Таяу Шығыс отқа оранды: Украина көмектесуге дайын отыр!

Украина Таяу Шығысқа өзінің әскери сарапшыларын жібермек. Олар Таяу Шығыстағы маңызды стратегиялық нысандарды дрондар шабуылынан қорғауға көмектеседі. Киев бұл миссияның мән-жайын ашып айтпауда, алайда әскери көмектің болатынын жасырған емес.


ChatGPT Image 10 мар. 2026 г., 13_04_10.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарын үздіксіз атқылауда. Соның ішінде араб елдері зардап шегуде. Иранның барлық зымыран/дронының тең жартысы БАӘ-ге қарай бағытталды. Кувейт, Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы да үздіксіз шабуылға ұшырауда. Шабуылдың басым бөлігінде дрондар қолданылуда. Әуе қорғаныс жүйесінің зымырандары тым қымбат және саны шектеулі. Арзан дрондарды атып құлату үшін Парсы шығанағындағы елдер мен Пентагон жаңа әдістерді іздеуде. Шешімнің бірі ретінде Украинаның антидрон кешендері аталуда. Зеленский Таяу Шығыстағы 11 елдің қазіргі таңда Украинаның антидрон кешендеріне қызығып отырғанын айтты.

 

Сарапшылар Таяу Шығыстағы қақтығыс барысында Patriot кешеніне арналған РАС-3 зымырандарының 800 данасы қолданылғанын айтуда. Киевтің одақтастары 4 жылдан астам уақыттың ішінде Украинаға дәл осындай көлемде РАС-3 зымырандарын берген емес. Украина әуе қорғаныс жүйесін тиімді ету үшін дронқаққыштарды өзі өндіре бастады. Қазіргі таңда Украина әуесіне кірген шахедтердің басым көпшілігі украин дронқаққыштарының көмегімен құлатылуда.

 

Украинаның бас қолбасшысы Александр Сырский қаңтар айында украин дронқаққыштары шахедтердің 70 пайызын жойып, тиімділігін арттырғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда дәл осы дронқаққыштарға Таяу Шығыс пен Пентагон қызығушылық танытуда.

 

Зеленский Таяу Шығыс елдері Украинаның қару өндірісін қаржыландыра алатынын айтты. Сонымен бірге, келіссөздер барысында Ресейге ықпал ете алатынын да меңзеді. Қарымтасына Украина дронқаққыштар мен әскери мамандарын Таяу Шығысқа жіберуге дайын отыр.

 

Украинада дронқаққыштардың бірнеше түрі бар. Соның бірі P1-SUN дронқаққышы. Оның бағасы 6 мың доллар тұрады. Бірнеше айда 2500-ге жуық дронды қағып түсірген. General Cherry Air жүйесімен жұмыс істейтін дронқаққыштар да бар. Ол Zala, Orlan, Supercam сияқты барлау дрондарын жоюға арналған. Octopus дрондары да шахедтерді жаңғақша шағуда. Ал Sting дроны реактивті дрондарды құлатуда жақсы нәтиже көрсетуде. Тіпті Батыстық барлау жүйелері бұл дронқаққышты «революциялық өнім» деп атауда. Украина Horoshok антидрон оқтарын да шығаруда.

 

Киев осы технологияларды ұсынуға дайын. Қарымтасына өндіріс саласына инвестиция күтеді немесе басқа да ұсыныстарға ашық екенін айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар