Вашингтон сапары басталды: Қазақстан не ұсынады, әлем не күтеді?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

1762412419934211.jpg

(Сурет: Ақорда телеграм арнасы)

Ертең Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Вашингтонға келген сәтінде Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та білім алып жүрген қазақ студенттері жылы қарсы алды. Президент жастармен қысқаша әңгімелесіп, олардың оқу мен өмір жолындағы жетістіктеріне сәттілік тіледі.

1762412448727247.jpg

(Сурет: Ақорда телеграм арнасы)

Саммиттің мәні – жай кездесу емес. Осының алдында АҚШ-тың арнайы елшілері мен мемлекеттік хатшының орынбасарлары Қазақстанға келіп-кетті. Жай келген жоқ. Бұл таңдау Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі драйвер екенін және халықаралық аренада «орта держава» ретінде өзін көрсетіп келе жатқанын білдіреді.

Қазақстанның сауда және инвестициялық әлеуеті де бұл мәртебені айқын дәлелдейді. Орталық Азия елдерінің барлығымен салыстырғанда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі әлдеқайда жоғары, инвестиция көлемі де аймақтағы басқа елдерді едәуір озды. 2024 жылы екіжақты сауда 4,2 млрд долларға жетіп, Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 2 млрд доллар болды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар