Дугин дүрдиді: Мәскеудің құпия жоспары әшкере болды...

Украина қорғанушы елден шабуылдаушы елге айналды. «Wildberries» маркетплейсінен соң, Киевтің от тұмсықты темір құстары Ресейдегі екінші ірі маркетплейс саналатын «Ozon-ды» дөп көздеді.

1787462265187531.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

Ресейде тұрмыстық және экономикалық қиындықтар көбейген сайын халықтың тынышы кете бастады. Олардың ашуы мен уайымы интернет пен БАҚ-та анық байқалуда.

Ресейдің бас идеологы, «Орыс әлемі» һәм «Ресейдің жаңа империализмі» саясатының авторы, қауға сақал Александр Дугин Кремльдегі жабық жиындарда естіген сыбыстарын басқалардан бұрын ашық айтып қойды.

Ресейлік диссидент, саясаткер һәм журналист Александр Невзоровтың айтуынша, бұл Дугинның өз ойы емес, биліктегілердің дайындап отырған құпия жоспары болған. Ал бұл жоспардың қаншалықты қауіпті әрі қатыгез екенін Дугинның мына сөздерінен аңғаруға болады:

Әуелі – «НАТО жеріне соққы жасау» туралы сөздер: Ол соғыстың негізгі кезеңі енді басталатынын және ерте ме, кеш пе НАТО елдерінің аумағына соққы берілетінен айтады.

Онан соң – «Қауіпсіз жердің болмауы» туралы сөздер: «Елдегі халықтың жартысы соғыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Енді жарық пен интернеттің өшуі, жарылыстар мен қираулар қалыпты жағдайға айналады. Ешкімге және ешқандай аймаққа қауіпсіздік кепілдігі жоқ», - деп сөйлеген еді Дугин.

Түйіндегенде – «Шектеулер мен талаптардың күшеюі» туралы сөздер: Дугин: «Батырмыз, фронттамыз, барлығына шыдауымыз керек», -  деп лепіре сөйлеп, жұртты осы сұрапылға соғысқа, қолдан жасалған қиындықтарға көнуге шақырады. Оның пікірінше, елдің мүддесі мен «жеңіс» үшін өмір сүрмейтін, бұл соғысты қолдамайтын адамдарға жанармай да, интернет те, басқа да игіліктер берілмеуі керек.

Невзоровтың айтуынша, осы арқылы Ресей билігі өз халқын аяусыз соғыс шартына толық көндіргісі келеді.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар