько мы готовы к клевете. Насколько крепко стоим, когда нас «щупают» словом. И самое странное, что часто это делают не чужие. Свои.

Жанна Кан второй год делает форум BeWoman. За свой счет. Без госбюджета, без «освоения». Просто потому, что может и хочет. В прошлом году у нее выступали Мэй Маск и Татьяна Бакальчук. В этом году Познер. 5 тысяч человек пришли по доброй воле. Никого не заставляли покупать билеты. Мы любим считать чужие деньги. При этом, когда кто-то тратит 700 млн государственных тенге на один Комикон - молчание. А когда известная бизнесвумен организует форум - всё шквал: «ярмарка тщеславия», «пиарится», «понаехали». И так интересно, что те, кто чаще всех пишет про мизогинию, сами в ней участвуют. Прям с удовольствием добивают других женщин.

Контент на чужом контенте сегодня стал бизнесом. Жанна выкладывает форум на YouTube, чтобы те, кто не попал, могли услышать умных, продвинутых женщин. А в ответ «контентмейкеры» режут нужные им фрагменты, выдергивают цитаты, и делают контент, на который к ним придет трафик и деньги. Тредс сходит с ума от нового повода для злости. Но злость - это не сила.  Это боль, которая ищет оправдание.

Во всех Эмиратах, включая Дубай на хейт реальный запрет. Закон запрещает любые публичные проявления ненависти, дискриминации, оскорбления или насмешки в адрес других людей.  Потому что там поняли: ненависть разрушает страну изнутри.

А у нас - пиши все, что хочешь. В суды бороться за честь и достоинство пока ходят единицы. Каждый имеет право на свои деньги делать то, во что верит. И каждый имеет право на ошибку. И право быть собой без страха, что тебя завтра разорвут в соцсетях за чужие ожидания», - деп жазды.

1760091808560174.png

(Сурет: Әлеуметтік желідегі жазба скрині)

Қазақстанға танымал медиавумен Динара Сәтжан ханымның жазбасынан екі тұсқа ерекше тоқталғымыз келеді.

БІРІНШІДЕН: Динара Сәтжанның: «Мне кажется, мы медленно, но уверенно превращаемся в страну хейтеров», - деген сөзі туралы айтарымыз –  тұтас мемлекетті мансұқтауға Сәтжан ханымға кім рұқсат берді? Онан соң жұрт Жанна Канның аталған форумды өткізуіне наразы емес, оған шақырылған арнайы қонақтың айтқан пропогандалық насихатына наразы!

Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап бұл соғысқа қатысты өзінің нейтралды позициясын БҰҰ мінберінен білдіріп келеді. Қазақстан оккупацияланған аумақтарды мойындамайтынын айтты. Қазақстан мемлекеттердің БҰҰ тарапынан мойындалған территориялық тұтастығын қолдайтынын керең естіп, соқыр көретіндей етіп танытты.

Ендеше, Алматыдағы алқа-қотан жиында ресейлік әлдебір коучтың (инфосыған) басқыншылық соғысты ашық насихатттауына неге жол берілді? Спикерлердің айтар сөздері, баяндамаларының концепциялары алдын-ала неге екшелмеді? Жұрт осыны білгісі келеді. Ал ол үшін тұтас елді «хейтерлер еліне айналып барады» деп айыптау жөн бе?

ЕКІНШІДЕН: Динара ханым: «Каждый имеет право на свои деньги делать то, во что верит», - дейді. Сонда, Қазақстанның заңдары қайда қалады? Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы теңгерімді ұстанымдары мен принциптері қайда қалады? Сонда бұл «ақшасы бар әркім өз шындығына сүйеніп, қалағанын жасай береді» деген сөз бе? Онда Президент айтатын «заң мен тәртіп» не үшін керек? Динара ханымның бұл сөздерін логика шеңберіне еш сыйғыза алмадық.

Түйін: Үлкен саясатта: «Сыртқы саясат – ол қашан да президенттік саясат» деген сөз бар. Қазақстан Президенті жуырда ғана БҰҰ мінберінен жауласушы елдерге үндеу жасап, агрессияны тоқтатып, территориялық тұтастықты сақтауға шақырды. Бұл біздің соғыс емес екенін, бірақ керек боса, Ресей мен Украина лидерлерінің жүзбе-жүз кездесуін өткізу үшін Қазақстан алаң ұсынуға даяр екенін айтты.

Ал осыдан көп өтпей жатып, ресейлік «инфосыған» Алматыдағы форумда төбе көрсетіп, Кремльдің басқыншылығын ашық қолдап сөйлейді. Мемлекеттік ақпараттық саясатқа кереғар бұл пікірге біздің елде орын жоқ. Осыны айтып наразылық білдерген қоғамға «хейтерлер еліне айналып барамыз» деу әбестік!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар