Сары уайымға салынған Саудия: Арабтардың жоспары не болмақ?

Парсы шығанағы елдері экономикасын әртараптандыру мақсатында мұнайдан түскен қаржыны туризм саласына бағыттауда. Аймақ елдері қазірдің өзінде туризм саласына жүздеген млрд доллар қаржы жұмсады. Алайда Иранның шабуылы Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Катар және басқа елдердің жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін.


ChatGPT Image 11 мар. 2026 г., 13_56_16.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Amazon компаниясы аймақтағы дата-орталықтарда Иранның дрон шабуылдарынан кейін жұмыс істеу қиындай түскенін айтты. Ал компания сарапшылары қаржы жүйесі, банктық сектор, жоғары технологиялар саласындағы компаниялардың да жұмыстарында үзілістер көбейді дейді. Бұл Таяу Шығыстағы бизнес ортаға үлкен соққы жасауда. Кей компаниялар едел-жедел басқа аймақтарға кетуді ойластыруда. 

 

Аймақта мыңдаған рейс кейінге шегерілді немесе мүлде тоқтатылды. Қаржы нарығы күн сайын құлдырап барады. Мыңдаған туристер қауіпсіз маршруттар арқылы өз елдеріне кетуге тырысуда. Кей туристерді өз үкіметтері арнайы рейстер арқылы әкетуде. Солардың ішінде Қазақстан да бар.

 

Аймақ елдері ұзақ жылдар бойы «қауіпсіз ел» имиджін қалыптастыру үшін күш жұмсады. Лаңкестіктен қорғалған елдер ретінде өздерін насихаттады. Әр туристің қауіпсіздігіне кепілдік берді. Ірі спорттық жарыстар ұйымдастырып, әлемдік БАҚ-тың назарын аударуға тырысты. Енді бұл имидж әп-сәтте Иран дрондарының шабуылымен бірге жойылуда.

 

Сауд Арабиясы трлндаған долларға негізделген бірнеше жоба жасамақ. Мұнайдан алшақтап, экономиканы туризмге бұруға тырысуда. «Vision 2030» жоспарын құрды. Сол арқылы БАӘ-ге баратын туристерді өзіне бағыттауға тырыспақ. Бұл жоба сыртқы инвестицияны қажет етеді. Саудия билігі түрлі қорлардың қолдауына да сүйенбек. Дегенмен, ендігі таңда инвесторлардың саны азаюы ықтимал. Аймақ елдері ЖИ-мен байланысты түрлі дата-орталықтарды да салуға тырысуда. Ендігі таңда бұл жоспарларға үлкен өзгеріс енгізілмек.

 

Дубайдағы Burj Al Arab қонақ үйі мен Palm Jumeirah жасанды аралына жасалған соққылардан кейін, туристер Парсы шығанағынан кетіп, оңтүстік-шығыс Азияға бағыт алуда. Дубай мен Абу-Дабиге жасалған шабуылдардан кейін, туристік компаниялар бұл бағыттарға сататын турларын жауып тастады. Қазіргі сәт Парсы шығанағы үшін нағыз туристік мезгіл саналады. Туризм саласы БАӘ экономикасында елеулі рөл ойнайды. Сауд Арабиясы 2024 жылы туризм (қажылықты қоса алғанда) саласынан 50 млрд доллардан астам пайда тапты.

 

Таяу Шығыстағы туризм саласы 2025 жылғы «12 күндік соғыста» үлкен шығынға ұшыраған жоқ. Алайда бұл жолы туризм саласы айтарлықтай шығынға ұшырауда. Tourism Economics мәліметіне сенсек, Таяу Шығысқа қыдырып баратын туристер саны 11–27 %-ға азаюы мүмкін. Бұл кемі 34-56 млрд доллар шығын деген сөз.

 

Ормуз бұғазының жабылуы аймақ елдері үшін үлкен соққы болмақ. Бұл бірнеше араб елінің экономикасына шығын әкеледі. Ал қақтығыс ұзаққа созылса, араб елдері экономикалық дағдарысқа тап болмақ. Аймақта ауқымды құрылыс жобалары іске асуда. Соғыс ұзаққа созылса, құрылыс саласы да құлдырауы ықтимал.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар