Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегациялары ақылдасып, талқылап жатқан бейбіт бітім жоспарының 20 тармағын атап айтты.

(Сурет: gordonua.com)
20 ТАРМАҚТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН?
1)Украина егемендігін ресми расталуы және бекітілуі керек;
2)Ресей мен Украинаның бір-біріне қайта шабуылдамауы туралы келісім жасайды және майдан сызығын бақылау жүйесі енгізіледі;
3)Қауіпсіздік кепілдігі;
4)Бейбіт кезеңде Украина әскерінің саны 800 мыңнан кем болмауы тиіс;
5)АҚШ, НАТО мен Еуропа Украинаға НАТО-ның 5-ші бабына ұқсас үлгіде қауіпсіздік кепілдігін береді. Егер Ресей қайта шабуылдаса оған әскери жауап беріледі және санкциялар қайта күшіне енеді;
6)Ресей Украина мен Еуропаға ешқашан шабуылдамауы туралы кепілдік беріп, оны Ресей заңнамасында бекітуі тиіс;
7)Белгілі бір уақыттан кейін Украина ЕО-ға мүше болады (Украина қазір мүшелікке өту уақытын талқылауда);
8)Украинаның жаһандық даму пакеті әзірленуі керек және бұл үшін жеке инвестициялық келісімдер жасалуы керек;
9)Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру үшін бірнеше қор құрылуы керек. мақсат 800 млрд доллар тарту;
10)Украина АҚШ-пен еркін сауда айналымын енгізу процессін жеделдететі;
11)Украина ядролық қарудан мүде бас тартады және оны заңмен бекітеді;
12)Запорож АЭС-і бойынша компромисс жоқ. АҚШ АЭС-ті үш жақтап басқаруды ұсынуда. АҚШ – басты менеджер болады. Ал Украинаның ұсынысы – АЭС-ті 50/50 формасымен АҚШ пен Украинаның басқаруы;
13)Украина мектептердегі әртүрлі мәдениеттерді түсіну мен толеранттылықты насихаттайтын және нәсілшілдік пен алалаушылықты жоятын білім беру бағдарламаларын енгізу тиіс;
14)Жер мәселесінде ортақ шешім жоқ. Бұл ең күрделі мәселе болып отыр. Бір нұсқада – Ресей Днепропетровскі, Николаевскі, Сумскі, Харьков облыстарынан толық шағады. Ал Донецкі, Луганскі, Запорож бен Херсон облыстарында тараптар қайда келіп тоқтады, сол жерде қалады. Ал Ресей Украинаның Донецкі облысынан толық шығуын талап етуде. Ал АҚШ компромисс ретінде еркін экономикалық аймақ құруды ұсынуда. Егер тараптар майдан шебінде тоқтауға келіспесе, «еркін сауда аймағы» тек референдум арқылы ғана құрылады.
15)Ресей мен Украина бейбіт келісімді әскери жолмен бұзбауға уағдаласады;
16)Ресей Украинаға Днепр өзені мен Қара теңізді коммерциялық мақсатта пайдалануына еш кедергі келтірмейді. Кинбурн бұғазы қарусыздандырылады;
17) «Барлығына барлығы» форматында тұтқындар алмасады. Соның ішінде әскерилер мен қарапайым азаматтар да, балалар да қайтарылады;
18)Келісімге қол қойылғаннан кейін Украина президенттік сайлау өткізуі тиіс;
19)Бұл келісім заңды түрде бекітіледі. Оның орындалуын қатаң бақылайтын «Бейбітшілік кеңесі» құрылады. Оны Трамп басқарады;
20)Тараптар бұл келісімді мақұлдаған сәттен бастап атысты тоқтату режимі күшіне енеді.
Украина президенті Зеленскийдің айтуынша, егер тараптар территория мәселесінде келісімге келе алмаса, аталған бейбіт жоспар референдумға шығарылуы мүмкін. Әсіресе, «еркін сауда аймағын құру» бойынша мәселеде халық өз пікірін білдіруі керек.
Ал Запорож АЭС-іне қатысты компромистік шешім – АЭС-ті АҚШ пен Украинаның бірлесіп басқаруы болмақ. Яғни, өндірілген энергияның 50 пайызы Украинаға беріледі. Ал АҚШ еншісіндегі 50 пайызда Вашингтон кімге, қалай сататы, оны өзі шешетін болады.
Сонымен қатар, егер аталған бейбіт жоспарға қол қойылған жағдайда Украина жаппай мобилизациядан бас тартып, ішінара мобилизацияна ғана қалдыруы мүмкін. Ал елдегі әскери режим келісімге қол қойылғаннан кейін де бірнеше айға ұзартылуы мүмкін.
Украинаның ЕО-ға қосылуына қатысты мәселеде тараптар қызу талқы жүргізуге. ЕО тарапынан нақты және түпкілікті қолдау жоқ. Ал президенттік сайлау елде нақты қауіпсіздік орнаған кезде өтуі тиіс. Яғни, әскери режим алынған соң ғана сайлау өткізу мүмкіндігі қарастырылады.
Әзірге бұл ұсынысқа Ресей тарапынан ресми жауап айтылған жоқ. Алайда, АҚШ пен Украина алықладсып, әзірлеген бұл жоспар Мәскеуге тапсырылған. Аталған құжатты Кремль алғанын да растаған.
Mezgil.kz