«Қайта соғысамыз»: Үміттің жібі үзілуге шақ тұр. Ормуз тағдыры шешілмеді...

Әлгінде БҰҰ-дағы басты алаңға шыққан АҚШ пен Иран лидерлері – Трамп пен Пезешкиан бір-біріне қарата қатаң айыптаулар мен дөрекі дәлелсөздер айтты. Бір-бірін – «соғысты бастаушы», «терроршы» деп айыптады.

1790410978944106.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалған / dw.com)

Десе де, дәл сол алаңда АҚШ пен Иран делегациялары арадағы аз-кем үзілістен соң жүзбе-жүз келіссөздерді қайта жалғастырды. Бір тараптан – Уиткофф, екінші тараптан – Аракчи келіп, үш сағаттан аса сөйлесті. Қос тарап та бұл жүздесудің жаман болмағанын айтты. Осыдан соң әлемдік БАҚ һәм сарапшылар қауымы жауласқан қос дүлейдің жүзі жылыды ма, ұрыс қарқыны бәсеңдей ме деген сұрақтарға жауап іздей бастаған...

Әуелі, Трамп Пезешкианмен кездесуге кетәрі емес екенін айтты. Мұны Mezgil.kz ақпараттық порталында тәптіштеп тұрып жаздық.

ПЕЗЕШКИАН ТРАМПҚА ШАРТ ҚОЙДЫ...

Онан соң Пезешкиан да жауабын көп күттірмеді. Трамппен кездесу үшін шарт қойды. Ол шарты мынадай:

Иран президенті Пезешкиан Трамппен кездесу өткізудің басты шарты ретінде АҚШ-тың «Ирандағы өкіметті күшпен ауыстыру ниеті жоқ екенін көрсетуін» атады. «Өзіңізді біздің орнымызға қойып көріңізші. Біреу келіп, сіздің жоғарғы көшбасшыңызды өлтірді делік. Одан кейін қол жеткізілген барлық келісімдерді орындамады. Сіздің реакцияңыз қандай болар еді? Бұл олай оңай шешіле салатын мәселе емес», – дейді Пезешкиан.

7 КҮНДІК БІТІМ ҺӘМ ОРМУЗДЫ АШУ ШАРТЫ

Бүгін белгілі болғандай, Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру үшін АҚШ-қа оқ атуды тоқтатудың жеті күндік жоспарын ұсынған. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұған дейін БҰҰ алаңында журналистерге Теһеранның бейбітшілік жоспарын Катар арқылы бергенін айтқан. Оның айтуынша, бұл келісім Ормуз бұғазын ашуға және аймақтағы әскери қимылдарды тоқтатуға бағытталған жеті күндік кері санақты бастауы тиіс болған.

«Егер Америка тарапында келісім жасасуға және Ормуз бұғазын ашуға деген оң ықылас болса, қазір бұған барлық жағдай жасалған», – деді Аракчи.

ТРАМП ШАРТТЫ ҚАБЫЛДАМАДЫ: ҰРЫС ЖАЛҒАСАДЫ...

Ал «The Wall Street Journal» басылымының жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұсынысты кері қайтарған және әскери операцияны қайта бастауды жоққа шығармайтынын айтқан. Басылым мәліметінше, АҚШ қарашадағы Конгресс сайлауынан соң Иранға қайтадан соққы жасауды доспарлап отыр.

Бұған қоса, АҚШ президенті өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазының картасын жариялап, оны дөңгелектеп белгілеген де, суретке «Трамп бұғазы» деп қол қойған.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар