Зеленский-Путин жекпе-жегі: Ресей соғыста қанша адамын құрбан етті?

1769587980269748.jpeg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

РЕСЕЙДІҢ СОҒЫСТАҒЫ АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША?

Жуырда Америкалық «CSIS» зерттеу орталығы (Center for Strategic and International Studies): «Ресей Украинадағы соғыста өлгені мен жараланғандарын қоса есептегенде 1,2 млн адамын жоғалтты», - деп жазды. Ал Украинаның адам шығыны 600 мыңнан асады.

«CSIS» зерттеушілерінің айтуынша, Ресейдің жалпы адам шығыны 1,2 миллионның шегінен асқан. Соның ішінде 325 мыңы қаза тапқандар. Қалғандары ауыр жараланған, аяқ-қолдарынан айырылғандар, және қайта соғысқа жарамсыздар сапында. Із-түссіз жоғалғандар да осы 1,2 млн-ның есебінде.

«CSIS» зерттеушілері: «Екінші дүниежүзілік соғыстан бері әлемнің бірде-бір елі соғыста мұншалық адамын жоғалтқан жоқ», - дейді.

Ресейде шетелдік агенттер деп айдар тағылған «Медиазона» агенттігі мен «ВВС» тілшілері жүргізіп жатқан есеп те осы қисынға жуықтайды. Олардың есебінше: Ресей тарапынан соғыста қаза тапқандардың саны 368 мың адамды құрауы мүмкін. Ал кезінде «ДХР» және «ЛХР» деп бүлініп шыққан сепаратистік аймақтарда Украинаға қарсы соғысып, қаза тапқандарды есептесе, бұл көрсеткіш айтарлықтай ұлғая түспек.

«Ал Украинаның адам шығыны 500-600 мыңның шегінде. Оның 140 мыңы қаза тапқандар», - дейді қос басылым зерттеушілері.

«Медиазона» агенттігі мен «ВВС» тілшілері ашық дереккөздердегі мәліметтерді жинап, ұзын-ырғасы соғыста қаза тапқан 165 661 ресейліәк сарбаздың жеке деректерін анықтап, тізімдеген. Олардың 465-і Ресейдегі жоғалып кетуге шақ қалған этникалық азқышық өкілдері. Ал 2026 жылдың қаңтарының өзінде Ресей соғыста ең кемі 3605 сарбазын жоғалтқан.

«Бұл көрсеткіш 2024 жылдың қаңтарындағы көрсеткішке пара-пар. Бүл дегеніңіз – дипломатиялық сөйлесулердің қарқынды жүргізілуіне қарамастан, Ресей шабуылын бәсеңдетпегенін аңғартады», - дейді «ВВС» агоенттігі.

ЗЕЛЕНСКИЙ ПУТИНДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ!

Кеше Украина Сыртқы істер министрлігі Андрей Сибига Киев Украина мен Ресей президенттерінің кездесуіне дайын екенін мәлімдеді.

«Президент Зеленский Ресей президенті Путинмен жүзбе-жүз жолығуға, сол кездесуде Донбасс мәселесі мен Запорож АЭС-ін талқылауға дайын», - деді Сибига.

Осыған дейін Донбасс жері БАӘ-дегі, Абу-Дабидегі екі күн қатарынан өткен үшжақты талқының басты тақырыбы болады деген. Солай болғаны да даусыз. Тек тараптар ортақ нүктеде түйіскен жоқ. Ресей «Украина Донбассты толық берсін» деген бұрынғы талабын қайталап айтқан. Ал Украина жер мәселесінде бір қадам да артқа шегінбеген. Ал басқа тақырыптар бойынша жарым-жарты келісімдер болған. Содан үш тарап та келіссөздердің «мазмұнды» өткенін айтып тарқасқанр. Келесі үшжақты кездесулер апта соңына белгіленген.

Жалпы президент Зеленский президент Путинмен бетпе-бет кездесуге ашық екенін бірнеше мәрте айтты. Тіпті, былтыр Түркияға арнайы барып, Путинді жекпе-жекке де шақырған. Бірақ ол жолы Путин кездесуге келмей қойған. Орнына Мединский деген ортаңқол саясатшы, псевдодипломат һәм жалған тарихшыны жіберген.

Бұл жолы Украина Путинге тағы естіртті. Жердің мәселесін түбі президенттер шешеді. Демек, Зеленский мен Путин жекпе-жегі болмай қоймайды. Ол жекпе-жекте Зеленский оңай шағылар жаңғақ емес екенін «Зеленский-Трамп» келіссөздерінде көз жеткіздік.

Ресейбасы әбжіл һәм сақ адам. Өте қу әрі ішкі түйсігі жүйрік. Зеленскийді екі шайнап, бір жұта алмайтынын Путин жақсы біледі. Бәлкім іштей сескенеді. Украинада президенттік сайлау өткізілуін талап етіп, Зеленскийдің мандатына шүйлігуінің де сыры сол болса керек. Алашапқын аласапыранда Киевке өзіне жеңіл адамды әкелуге әрекет етуді көздейді. Бұл Кремльдің келешек келіссөздерін жеңілдетуі мүмкін деген жоба-жоспары. Киев бұл жолы тағы да президенттердің жүзбе-жүз келіссөзіне сигнал жіберді. Енді жауап Кремльден...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар