FT: Путин Донбассты алып, Одесса мен Киевке шаппақ!

Ресей басшысы Владимир Путин Украинадағы соғысты бейбіт келісіммен жақын аралықта аяқтауға ниетті емес. Украина майдан шебіндегі Ресейдің алға жылжуын тежеп, әскеріне орасан шығын әкеліп, Ресейдің ішкі аудандарына дүркіндете соққы жасап, мұнай және газ кешендерін, әскери қоймалар мен порттарды соққы астына алып, танкерлерін үздіксіз төмпештеп жатыр. Алайда Путиннің кеңесшілері «майдан даласында бәрі керемет» деген баяндама жасау арқылы, Путинді соғысты жалғастыруға көндіруде. Бұл туралы FT басылымы жазды.


ChatGPT Image 13 мая 2026 г., 13_11_49.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Путин сенбі күні баспасөз конференциясын өткізіп, тілшілердің сұрағына жауап берді. Конференция барысында ол «әскеріміз жауды толық талқандауға күш салуда» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, жақын аралықта Украинаның шебі құлап, әскері талқандалмақ дейді.

 

FT басылымының мәліметінше және Украина барлау қызметінің ақпараты бойынша, Путиннің кеңесшілері Ресей президентіне өзге ақпаратты жеткізуде. Ресейдің әскери қолбасшылығы Путинге «күзде Донбассты толық басып алатынын» мәлімдеген. Осылайша Путинге «әне-міне Украина шебі құлайды» деп ақпарат жеткізген.  

 

Путин осы ақпараттың негізінде шешім қабылдап, келіссөз барысында қоятын талабын қатаңдатуға ниетті дейді сарапшылар. Кремльмен байланыс орнатқан сарапшылар Путиннің Донбассты толық басып алу ниетінен бас тартпайтынын айтуда. Путин майдан шебі бойынша ұрысты тоқтатуға келіспейтінін айтып, соғысты жалғастыратынын мәлімдеуде.

 

Путин үшін Донбасс пен Қырым маңызды аймақ саналады. Ресей басшысы Запорож және Херсонды басып алуды да ойластырған. Ұрыс қимылдары осы бағытта да жалғасуда. Әскери сарапшылардың сөзінше, Донбассты бағындыруға қарағанда, Херсон мен Запорожды басып алу әлдеқайда қиынға соқпақ. Бұл басқыншы операция адами және техникалық ресурсты, ұзақ уақыт пен қанды шайқастарды талап етеді. Запорож және Херсон қалалары Днепр өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ресей әскері қос қаланы алу үшін жүздеген мың әскерін жоғалтуы ықтимал.

 

Путиннің кеңесшілері соғысты жалғастырып, Украинаның оңтүстігіндегі Одесса мен ел астанасы Киевті де басып алуға шақыруда. Ресей басшысы Днепрдің бергі бетін тұтас басып алуды қалайды. Алайда әскери сарапшылар, Путиннің ресурсы сарқылып, экономикасы нашарлап, әскері тығырыққа тірелгенін айтуда.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар