Гитлерден Путинге дейін: Олимпиада ойындары мен күтпеген соғыстар!

Осы аптада қысқы Олимпиада ойындары Еуропаға қайта оралады. Милан мен Кортина-д’Ампеццо аймағында әлемнің үздік спортшылары бақ сынауға дайындалуда. Алайда Олимпиада ойындары ондаған жылдар бойы саяси ойындардың бір бөлігіне айналды. Бұл тек қана спорттық сайыс емес, сонымен бірге дипломатиялық дағдарыстар көрініс табатын алаңға айналғалы қашан. Тарихқа көз жүгіртсек, Олимпиада ойындары соғыс ашу, нацизм мен ядролық дағдарыстар сәтінде геосаяси тартыстың бір бөлігі ретінде байқалуда. Бұл туралы Себастьян Старчевичтің қысқаша мақаласын назарларыңызға ұсынсақ.


Как сборная США по-советски выиграла у СССР в хоккее на Зимней Олимпиаде  1980 года - УКРАЇНА КРИМІНАЛЬНА

 

Олимпиада тарихындағы ең елеулі сәттердің бірі АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы қырғи-қабақ соғыстың жаңа кезеңі тұсында орын алды. Олимпиада қарсаңында КСРО Ауғанстанға басып кірді. Сол сәтте Уашиңтонның Мәскеуге қатысты риторикасы күрт қатаңдады. Рональд Рейган ойындарға бір ай қалғанда президенттік сайлауда айқын жеңіске жетіп, ашық антикеңестік ұстанымымен көзге түсті.

 

1980 жылғы Лейк-Плэсидтегі қысқы Олимпиадада бұл екі держава арасындағы қарсыластық мұз айдынында айқын көрінді. АҚШ-тың хоккейден ерлер құрамасы негізінен студенттер мен әуесқойлардан құралған команда болды. Олар халықаралық турнирлерде талай рет жеңіске жеткен, тәжірибелі кеңестік құрамаға қарсы шықты. Сенсациялық матчта АҚШ құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетіп, ақырында алтын медальға қол жеткізді. Ойынның соңғы секундтарында ABC телеарнасының комментаторы Эл Майклс аңызға айналған сөзін айтты: «Ғажайыптарға сенесіз бе? Иә!» - деді ол. Оның бұл сөзі кейін көптеген фильмдерде қолданылды.

 

Бұл жеңістің жаңғырығы аренадан әлдеқайда асып түсті. Көптеген америкалықтар үшін ол геосаяси алаңдаушылық пен ішкі алауыздыққа толы кезеңде рухани демеу болды. Кейінірек Рейган бұл матчтың нәтижесіне сүйсіне баға беріп, «жақсы жігіттер жаман жігіттерді жеңе алады» деді. 2025 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп сол команданың мүшелеріне Конгресстің «Алтын медалін» табыстады. Бұл да бір символикалық мәнге ие қадам еді.


Россияне назвали Олимпиаду-2014 в Сочи событием мирового значения |  26.03.2019 | Краснодар - БезФормата

 

2014 жылы Мәскеу Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң, Қырымға әскер кіргізді. Украинаға тиесілі түбекті басып алып, оны аннексиялады. Ал осы сәтте Украина президенті Виктор Янукович биліктен құлап, Мәскеуге қашып кетті. Киевтегі Майдан алаңында шерушілер мен күштік құрылымдар қақтығысып жатқан сәтте, теледидарлар Олимпиада ойындарын да көрсетіп жатты. Әлем елдері Украинадағы қақтығыстар мен Олимпиада ойындарын қатар тамашалап отырды.

 

2014 жылы 23-ақпанда Сочиде Олимпиада алауы сөндірілді, ал 27-ақпанда Қырымға Ресейдің әскери жүк көліктері мен танкілері кірді. Айырым белгілері жоқ әскери форма киген сарбаздар жолдарды жауып, Қырымдағы билік ғимараттарын басып алып, олардың үстіне Ресей туын тікті. Сол жылы Мәскеу халықаралық деңгейде жүргізілген допинг бағдарламасы жөнінде айыптауларға тап болды, ал көптеген ресейлік спортшылар жеңіп алған алтын медальдарынан айырылды.


Молчаливая реакция стран Центральной Азии на военное вторжение России в  Украину

 

Ресей 2022 жылы да олимпиада ойындарынан кейін соғыс бастады. Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып, іс-шара аясында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, «екі ел арасындағы шектеусіз серіктестік» туралы мәлімдеді.

 

Ойындар аяқталғаннан кейін, 24-ақпанда Путин «арнайы әскери операцияның» басталғанын жариялап, іс жүзінде Украинаға қарсы соғыс ашты. Бірнеше минуттың ішінде Ресей әскерлері Украина аумағына кіріп, Киевке, Харьковқа және елдің басқа да қалаларына зымыран соққылары жасалды.

 

The New York Times басылымы АҚШ-тың барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, «қытайлық ресми тұлғалар Кремльден басқыншылықты Олимпиада аяқталғанға дейін кейінге қалдыруды сұраған болуы мүмкін» деп жазды. Алайда Бейжің шабуыл жоспарлары туралы алдын-ала білгенін жоққа шығарумен келеді.


Церемония открытия зимних Олимпийских игр в Южной Корее. Фотогалерея — РБК

 

2018 жылы Оңтүстік Корея Пхёнчхан таулы аймағында қысқы Олимпиаданы өткізуге дайындалып жатқан кезде, шекарадан жүздеген шақырым жерде Солтүстік Корея ядролық зымыран сынақтарын жасап, бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызды. Сол сәтте АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ға соққы беру мүмкіндігі жайлы да айтқан еді. Халықаралық Олимпиада комитеті геосаяси шиеленісті мұқият бақылап отырғанын айтты.

 

Жаңа жылдық үндеуінде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Олимпиадаға қатысуға дайын екенін аңғартты. Нәтижесінде КХДР спортшылары ойындарға қатысып қана қоймай, ашылу салтанатында оңтүстік кореялық атлеттермен бірге біртұтас Корея туының астында сап түзеп өтті. Пхеньян мен Сеул әйелдер хоккейінен біріккен команда жасақтады. Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық байланысты қайта жандандыруға ықпал еткен жағдай болды. Дегенмен шиеленіс Олимпиада ойындарынан кейін қайта күшейді. Қазір екі ел қырғи-қабақ жағдайда.


Mack Robinson and the 1936 Olympics | The Jackie Robinson Museum

 

1936 жылы Берлинде өткен жазғы Олимпиада туралы көп айтылып, көп жазылды. Нацистік режим еврей спортшыларын шеттетіп, ойындарды үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланды. Міне, сол сәттен бері Олимпиада ойындары саяси тартыс пен геосаяси күреске айналып кетті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар