Ядролық қару: АҚШ, Қытай және Ресей кездесуі келісу үшін бе, бөлісу үшін бе?

Қазіргі әлемдік саясатта ядролық қару факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік архитектурасы әлсіреп, геосаяси сенім азайған тұста ядролық державалар арасындағы бәсеке күшейіп, ал ядролық қаруы жоқ елдер үшін бұл құралға ие болу стратегиялық арманға айнала бастады.

1771921853448529.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Бүгінде ядролық қаруға ресми түрде ие елдер қатарына АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция жатады. Бұлар – Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) аясында мойындалған державалар. Бұдан бөлек, Үндістан, Пәкістан, Солтүстік Корея ядролық қаруға ие екенін ашық жариялаған, ал Израиль бұл мәселе бойынша дәстүрлі түрде «стратегиялық екіұштылық» саясатын ұстанып келеді.

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ: АҚШ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ РЕСЕЙ КЕЗДЕСТІ

АҚШ, Қытай және Ресей делегациялары ядролық қаруды бақылау мәселесін талқылау үшін кездесті. Бұл туралы «Reuters» жазды.

Кеше, 23 ақпанда Женевада Ресей және Америка делегацияларының кездесуі өткен. Ал бүгін ядролық қаруды бақылау жөніндегі ықтимал көпжақты келісімшартты әзірлеу туралы келіссөздер жүргізу үшін АҚШ пен Қытай делегациясы кездеспек.

Басылымның еске салуынша, бұған дейін АҚШ пен Ресейдің зымырандары мен оқтұмсықтарын орналастыруды шектейтін, «Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы» келісім деген атпен белгілі құжаттың мерзімі аяқталған болатын.

ТРАМПТЫҢ ҰСЫНЫСЫ ҚАНДАЙ?

Осыдан кейін АҚШ президенті Трамп Қытай мен Ресейге үндеу жасап, ядролық қару-жарақты бақылау туралы жаңа келісім жасасуға шақырған еді.

«Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің (СНВ) мерзімін ұзартудың орнына, болашақта ұзақ уақыт бойы күшінде болатын жаңа әрі жетілдірілген келісімшарт әзірлеу керек», - деген еді Трамп.

Оның айтуынша, қазіргі СНВ — «нашар жасалған келісім және ол басқа мәселелермен қатар өрескел бұзылып жатыр».

Айта кетейік, СНВ келісімінің қолданылу мерзімі 2026 жылдың 5 ақпанында аяқталады. Бұған дейін бүгін «Axios» басылымы Ресей мен АҚШ-тың СНВ талаптарын сақтауды тағы 6 айға дейінгі мерзімге жалғастыру туралы келісімге келуге жақын екенін хабарлаған болатын.

Осы айдың басында Бейжің қазіргі кезеңде Мәскеу және Вашингтонмен ядролық қаруды бақылау бойынша жаңа келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Сондықтан бүгін өтетін келіссөздердің қандай нәтиже берері әзірге белгісіз қалыпа отыр...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар