Кирилл Буданов: Ресей бірнеше мемлекетке бөлінуі керек!

Украина батыры, Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов «Al Modon» басылымына сұхбат беріп, майдандағы жағдай мен келіссөздер жайлы пікір білдіріпті.

1772178484595389.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Біз Буданов айтқан бірсыпыра әңгімені ықшамдап, оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік...

РЕСЕЙ БІРНЕШЕ МЕМЛЕКЕТКЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК!

Украинаның сырты барлауын басқарып, басқыншы жаудың тылында бірнеше жойқын операцияны тікелей өзі ұйымдастырған Кирилл Буданов: «Ресей империя ретінде жойылатындай жағдай жасау керек. Оның аумағында бірнеше ұлттық мемлекет пайда болуы тиіс», - дейді.

«Al Modon» журналисі Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының бастығы болған Кирилл Будановтан «КГБ басқарған большевизмнің жаңа формасы құлағаннан кейін» Ресейдің ішкі факторларына үміт артасыз ба» деп сұрайды.

Бұған Буданов Ресейдегі режимдердің ауысуы оның мәні мен негізгі идеологиясын өзгертпейтінін айтады.

«Ресейдің қазіргі президентінің саясаты патшалық немесе кеңестік кезеңдегі саясаттан көп ерекшеленбейді. Ресей ішкі факторлардың әсерінен қайтадан өзгереді деп күтудің мәні жоқ», — деді ол.

Буданов тағы: «Украина, Еуропа және бүкіл әлем Ресей Федерациясының орнына бірнеше мемлекет пайда болғанда ғана өздерін қауіпсіз сезінетініне сенімді. Ресейдің империялық амбицияларын толық жою қажет», - дейді.

РЕСЕЙ УКРАИНАНЫҢ БІРДЕ-БІР ОБЛЫСЫН ТОЛЫҚ БАСЫП АЛА АЛМАДЫ!

Кирилл Буданов майдандағы ахуал мен Ресейдің басқыншылық соғысының жай-жапсарына тоқталып, 12 жылдық соғыс ішінде Ресей Украинаның бірде-бір облысын толық басып ала алмағанын айтады.

«Жалпы алғанда, Ресейдің Украинаға қатысты мақсаттары өзгерген жоқ. Ресейді жекелеген аймақтар емес, тұтас Украина қызықтырады. Мәскеу кейбір аумақтарды шайқассыз өз бақылауына алғаннан кейін өзінің экспансиялық амбицияларынан бас тартады деп ойлау — жаңсақтық. Сондықтан Ресейді жалғыз шынайы тежеуші күш — Украина армиясы болып тұр», - деді ол.

Буданов өз сөзінде  Украинаның барлық оккупацияланған аумақтары уақыт өте келе міндетті түрде азат етілетінін айтты.

«Барлық басып алынған аумақтар уақытша басып алынған каймақтар боп қалады және уақыт өте келе міндетті түрде азат етіледі», — деп түйіндеді ол.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар