Малакка маңындағы майдан: Қытай неден сескенуде, АҚШ пен Үндістанның жоспары қандай?

Neue Zürcher Zeitung газетінде Малакка бұғазындағы үлкен геосаяси ойындар туралы мақала жарық көрді. Бұл Сингапур мен Малайзия маңындағы күн сайын мыңдаған кеме өтетін алып су жолы саналады. Танкерлер, круиздік лайнерлер, балықшылар қайығы мен контейнертасушы жүк кемелері күні-түні дамылсыз аталған бұғазбен өтіп жатыр. Осылайша Малакка бұғазы әлемдік сауда жолының ең маңызды торабының бірі саналады.


ChatGPT Image 4 мая 2026 г., 14_12_21.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Малакка бұғазы мен Сингапур бұғазы бейресми тұрғыдан Азиядағы сауданың қос тандемі аталған. Бұғаздар Үнді мұхитын Тынық мұхитымен жалғап жатыр. Солтүстік бөлігін Үндістан, шығысын Қытай күштері бақылауға алуға тырысуда. Шығыс Азия, Үндістан, Таяу Шығыс, Африка мен Еуропаның көптеген жүк тасымалы осы бұғаздар арқылы өтуде. Бұл су жолының ұзындығы 800 шақырымға жуық. Алайда Сингапурдың маңында жіңішкеріп, бар болғаны 3 шақырымды құрайды. Міне, осы тұсты АҚШ өз бақылауына алуға ниетті.

 

Сарапшылар Қытай Тайуанға шабуыл жасаса, АҚШ Малакка бұғазын бұғаттауды іске асыруы мүмкін дейді. Бұл Қытайдың танкерлері үшін үлкен мәселеге айналар еді. Таяу Шығыстан Қытайға ағылатын ресурстың барлығы дерлік осы бұғаз арқылы өтеді. Әлбетте, Қытай жүк тасымалын басқа аймақтар арқылы іске асыруы мүмкін. Бали немесе Жакарта арқылы айналып өту маршруттары бар. Алайда бұл бағыттармен өту үшін Қытай бірнеше елмен жаңа келісім жасасуы шарт. Оның үстіне тауар тасымалдау уақыты да ұзармақ.

 

Мысалы Зонд бұғазы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасу кемі 1200 шақырымға ұзарады. Оның үстіне аталған бұғаз ірі контейнертасушы кемелер үшін қауіпті. Бұғаздың таяз тұстары көп, жартасты жарлары да бар. Ірі контейнертасушы кемелер бір мезетте 24 мыңға жуық контейнерді тасиды. Ал кеменің суға ену тереңдігі 17 метрді құрайды. Мұндай ірі кемелер үшін терең су мен қауіпсіз аймақ қажет. Бұл кемелер Ломбок бұғазы арқылы өте алады. Алайда бұл бұғаз арқылы жүк тасу тым қымбатқа түседі. Себебі негізгі жолға қосымша 2000 шақырым қосылмақ. Яғни, Малакка бұғазымен жүк тасуға қарағанда 3 күн артық жүзуге тура келеді.


Малаккский пролив — ширина и глубина, расположение, история ...

 

Малакка бұғазында ірі кемелерді қабылдау, қызмет көрсету, техникалық сүйемелдеу, жанармай құю мүмкіндіктері бар порттар орналасқан. Осының арқасында Сингапурдың экономикасы дамуда. Ал Зонд, Ломбок бұғаздарында ірі кемелерге қызмет көрсету жағы айтарлықтай дамымаған.

 

Қытай Тайуанға шабуыл жасаса, АҚШ Малакка бұғазын бұғаттап, Индонезия арқылы айналып өтпек болған танкерлерді де тоқтатуы мүмкін. Бұл Қытай аумағына Таяу Шығыстан мұнай жеткізуді тоқтату үшін қажет әрекет болмақ.

 

АҚШ-тың Сингапурде әскери базасы бар. Алайда базаның негізгі қызметі логистикамен шектелген. Әскери кемелер шоғырланбаған. Дей-тұра Бейжің Сингапур мен АҚШ арасындағы тығыз әрекет пен  байланысқа алаңдаушылық білдіруде. Қытайдың белгілі саясаттанушысы Чонг Ли «шиеленіс сәтінде Сингапур Қытайды емес, АҚШ-ты таңдауы мүмкін» дейді. Сингупар билігі АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті арттырмау мақсатында әрекет етуде. Шиеленістің ушығуы Сингапурдың экономикасына үлкен соққы болмақ.

 

2003 жылы Қытайдың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтао Малакка бұғазын Қытайдың жанды жерінің бірі ретінде атады. Ол «Батыстағы ұлы державалар бұғазды бақылауға алмақ» деп, АҚШ-ты меңзеген еді. Бейжің бұғаздың бұғатталуынан сақтану мақсатында мұнай қоймаларын салып, балама бағыттар арқылы газ бен мұнай алуда. Ресеймен бірлескен мұнай-газ жобаларын арттырып, құбырлар санын арттырды. Дегенмен бұл әрекеттер Қытайға жеткізілетін Парсы шығанағының мұнай-газын толықтай алмастыра алмайды. Теңіз арқылы жүк тасуды да басқа бағыттар арқылы толықтай алмастыру мүмкін емес. Мысалы бір ғана үлкен контейнертасушы кеме 150 пойыз таситын жүкті тиеп, Еуропаға жөнелтеді. Құрлық жолы арқылы жүк тасу тым қымбат, әрі көп техника мен ресурсты қажет етеді.

 

Аталған бұғазды тек АҚШ емес, Үндістан да жауып тастауы мүмкін. Қытай мен Үндістан арасында әскери, саяси, экономикалық бәсекелестік және территорияға талас бар. Тараптар арасында қақтығыс басталса, Дели бұғазды Қытай кемелері үшін жауып тастауға қабілетті. Бұл сценарийді үнді сарапшылары талай мәрте айтқан-ды. Үндістан аталған бұғаз маңындағы аралдарға радарлар орнатып, бірнеше барлау ұшағы ұшып шығатын алаңдарды салды.

 

Қытай бұғазға жақын маңдағы бірнеше аралға радарларды жеткізіп, кішігірім әскери базаларды орналастырды. Базаларда кемелерге қарсы зымырандар, әскери ұшақтар да бар. Осылайша Қытай аталған маңызды аймақтағы текетіреске дайындалуда. Сарапшылар алдағы жылдары аталған бұғаз нағыз бәсекелестік пен бақталастық мекеніне айналатынын айтуда. Әскери қақтығыс сценарийін де жоққа шығармайды. 


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар