Қазақстан Трамптың ұсынысын қабылдады: Трамп «жаңа БҰҰ» құрмақ па?

Осыған дейін АҚШ Газа секторындағы жағдайды реттеу бойынша «Бейбітшілік кеңесін» құратынын жария еткен еді. Осы мақсатта «Газаны басқару бойынша Ұлттық комитет» те (NCAG) құрылды.

1768818744771065.jpg

(Сурет: Ақорда сайтынан алынды)

ТРАМП ҚҰРҒАН КЕҢЕС НЕ ІСТЕЙДІ?

«Бейбітшілік кеңесін» - АҚШ президенті Дональд Трамп басқарады. Ал «Газаны басқару бойынша Ұлттық комитетті» (NCAG) – бұрын Палестина әкімшілігінде жоғарғы лауазымды қызмет атқарған Әли Шаат басқаратын болып бекітілген. Ол негізгі мемлекеттік қызметтерді қалпына келтіруді, азаматтық институттарды жандандыруды және Газадағы күнделікті өмірді тұрақтандыруды қадағалайды.

«Бейбітшілік кеңесінің кжұмысын жүзеге асыру үшін президент Дональд Трамптың төрағалығымен дипломатия, даму, инфрақұрылым және экономикалық стратегия салаларында тәжірибесі бар басшылардан тұратын атқарушы кеңес құрылды», - делінген хабарламада.

Атқарушылық кеңес құрамына:

*АҚШ Мемлекеттік хатшысы – Марко Рубио,

*АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі – Ситв Уиткофф,

*Америкалық кәсіпкер – Жерард Кушнер,

*Ұлыбританияның экс-премьері – Тони Блер,

*Америкалық миллиардер – Марк Роуен,

*Дүниежүзілік банк басшысы – Аждай Банга,

*АҚШ ҰҚК кеңесшісі – Роберт Габриел кірген.

Атқарушы кеңестің әрбір мүшесі Газа секторын тұрақтандыру және ұзақ мерзімді табысқа жету үшін «басқару әлеуетін, аймақтық қарым-қатынастарды, қайта құруды, инвестицияны ынталандыруды, ауқымды қаржыландыруды және капиталды жұмылдыруды» қоса алғанда, белгілі бір саланы қадағалайды.

АҚШ Федералды сатып алу қызметінің комиссары Жош Грюенбаум мен Арье Лайтстоун «Бейбітшілік кеңесінің» аға кеңесшісі болып тағайындалды. Оларға күнделікті стратегиялық бағыт пен жедел қызметті қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеңестің мандаты мен дипломатиялық басымдықтарын тәртіпті орындауға көшіру міндеті жүктелген.

Болгар дипломаты Николай Младенов «Бейбітшілік кеңесі» мен «Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитет» арасындағы байланыстырушы қызметін атқарады. Ол Кеңестің Газа секторын басқару, қайта құру және дамытудың барлық аспектілерін қадағалауына қолдау көрсетіп, азаматтық және қауіпсіздік органдары арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, «Газаны басқару бойынша Ұлттық комитетті» (NCAG) қолдау үшін аранйы атқарушылық кеңес құрылған. Оның құрамына:

*АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі – Ситв Уиткофф,

*Америкалық кәсіпкер – Жерард Кушнер,

*Түркия СІМ басшысы – Хакан Фидан,

*Катар дипломаты – Әли әл-Тауади,

*Ұлыбританияның экс-премьері – Тони Блер,

*Америкалық миллиардер – Марк Роуен,

*БАӘ-нің Халықаралық қатынастар министрі – Рим әл-Хашими,

*Болгар саясаткері, БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша экс-арнайы өкілі – Николай Младенов,

*Миллиардер – Якир Габай,

*Нидерланды саясаткері – Сигрид Кааг кірген.

ҚАЗАҚСТАН ТРАМПТЫҢ ШАҚЫРТУЫН ҚАБЫЛ АЛДЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп өзі бастамашы болып құрған «Бейбітшілік кеңесіне» құрылтайшы елдер ретінде қатысу үшін бірнеше мемлекеттің басшысына тікелей шақырту жіберген. Атап айтқанда: Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия осындай ұсыныстар алғанын растап, қабылдауға келісім берген. Шақырту Франция, Германия және БАӘ басшыларына да жіберілген, бірақ олар әлі ресми түрде растаған жоқ.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Руслан Желдібай президент Тоқаевтың президент Трамптың шақыртуын қабыл алғанын хабарлады.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылар арасында алғашқылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесі құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады», - деді Руслан Желдібай.

ТРАМП «ЖАҢА БҰҰ» ҚҰРЫП ЖАТЫР МА?

Ал «Bloomberg» басылымы: «АҚШ президенті Трамп ниеттес елдерге Газа секторы үшін құрылған «Бейбітшілік кеңесіндегі» тұрақты орны үшін кемінде 1 миллиард доллар төлеуді ұсынып отыр», - деп жазады.

Әрбір қатысушы мемлекет төрағаның өкілеттік мерзімін ұзарту мүмкіндігімен осы жарғы күшіне енген күннен бастап 3 жылдан аспайтын мерзімде өз міндеттерін атқаратыны атап өтілген.

«Үш жылдық кезең осы хартия күшіне енгеннен кейінгі бірінші жыл ішінде кеңеске 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлетін мүше мемлекеттерге қолданылмайды», - деп келтіреді «Bloomberg».

Сонымен қатар, Трамп «Бейбітшілік кеңесіне» кіруге нақты кімді шақыру керектігін шешеді. Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады, әр ел бір дауысқа ие болады. Қабылданған шешімді төраға – Трамп мақұлдауы тиіс. Сондай-ақ, кеңестің қаржылық басқаруы президент Трампқа тиісілі болмақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар