Еуропа – еуропалықтар үшін: ЕО мигранттарды жаппай депортациялап жатыр!

Еуропа ішкі саясатын өзгертуде. Кәрі Құрлықта мигранттар мен босқындарды қабылдайтын елдердің саны азаюда. Көптеген мемлекеттер талаптарды күшейтуде, құжаттарды рәсімдеуді қиындатуда.

1779450522837093.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ЕО-дан саяси баспана сұрайтын азаматтардың да саны азайған. Ал босқындарды, мигранттарды депортациялау күшейді. Депортацияны күшейтушілер арасында Германия, Франция, Швеция көш бастап тұр. ЕО шекарадағы бақылаушы күшейту ережесін іске асыруда.

Еуростаттың соңғы мәліметі бойынша, 2022 жылдан бастап Еуропалық Одақ аумағына келетін иммигранттар саны бірнеше жыл бұрынғыға қарағанда азайған, ал репатриация туралы шешімдер саны артып келеді. 2022 жылдан бері ЕО-ға келген жаңа мигранттар саны тұрақты түрде азайып келеді: 5,4 миллионнан 2024 жылы 4,5 миллионға дейін (-24%) азайған.

2025 жылы саяси қорғау мәртебесін сұраушылар саны да 361 мың адамға дейін төмендеді. Бұл 2019 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш саналады.

Еуропа босқындар мен заңсыз мигранттарды депортациялауды да күшейтуде. Өткен жылы кемі жарты миллионға жуық адамды Еуропа аумағынан шығару шешімі қабылданған. Бұл 2019 жылдан кейінгі максимум саналады. Депортациялау шешімі мен оны іске асырудың арасында біршама алшақтық бар. Көп адам шешімді орындаудан бас тартып, Еуропа аумағында заңсыз түрде қалуға, жасырынып жұмыс істеуге тырысады. Өткен жылы 155 мың адам күштеп депортацияланған. Бұл 2020 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Ішкі істер және миграция бойынша еурокомиссар Магнус Бруннердің сөзінше, ЕО қазіргі таңда миграциялық саясатты түбегейлі өзгерту жолындағы реформаны бастаған. Шекарадан кіру/шығу тәртібі де өзгертілуде. Бақылау күшейтілмек.

2025 жылы ЕО аумағынан ең көп репатриацияланғандар Түркия азаматтары болды. 13 мыңнан астам адам шығарылды. Одан кейін Грузия (10 475), Сирия (8 370) және Албания (8 020) азаматтары тұр.

Ал ең көп депортацияны Германия жүзеге асырды. Берлин шамамен 30 мың адамды ел аумағынан шығарып жіберген. Одан кейін Франция (шамамен 15 мың) және Швеция (11 мыңнан астам) тұр. Бұл елдер де ауқымды депортациялау саясатын іске асыруда.

Репатриация туралы шешімдер бойынша Франция көш бастаған. Испания 54 мың адамды елден кетіру шешімін қабылдаса, Нидерланды 32 мың адамды елден шығару туралы шешім шығарды. Дей-тұра, репатриация шешімін орындау қиынға соғуда. Оны бірнеше фактормен түсіндіруге болады. Мигранттың шынайы отаны қай ел екенін анықтау басты мәселенің бірі. Екіншіден адамның денсаулық жағдайы мен кәмелеттік жасқа толмауы да бұл шешімді орындауда қиындық туындатуы мүмкін.

Еуропа шекараларында елге кіруге рұқсат бермеу жағдайлары жиілеп келеді. 2025 жылы мұндай оқиғалар саны 2024 және 2023 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Шекарада кері қайтарылған мигранттардың ең көп саны Польша аумағында тіркелді. Шамамен 30 мың адамды кері қайтарған. Екінші орында Франция тұр.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар