Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенті Әкімшілігінің Басшысын ауыстырды.

(Суреттер: gov.kz, akorda.kz сайттарынан алынды)
Бұл қызметті осыған дейін атқарып келген Айбек Дәдебай қызметінен босатылып, орнына Роман Скляр тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.
Айбек Дәдебай – 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған. 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.
Ал Роман Скляр – 1971 жылы Павлодар қаласында туған. 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.
Mezgil.kz