Біраз болды, қырғыз қоғамы советтік ескаі атаулардан арылу жайын талқылауда. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған ақпараттарға көз жүгіртсек, көшелердің «кеңестік» атауларын өзгерту оңай болмай тұрған сыңайлы.

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
БАҚ: «Қырғызстан азаматтарының көпшілігі биліктің кеңестік атауы бар көшелерді қайта атау саясатын қолдамайды», - деп жазуда.
Сөйтсек, Қырғызстанда «өзекті мәселелер бойынша» телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізіліпті. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 68 пайыздан астамы Жапаровқа сенім білдірсе, үштен бірі ғана сенбейтінін айтқан. Ташиевке қатысты қудалауды 26 пайызы айыптаса, 60 пайызы қолдапты.
Сауалнамаға қатысқандардың 3/2-сіне жуығы соңғы уақытта өмір сапасының жақсарғанын айтқан. Ал 66 пайызы Батыстың Қырғызстанға қарсы санкцияларын «әділетсіз» деп санайды екен.
Бұның барлығы Қырғыздың өз ішіндегі әңгіме. Біздің назарымызды бұрғаны Қырғыз қоғамының десоветизацияға көзқарасы қандай?
Әлгі сауалнаманың нәтижесі бойынша - көшелердің атауын өзгерту мәселесіне келгенде Қырғыз қоғамының пікірі екіұшты екенін аңғардық. Қырғызстандықтардың жартысынан көбі елде басталған кеңестік және орысша атауы бар көшелерді қайта атау науқанын қолдамайтынын айтқан. Әрбір бесінші адам бұл бастаманы қолдаса, әрбір төртінші респондент нақты жауап беруге қиналған.
Осыған дейін де Қырғызстанда осыған ұқсас жағдай болған. Ресейлік БАҚ елдегі орыстілді ауылдардың атауы жаппай өзгертіледі деген ақпарат таратқан еді. Алайда Қырғызстан билігі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, елде орыстілді ауылдардың атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.
— Қырғызстанда орыстілді ауылдардың атауын өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, — деді президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов.
Оның айтуынша, Садыр Жапаров қатысқан жиында тек елді мекендерге адам есімдерін беруге тыйым салу мәселесі талқыланған.
Бұған дейін Ресей дипломаттары Қырғызстанда «тіл патрульдерінің» белсенділігі артқанын мәлімдеген. РФ-ның Қырғызстандағы елшілігі мұндай әрекеттер орыс тілінен қырғыз тіліне көшуге қысым жасап, ұлтаралық араздық туғызуы мүмкін екенін айтқан.
Mezgil.kz