Ресей тағы да мобилизация жарияламақ: Миллиондаған адам құрбандыққа шалынуға көне ме?

Украина билігі тарапынан ұрысты уақытша тоқтата тұрып, келіссөздерді бастау туралы ұсыныс бірнеше кезек айтылғанымен, Ресей президенті Владимир Путиннің өзі бас болып, бітімнен үзілді-кесілді бас тартқанын естідік, көрдік.

1786614531389376.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Осыдан соң, әскери сарапшылар «әне-міне, Ресей билігі ауқымды мобилизация жасамақ» деп болжам айтқан. Әртүрлі алаңдарда айтылып жүрген осы бір әжүк-гүдік әңгімелер шынға айнала бастағанын күні кеше «Financial Times» басылымы жазды.

РЕСЕЙ БИЛІГІ МЫҢДАҒАН АДАМДЫ СОҒЫСТА ҚҰРБАН ЕТУГЕ ДАЙЫН!

«Бұл жолғы мобилизация Ресейге ұрыс даласында пайдалы болғанымен, Кремль үшін қауіп-қатері де жоқ емес. Тіпті, Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы бір мобилизациядан соң да ұрыс даласында адам шығыны еселеп артатынын біледі және соған дайындалуда», - деп жазады басылым.

Әскери сарапшылардың пікірінше – мобилизацияланып, ұрысқа жіберілгендердің саны көбейгенімен, соған сәйкес (пропорционалды есеп бойынша) адам шығыны мен дезертирлік (әскерден қашуға) әрекеттер де еселеніп артады.

Германияның Халықаралық қауіпсіздік мәселелері институтының сарапшылары Ресейдің федералды бюджет деректеріне сүйене отырып жасаған есептеулеріне көз салсақ: 2022 жылы мобилизацияланған 300 мың адамнан қазір аман қалғаны 168 мыңға жуықтайды. Қалғандары қаза тапқандар тізімін толықтырған. Яғни, соғыстың алғашқы жылындағы алғашқы мобилизациядан соң-ақ, Ресей ұрыс даласында әрбір бесінші жауынгерін құрбандыққа шалып отырған. Ал бірінші мобилизациядан жарты жыл өтпей жатып, Ресей ұрыс даласында 50 мың адамын жоғалтқан.

РЕСЕЙДІҢ АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША?

Ал өткен жылы мобилизацияланғандардың ішінде 80 мың адам қаза тапқандар тізімін толықтырып үлгерген. Ал 2026 жылдың ортасына қарай бірінші толқынмен әскерге жіберілгендердің саны 100 мыңнан сәл ғана асады.

«Financial Times» басылымы өз есептеулеріне сүйеніп, Ресей армиясының Украинаға басып кіргеннен-бергі адам шығыны 500 мыңнан асатынын жазады. Бұл дегеніңіз – қаза тапқандар саны Ресейдегі  Сочи, Тула, Астрахань немесе Калининград қалаларының халқынан да көп деген сөз.

Ал Уашингтондағы «CSIS» (Center for Strategic and International Studies) Халықаралық және стратегиялық зерттеулер Орталығынің есебінше – Ресейдің әскери басшылығы майданда ұзын-ырғасы 1,4 млн адамынан айырылған. Бұл жараланғандарды қосқандағы есеп.

Ауқымы жағынан салыстырып айтар болсақ - бұл Қазан (1,33 млн) немесе Екатеринбург (1,54 млн) сияқты Ресейдің ірі қалаларының халқымен пара-пар көрсеткіш.

Ресей билігі қазір мұнша адам шығынының орнын ақылы және ақысыз келісімшартпен соғысқа жіберілгендердің есебінен толтырып отыр. Қазіргі күні Ресей армиясына күн сайын шамамен 1 мың адам тартылуда. 2026 жылдың бірінші жартысында майданға жинау қарқыны шамамен 10%-ға төмендеген. Ал бұл қарқын бәсеңдегенде Ресей билігі ауқымды мобилизация жүргізбек.

ПУТИННІҢ АМБИЦИЯСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

Егер Путин Донецк және Луганск облыстарын толық оккупациялау дейтін бірбеткей талабынан бас тартпайтын болса, оның ауқымды мобилизация жариялаудан басқа таңдауы жоқ. Бүгінде Ресей армиясының ұрыс даласындағы алға жылжу қарқыны соғыс басталғалы-бергі аралықтағы ең төменгі деңгейге түскен. «DeepState» есептеулеріне сәйкес, мамыр-шілде айларында Ресей әскері басып алған аумақ бар болғаны 124 шаршы шақырымды құраған.

«The Wall Street Journal» сарапшылары: «Ресей әскері үшін қазір Донбастағы қорғанысты бұзып өту мүмкін болмай тұр. Және келісімшартпен соғысқа барушылардың қарқыны бәсеңдеген. Сондықтан, Ресей билігі осы күзде ауқымды мобилизация жариялауды жоспарлап отыр», - деп жазады.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар