Трамп пен Нетаньяху кездесуі: Иран мен Израиль арасында тағы соғыс болады!

АҚШ пен Израиль билігі арасында кезекті келіссөз өтті. Израильдің премьері Биньямин Нетаньяху АҚШ-қа сапарлап, Дональд Трамппен кездесу өткізді. Кездесу барысында Иранның әрекеті, Газадағы қақтығыс және Сириядағы Израильдің әскери операциясы сөз болды.


WhatsApp Image 2025-12-30 at 16.54.52.jpeg

 (Сурет: ЖИ арқылы жасалды)


Келіссөзден кейін, қос тарап тілшілердің бірқатар сұрағына жауап берді. Трамп пен Нетаньяху Таяу Шығысты алаңдатқан мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

СИРИЯ ТУРАЛЫ

 

Нетаньяху: «Біздің басты мақсатымыз Сириямен қауіпсіз шекара орнату. Біз үшін бізбен шектесіп жатқан шекаралардың қауіпсіздігі маңызды. Шекаралас аймақтан жау шаппайтынына, лаңкестер бері өтпейтініне көз жеткізуіміз керек. Біз сонымен бірге біздің қадірлі достарымыз саналатын друздардың да қауіпсіздігін қамтамасыз еткіміз келеді. Одан бөлек өзге аз ұлттардың да, христиандар мен өзге дін өкілдерінің де қауіпсіздігі біз үшін маңызды. Олардың құқығы тек Сирияда емес, тұтас Таяу Шығыста қорғалуы тиіс.

 

Трамп мырза христиандардың құқығы әлем бойынша тапталып жатқанын айтты. Толық келісемін. Әсіресе Таяу Шығыста, Африкада, Нигерияда құқықтары аяқ асты болуда», - дейді.

 

Трамп: «Біздің Сирия бойынша бірқатар мәселеде көзқарасымыз сәйкеседі. Мен Сирияның жаңа басшысын құрметтеймін. Ол өте күшті, мықты адам. Ал дәп қазір Сирияға дәл сондай тұлға қажет. Біз онымен жақсы қатынастамыз. Ол бізбен бір бағытта келе жатыр. Жақында болған ДАИШ-тың шабуылы сәтінде ол біздің жанымыздан табылды.

 

Мен Израиль мен Сирия тіл табысады деп үміттенемін. Мен екеуінің арасында жақсы қатынас орнау үшін барымды саламын», - дейді ол.


Война Израиля и Ирана: итоги первых дней конфликта, последние новости, чего  ждать дальше - KP.RU

 

ИРАН ЖАЙЫНДА

 

Трамп былай дейді: «Иран өзін жаман қырынан көрсетуде. Бұл әзірге толық дәлелденген жоқ. Алайда нақты дәлел пайда болса, олардың жаман әрекеті әшкереленсе, онда бұның салдары өте ауыр болмақ. Салдары тіпті осыған дейінгі шабуылдан да ауыр болады.

 

Мен осыған дейін оларға таңдау еркіндігін бердім (Израиль-Иран қақтығысына дейін). Мен оларға «келісімге келіңдер» дедім. Солай етуді ұсындым. Олар маған сенген жоқ. Бірақ енді олар маған сенуде.

 

Олар әскери әлеуетін арттыруға тыраштанбайды деп үміттенемін. Өйткені, олар солай етсе, онда бізде олардың әскери әлеуетін жоюдан басқа таңдау болмайды. Мен олардың қару жасап жатқанын естідім, бірақ олар ол үшін біз жойған нысандарды қолданған жоқ. Біз олардың не істеп жатқанын, қайда не тасып жатқанын көріп отырмыз. Бәрін білеміз.

 

Олар есін жияр деген үміт бар. Өйткені мен B-2 ұшақтарына тағы да жанармай құртқым келмейді. Ол ұшақтар 37 сағат бойы ұшып, Иранның ядролық нысанын талқандап тастаған еді», - деді.

 

Израиль премьері Нетаньяху Иранның зымыран жасау бағдарламасын жетілдіріп, ядролық бағдарламасын тоқтатпай, үдете түскенін айтты. Трамп «Тегеран зымыран жасау және ядролық бағдарламасын жалғастырса, онда жойқын соққы жасалатынын» ескертті.

 

Трамп пен Нетаньяхудың сөзінен кейін, Иран тарапы да үн қатты. Аятолланың саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі Әли Шамхани өзінің Х (Туиттер) желісінде былай деп жазба қалдырды: «Иранның зымыран жасау және қорғаныс мүмкіндіктерін бақылауға жол жоқ және бұл әрекеті үшін Иран өзгеден рұқсат сұрамайды. Кез келген агрессияға біз жойқын әрі бірден жауап қатамыз. Біздің жауабымыз агрессор күтпеген деңгейде болмақ», - деді.

 

Сарапшылар Трамп пен Нетаньяхудың кездесуінен кейін, «Иран мен Израиль арасында тағы бір соғыс болары анық, мәселе тек қашан деген сұраққа тіреліп тұр» деуде.


Масштабные разрушения в районе Джебалия в Газе в объективе «Анадолу»

 

ГАЗА, ХАМАС, «ХЕЗБОЛЛА» ХАҚЫНДА

 

Трамп ХАМАС-ты толық қарусыздандыру керектігін айтты. «ХАМАС өз еркімен толық қарусыздануы тиіс. Олар өз еркімен қаруын тастамаса, онда бұл ХАМАС үшін өте ауыр жағдайға әкеледі. Ондай сәтте Израильді айыптау әбестік болар еді.

 

ХАМАС-ты жоюға ниетті елдер жетерлік. Олар қанша елдің адамын тұтқынға ұстағанын білесіздер. Сондықтан оларды жоюға ниетті елдер көп. ХАМАС келісімде не айтылып, не жазылды, соны орындауы міндетті», - дейді.

 

Ол Газаны қалпына келтіру жайлы да айтты. Трамп «бұл өте күрделі мәселе» дейді. «Соңғы сауалнамаларға сенсек, Газа тұрғындарының тең жартысы аймақтан кетуге әзір» дейді Трамп. Нетаньяху да бұл пікірге қосылатынын көрсетті.

 

Нетаньяху «Палестина әкімшілігі Газадағы істерге араласу мүмкіндігін алу үшін шынайы реформа өткізуі тиіс» дейді.

 

«Хезболланы» қарусыздандыру мәселесі де айтылды. Трамп Ливан билігінің шешіміне байланысты «Хезболланың» қарусыздану керектігін айтты.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар