СВО дегенді бәріміз білеміз, ол – Ресейдің Украина жерінде жүргізі жатқан «арнайы соғыс операциясы». Ал, СДВ дегеніміз не? СДВ – тележүргізуші Владимир Соловьев – өзін әлем философы санаушы Александр Дугин – бір кездегі боксшы Николай Валуев үштағаны. Жаңа – 2026 жыл басталысымен осы үштағанды құраған ресейлік империяшыл реваншистер үшін Орталық Азияның егемендігі көзге шыққан сүйел болды.

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
Қаңтар әлі біткен жоқ, бірақ оны көрші елдің қарғыбаулы төбеттері қазаққа үру хроникасымен бастап кетті:
10 қаңтар: Кремльдің Останкинодағы төбеті не деді?
2026 жылғы 10 қаңтарда «Соловьёв Live» бағдарламасының эфирінде ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёв «Ресейдің ықпал ету аймақтары» деп атаған басқа елдерде арнайы әскери операция (АӘО) өткізу мүмкіндігін жария етті. Атап айтқанда, ол Армения мен Орталық Азия мемлекеттерін атап өтті.
Соловьёв: «Егер біз өзіміздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украина аумағында СВО бастауымыз қажет болса, неге сол ой-пікірге сүйене отырып, біз СВО-ны біздің ықпал ету аймағымыздың басқа нүктелерінде де бастай алмаймыз?» - деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ: «Халықаралық құқықтарға, халықаралық тәртіпке түкіргеніміз бар», - деді.
Соловьевты үргізген иесі не деді?
Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова жағдайға түсінік бере отырып, тек ресми тұлғалардың мәлімдемелеріне ғана назар аударуға шақырды. Ол Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасына деген көзқарасы серіктестік және өзара құрмет қағидаттарына негізделетінін атап өтті.
Сондай-ақ Захарова Соловьевтің сөзі риторикалық сипатта болуы мүмкін екенін атап өтті. Бірақ кейбір пікір білдірушілер оны Мәскеудің ресми ұстанымы ретінде бағалап жатты. Бұл ешқандай да халықаралық саяси және дипломатиялық нормаларға жатпайтын, өрескел қателік деп ашып айтты.
2026 жыл 18 қаңтар.
Дугиннің Орталық Азия мен Кавказ елдерінің тәуелсіздігін «өткеннің қалдығы» және «уақытша құбылыс» деп атаған алғашқы тезистері ақпарат құралдарында пайда болды.
(А.Дугин ‑ Ресей философы және идеологы. Оны жиі «Путиннің миы» немесе «орыс әлемі» (русский мир) концепциясының авторы деп атайды).
19 қаңтар 2026 жыл.
Александр Дугиннің мәлімдемелері Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның ірі басылымдарында (мысалы, NewTimes.kz, Kun.uz, Caliber.az) қызу талқылана бастады. Дугиннің «жаңа әлем моделінде» Ресейдің айналасындағы елдердің дербес егемендігі болмауы керек, олар тек Ресеймен бір одақта ғана өмір сүре алады деген сөздеріне наразылық танытушылар өз ойларын ашық айтты.
Дугин – ресми шенеунік болмаса да, оның идеялары Ресейдің әскери және саяси ортасында кеңінен талқыланады. Оның «Орталық Азия бізбен бірге болуы керек, әйтпесе жау болады» деген сарыны – аймақ елдерінің тәуелсіздігіне тікелей идеологиялық шабуыл.
Ресейдің екі нән тұлғасынан кейін алып денелі, бірақ, ойы шолақ Ресей Думасының депутаты Валуев былай дейді: «Бізді әлі көптеген арнайы операция күтіп тұр. Ресейдің ұлы философы Дугин дұрыс айтады. Біз отыз жыл бойы посткеңестік елдерге тәттімізді ұсынып келдік. Бірақ ол бізге пайда әкелмеді. Демек, тәтті қалаш ұсынудың орнына қамшы керек», - деді.
Валуевтің бұл сөзіне Өзбекстандық танымал боксшы Руслан Чагаевтің жауабы мықты болды. Ол Валуевтың бұл сөзін «оның басына көп соққы тигендіктен айтылған сандырақ" деп атап, қажет болса онымен рингте қайта кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Қоғамдық белсенділер мен Орталық Азияның көптеген саясаткерлері мен сарапшылары Валуевтің сөздерін тәуелсіз мемлекеттердің егемендігіне қауіп төндіру және арандатушылық деп бағалады.
Айдос Сарым мен басқа да депутаттардың реакциясы
ҚР Мәжіліс депутаттары (мысалы, Айдос Сарым) мұндай мәлімдемелерді «имперлық амбицияның қалдығы» деп атады. Олардың пікірінше, Валуев сияқты адамдар ішкі аудиторияға (Ресей ішіндегі радикалдарға) ұпай жинау үшін осындай сөздер айтады.
Ресейдің ресми позициясы
Мұндай мәлімдемелерден кейін Ресейдің СІМ (мысалы, Мария Захарова) әдетте бұл Ресейдің ресми ұстанымы емес, депутаттың жеке пікірі екенін айтып, жағдайды жұмсартуға тырысты. Бірақ, Ресей билігінің ресми өкілдері бірінші рет осылай ақталып отырған жоқ. Олар мұндай сөздерді бұрыннан бері айтып келеді. Алайда, ол өзге елдер тарапынан «Алдымен айтқызады, соңында жуып‑шайған болады» деп қабылдануда. Яғни, ол елдерде «Осыны айтқызу арқылы Ресей көрші елдерге өз қысымын көрсету мақсатын көздейді» деген пікірлер қалыптасуда. Шындық осы болса керек...
Mezgil.kz