Ортада қалған Ормуз тағдыры: Әлемдік геосаясат тағы да қыл үстінде тұр!

АҚШ пен Иран арасындағы жекпе-жектің тағдыры әлі толық шешіліп болмай жатыр. Бұның кері салдары бір тисе – әлемдік мұнай нарығына тиіп, үлкен дағдарысқа алып келуде. Ал соғыс басталғалы-бері, қос тараптың білек сынарас алаңына айналған Ормуз бұғазы тұралап тұр...

1785832668190150.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

АҚШ президенті Трамп кешелі-бүгін Иранға қарата бірнеше жазба жариялап, Теһеранға соңғы мүмкіндік берілетінін айтты. Ал Теһеран Уашингтонмен келіссөздерді жалғастыруда. Десе де, өз дегендерінен қайтпайтынын ашық білдіруде. Тараптар, осылайша ортақ шешімге жақындар түр байқатпайды. Ал бұл уақта ортада қалған Ормуздың тағдыры, Ормузда тұралап тұрған әлемдік мұнайдың тағдыры не болмақ?

ОРТАДА ҚАЛҒАН ОРМУЗ

Әуелі Ормуз жайлы: Ормуз бұғазы – Парсы бұғазын Оманмен жалғап жатқан, әрі қарай Үнді мұхитына шығатын ең маңызды теңіз жолы. Дәл осы жолмен әлемдегі барлық мұнайдың бестін бір бөлігі өтіп жатқан.

Ормуздың жалғыз иесі – Иран емес. Теһеранға солтүстік жағалауы тиесілі. Ал оңтүстігі Оман мен БАӘ-нікі.

Соғысқа дейін дәп осы теңіз жолымен әлемдік мұнайдың 20 пайызы, сұйытылған табиғи газдың 25 пайызы тасымалданатын. Бұл дегеніңіз – тәулігіне 20 млн баррель мұнай өнімі деген сөз. Ал дәл осы Ормуздан өтетін мұнай өнімінің басты тұтынушылары – Қытай, Үндістан, Жапония, ЕО елдері мен Оңтүстік Корей болған. Бұл жердегі Қытайдың үлесі шамамен 37,7 пайызды құрайды.

Ормуз бұғазы 2026 жылдың ақпан айының соңында бастаған әскери қақтығыс басталғалы бері бір-ақ рет бұғатталды. Иран әскерилерінің дәлізді іс жүзінде жауып тастауы әскери қимылдар басталған бойда, яғни 2026 жылғы 28 ақпанда орын алды және бұғаздың ішінара ашылғаны немесе уақытша келісімдер туралы мерзімді мәлімдемелерге қарамастан, жоғары тәуекелдердің сақталуына байланысты толыққанды қауіпсіз кеме қатынасы осы күнге дейін қайта қалпына келтірілген жоқ.

Сауд Арабиясынан, Ирақтан, Иран мен БАӘ-ден тиелген мұнай танкерлері дәл осы бұғаз арқылы алып мұхитқа шығады. Қазір әлемдік маңызға ие бұл теңіз жолының жағдайы күрт өзгерді. Оны өзгерткен – АҚШ пен Иранның текетіресі.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ?

Әлемдік мұнайдың 20 пайызы мен сұйытылған газ тасымалының 25 пайызы өтетін бұл стратегиялық нүктеде Иран мен Оман келіссөздердің соңғы кезеңіне шықты. Бұғазға қатысты тараптар қандай ұстанымда? Қараңыз:

1)Израильдік БАҚ-тың «Иран бұғазды ашуға келісті» деген ақпаратын Иран тарапы («Fars» агенттігі) ресми түрде жоққа шығарды.

2)Оманның ұсынысы мынадай: Аймақтық ортақ бақылау тетігін құру және кемелерден навигация мен экология үшін ерікті алымдар жинау.

3)Ал Иранның позициясы: Теһеран ортақ бақылауға түбегейлі қарсы! Өз акваториясын тек өзі басқарғысы келеді.

Қазір шын мәнінде, бұл тек қана кеме қатынасы емес, бұл — жаһандық энергетикалық нарық пен бағаның болашағын айқындайтын геосаяси текетірес болып тұр. Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи келіссөздердің мәреге жақындағанын мәлімдегенімен, келісімнің нақты егжей-тегжейін әлі құпия ұстап отыр.

АҚШ ҰСТАНЫМЫ: СОҒЫС ТОҚТАЙ МА, ӘЛДЕ ЖАЛҒАСА МА?

Жоғарыда айтқанымызда, дүниежүзілік геосаясат тағы да қыл үстінде тұр. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға бағытталған «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жойқын соққыны» соңғы сәтте тоқтатқанын мәлімдеді. Бірақ бұл шынымен бейбітшілікке жасалған қадам ба, әлде АҚШ әскери қолбасшылығының стратегиялық тығырыққа тірелуі ме?

«CNN» таратқан мәліметтерге сүйенсек, АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) әскери сарапшылардан Иранға қысым жасаудың «жаңа әрі баламалы» жолдарын ұсынуды сұраған. Әуе соққылары өз нәтижесін бере қоймаған соң, Пентагон жаңа сценарийлерді қарастыруда.

Әлемдік мұнай мен газдардың бестен бір бөлігі өтетін стратегиялық су жолының жабылуы жаһандық экономиканы шайқалтып жатыр. Трамп бұғаздың дереу ашылуын және Иранның ядролық бағдарламасынан бас тартуын талап етуде.

Трамп: «Теһеранның өзі келіссөз сұрады», - десе, Иран тарапы мұны жоққа шығарып, жауап соққыға дайын тұрғанын ескертуде. Дегенмен Оман және басқа да аймақтық делдалдар арқылы жасырын дипломатиялық диалог жүріп жатқаны белгілі.

Әлемдік саясаттағы бұл үлкен ойынның соңы немен аяқталады? АҚШ пен Иран арасындағы бұл текетірес келіссөзбен шешіле ме, әлде жағдай одан ары ушыға ма? Mezgil.kz ақпараттық порталы бұл тақырыпты бақылауда ұстайтын болады...

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар