Путиннің ядролық құқайы: Калининград соғыс алаңына айнала ма?

Соңғы апталарла Калининград төңірегінде талас-тартыс қыза түсті. Еуропа елдерінің сыртқы барлау қызметтері: «Ресей Калининградты сылтауратып, НАТО елдерінде арандатушылық немесе кішігіріп әскери акт жасауы мүмкін», - десе, Ресей тарабы: «Егер НАТО мен Еуропа Калининградқа соқтығар болса, ядролық қаруға жүгінеміз», - деп жатыр...

1790930879473958.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ПУТИННІҢ БАР СЕНЕРІ – ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ МА?

Кеше Ресейдегі жылдағы дәстүр бойынша «Валдай» форумы өтті. Оған Ресейбасы Владимир Путин қатысып, көсіліп көп сөйледі. Әдеттегідей, бар бәлеге АҚШ пен Батысты айыптады. 2022 жылдан бері жалғасып жатқан соғысқа Украинаның өзін кінәлі етіп көрсетуге тырысты. Сөз арасында осы Калининград төңірегіндегі түсініксіз жағдайға жеке тоқталды. Алда-жалда жағдай бола қалса, Ресей ядролық қарудың күшіне жүгінетінін айтты.

«Егер әңгіме Ресей Федерациясына төтелей шабуылдау туралы болса, соның ішінде Калининградқа тікелей соққы жасалатын болса – онда біз қолда бар қаруымызды түгел қолданатын боламыз. Соның ішінде ядролық қаруымызды да қолдануға дайынбыз», - деді лепіріп.

Онан әрі: «Иә, рас, Франция, Ұлыбритания – бұлар ядролық державалар. Оны білеміз, ескеріп отырмыз. Десе де, бүгін бізде бар қару әлемде ешбір мемлекетте жоқ. Біз сол үшін де ешкімнен жасқанып қалмақ емеспіз», - деді Путин.

Мұнымен де тоқтаған жоқ: «Еуропадағы НАТО тобының жалпы жан саны 300 миллионнан асып жығылады. Бұл аз сан емес. Қарсыластарымыз бізден есе көп. Сол үшін де бізге тірі қалу үшін қолда бар қаруымызды қолдануымызға тура келеді. Өйткені, бұл – ірі экономикалық, әскери күш», - деді Ресей басшысы.

РЕСЕЙ ЕУРОПАМЕН СОҒЫС ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Калининградты тілге тиек етіп, ядролық құқайға салған Ресейдегі жалғыз адам – президент Птуи н емес. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бірлі-жарым күн бұрын ғана бүйдеген:

«Кімде-кім Калининградқа шабуылдар босла, Ресей ядролық қаруын қоса алғанда, бар қаруын Еуропаға кезенетін болады», - деді (30 қыркүйек күні).

Песковтың сөзіне желпінген Ресей СІМ-інің ресми өкілі Мария Захарова да қарап қалған жоқ. «Егер Еуропа Ресейге шабуылдар болса, бұл – өте қысқа соғыс болады», - деді екіленіп.

Ал осының алдында БҰҰ алаңында сөз сөйлеген Ресейдің СІМ бастығы Сергей Лавров Ресейдің НАТО-ға бірінші болып соқтығуын «бос былшыл» деп атап, десе де Ресей қандай да бір агрессияға жауапсыз отырмайтынын айтқан. «Біздің жауабымыз өте қысқа болады», - деп сөйлеген.

Бұдан соң Ресейдің Бельгия, Ұлыбритания мен Ирландиядағы елшіліктері де кезек-кезек Калининградты тілге тиек етіп, «Ресей жойқын жауап береді», - деп сес көрсеткен.

КАЛИНИНГРАД – БОЛЖАМДЫ СОҒЫС АЛАҢЫ!

Калининград деген – бір биттей жер. Бұл - бұрынғы Көнісберг (Кенигсберг). Балтық жағалауы. Бір жағында Польша жатыр. Екінші жағында Литва тұр. Кәдімгі Еуропа. Ресейдікі дегенімен, шекарадан тым алыста. Ресейдің ең батысындағы жер. Ең кішкентай облыстардың бірі. Жартылай эксклав. Ресейдің өз терриясымен шектеспейді, мүлде.

Ежелден V ғасырлардан прусстар мекендеген жер. Қазіргі латыш, литвалықтарға туыс тайпалар деседі. Кейін 1200-ші жылдары Рим папасының батасымен прусстарды христиандандыру күрестері басталады. Онан соң неміс кресшілері күшпен отарлап, орнығады, әбден. Сөйтіп, немістің тілі де, діні де күш алады. Тілге көнбегендер латышша, литвалықтардың тілдерінде сөйлеп кетеді. Ал прусстар тілі он жетінші ғасырға жеткенде ауылдағы азшылық тілі боп қалады. Он сегізінші ғасырда Шығыс Пруссия Ресей империясына өтеді. 19-шы ғасырда Герман империясының иелігіне өткен. Бірінші жаһан соғысынан соң бұл жер негізгі Германиядан алшақтай түседі. Ал екінші жаһан соғысынан соң Потсдам келісім жасалып, жер бөліске түседі (1945 жыл).

Шығыс Пруссияның үштен бірі КСРО-ға беріледі. Ал үштен екісін Польша алады. Онда да - Гданскі Польшаға, Клейпеды Литваға, Кенигсберг Ресейге беріледі. 46-шы жыл туғанда КСРР Кенигсбергті Калининград деп өзгерткен.

Көздің құртындай болған осы жерді Ресейді деуге ауыз бармайды. 2024-26 арасында НАТО-ның бірнеше генералы егер Ресей Балтыққа қаруын кезенсе Калининградтың тас-талқанын шығаратынын ашық айтқан. Олардың ішінде: Генерал Кристофор Каволи, неміс генералы Хөлгер Нойман, АҚШ генералы Бен Хожес және Украина мен Ұлыбритания генералдары Калининградтың атынан «д» деген әріп те қалдырмайтынын айтқан.

Ал осының алдында «The I Paper» басылымы: «НАТО елдері Калининградты Ресей жері деп мойындамау сценарийін талқылап жатыр. Тіпті, НАТО әскерилері бұл жерді Ресейден біржола оқшаулауды да ойластыруда. Әлбетте, НАТО бірінші боп қозғалмақ емес. Бұл - егер Кремль НАТО елдерінің біріне соқтықса, Ресейдің агрессиясына жорамал жауаптардың бірі болмақ», - деп жазған болатын.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар