Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда бірпалаталы - Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды.

1787448880781136.jpg

(Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды)

Елдегі сайлау учаскелерінің басым бөлігі таңертеңгі сағат 07:00-де, ал кейбір учаскелер сағат 06:00-де ашылды. Ел аумағында жалпы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты Қазақстанның шетелдегі өкілдіктеріндегі сайлау учаскелері де ертерек ашыла бастады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру процесі басталғанын хабарлады.

145 депутаттан тұратын Құрылтай сайлауына елде ресми тіркелген жеті саяси партия қатысып жатыр: «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ», ЖСДП, «Respublica» және «Қазақстан халық партиясы».

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар