«Путин өкінетін болады»: Бейжің Мәскеуді морт сындырмақ...

Кезінде АҚШ КСРО-ны әлем картасынан қалай жоқ қылса, енді өзінің әрі саяси-экономикалық бәсекелесі, әрі серіктесі Қытаймен бірігіп, бұрынғы кеңестік мұрагерлікті малданған Путиндік (реваншистік) Ресейді әлемдік держава құқығынан айырып, БҰҰ қатардағы көп елдің біріне айналдыруға көшті.

1779184189982907.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ПУТИН ӨКІНЕТІН БОЛАДЫ: РЕСЕЙДІ ДЕРЖАВА ҚҰҚЫНАН АЙЫРУ...

Бұны осы жолғы Трамптың Бейжіңге ат арылтып баруынан аңғардық. Бұған себепте жоқ емес, жабық есік жағдайында өткен келіссөздер барысы жұрт көзінен тасаланатыны белгілі.

Сөйте тұра, ҚХР төрағасы Шидің АҚШ лидері Трампқа: «Путин соғыс бастағаны үшін бармағын тістеп, өкінуі мүмкін», - деуінің өзі көп дүниеден хабар берсе керек.

Шидің бұл сөздері бүгінде БАҚ арқылы әлемге таралып кетті. Оны таратқан – «Financial Times» басылымы. Сөзбе-сөз: «ҚХР көшбасшысы Ши Бейжіңде АҚШ президенті Трамппен болған келіссөздерде Владимир Путин ақыр соңында Украинаға басып кіру туралы шешімге «өкінуі» мүмкін деп мәлімдеді», - деп хабарлады.

Осы ретте, өзін «әлемдегі үшінші күш» деп есептейтін Ресей президенті Путин өзін «шиказат көзі» деп қана санайтын Қытайға айтқанын істетем деген мақсатымен Бейжіңге сапарлауда.

ҚЫТАЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ КЕТКЕН ЕСЕСІ: ҰЙҚЫДАҒЫ АЯДАҺАР ОЯНДЫ!

Бұл тұста – Қытайдың кезіндегі Сібір хандығының Қиыр Шығыстағы иелігін басы бүтін бауырына басудан айырған патшалық Ресеймен жасалған қиянатшыл шарттан қалған тарихи есесі бар екенін естен шығармаған жөн.

Бүгін Путин «ұйқыдағы айдаһардың оянғанын» сезбейтін әлемдегі жалғыз саясаткер десек артық айтпаймыз. Өйткені, 400 жыл орыс империясы игере алмаған Сібірді Қытай әлсіз болған шағында уақытша айырылып қалған тарихи аймағы санайды. Ал Путиннің бар қиялы -  сол сібірдің бар байлығын Қытайға майлап, жайлап өткізу.

РЕСЕЙДІ ЖАЛДЫНДЫРЫП ҚОЙҒАН «СІБІР КҮШІ – 2»

КСРО мен Путиндік Ресейдің Патшалық Ресейден айырмашылығы – өз империясының қазба байлығын игертуге шетелдік компанияларды араластырмауы болды.

КСРО кезінде БАМ теміржолын жапондар салып береміз деген кезде Брежнев билігі бас тартқан болатын. Енді осының кебін «Сібір күші – 2» құбырының жобасы киіп отыр. Енді мәселенің байыбына кеңірек тоқталайық.

Қытай да, АҚШ та өз компанияларының осы ен байлыққа ауыз салғанын қалайды. Бұған Путин әйтеуір бір амалсыз көнгенімен, оны иеленіп отырған жаңа орыс бизнес элитасы көне қояр ма екен?!

Ресей тарабының айтуынша, осы сапарда ұзын-ырғасы 40 шақты құжат қаралмақ. Соның ең бастысы – «Сібір күші – 2» құбырының жобасы. Иә, газ жобасы. Қытай тек тұтынушы ғана болып қалатын жоба. Көлемі 50 млрд кубметрді қамтитын бұл жобаға Ресей Қытайды 10 жылдан бері үгіттеп, қолқалап келеді. Десе де, Бейжің әлі асығар жоқ.

Бейжіңнің асықпайтын себебі – осы өз жері арқылы өтетін газға Ресейді араластырмай, оған тек салық-малығын ғана төлеп, бір өзі иелік ету. Әрі әліптің артын бағып, газ саласындағы Ресей компанияларының әлсіреп, аяғына жығылуына күтіп отыр. Және Қытайға бұл газ Үнді-Қытайға бұлдап сату үшін керек. Ал, Ресей билігінің Қытайдың «алма піс, аузыма түс» деген экономикалық саясатын ұғынбауы таңқалдырады...

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар