Кремль Ресей ішінен дұшпан іздеуде: Путиннің басты қорқынышы - төңкеріс!

«Украинамен соғыс салдары экономикалық қиындықтарды туындатып, халықтың наразылығын тудыра бастаған уақытта Ресей президенті Владимир Путин өз билігіне қауіп төне ме деп сескене бастады», - деп жазады британдық «The Telegraph».

1761550356644327.jpg

РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫ ЕСЕҢГІРЕП, ЕС ЖИЯ АЛМАЙ ЖАТЫР...

Ресей азаматтық-саяси қоғамында Путиннің алаңдаушылығын тудыратын себеп-салдарлар барған сайын тереңдеп артып келеді.

Батыс сарапшыларының пікірінше: ЕО мен АҚШ жаңа санкциялар енгізуді жалғастыруда, бизнестің пайыздық мөлшерлемесі жоғары, мемлекеттік қарыз өсуде, тауарлардың бағасы қымбаттауда.

Ал РФ Экономикалық даму министрі Максим Решетников: «Ел экономикасы рецессия шегінде», - тұр деп ескертуде.

«Росстат» мәліметтері бойынша, соғыс басталғалы бері инфляция 40% -дан асқан.

РФ Қаржы министрлігінің болжамы бойынша, 2025 жылы Ресей бюджетінің тапшылығы ЖІӨ-нің 2,6%-на немесе 5,7 трлн рубльге жетуі мүмкін. Билік тапшылықты жабу үшін салықты көтеруге мәжбүр – 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 22%-ға дейін артады және ішкі қарыз алуды едәуір ұлғайтады. Бұл мемлекеттік қарыздың өсуіне алып келеді.

Ресейдің мұнай кірістері төмендеуде. Украина әскерінің Ресейдегі МӨЗ-дерді жаппай соққылауынан бензин бағасы күн санап қымбаттап барады.

Гарвард университетінің Ресейлік және еуразиялық зерттеулер орталығының сарапшылары: «Бұлардан басқа, Ресейде бүгін өткір мәселеге айналып отырған банк дағдарысы қаупін елемеуге болмайды. Әскери кәсіпорындардың қарызы елдің жылдық бюджетінің шамамен 37%-ын құрап, 190 млрд. долларға жетті», - дейді.

АҚШ САНКЦИЯЛАРЫНЫҢ РЕСЕЙГЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Қытайға тәуелділіктің артуы және Батыстың санкциялары Ресейдегі жағдайды ушықтырып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп жақында Ресейдің ірі мұнай компаниялары - «Роснефть» пен «Лукойлға» санкциялдар салды. Осыдан кейін Ресей мұнайының негізгі сатып алушылары Қытай мен Үндістан импортты қысқартты, бұл Кремльдің валюталық кірістерінің құлдырауына қауіп төндіреді.

ПУТИН ТӨҢКЕРІСТЕН ҚОРҚЫП ОТЫР...

Бұл ретте «The Telegraph» басылымы: «Кремль режимі іштен әлсірей бастады. Ал Путиннің басты қорқынышы - мемлекет ішілік төңкеріс. Ресей ФҚҚ Ресейдегі антисоғысшыл комитетті «билікті күшпен басып алуға» айыптаған», - деп жазады.

Басылым 14 қазанда РФ ФҚҚ ЮКОС-тың бұрынғы иесі Михаил Ходорковскийге және соғысқа қарсы комитеттің 22 мүшесіне қатысты елдегі «конституциялық құрылысты өзгерту» мақсатында «билікті күшпен басып алуға» дайындық туралы қылмыстық іс қозғағанын еске салады.

Лондонда эмиграцияда жүрген Ходорковский бұл айыптауды «оппозицияны қорқытуға бағытталған жала жабу» деп атады.

Сарапшылар пікірінше, Кремль қазір Ресей ішінен дұшпандар іздеуге белсенді түрде кірісіп кеткен. Бұл – Путиннің өз билігін сақтап қалудың жанталасы. Ал 2023 жылғы «Вагнер» жорығы Путин режимінің қаншалықты әлсіз екенін әшкерелеп берді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар