Тірідей тозақта қалған басқыншылар: Ресей әскері тұтқынға берілуге асығуда...

Жуырда Украинаның тұтқындар қорын толтырған Ресей армиясының сарбаздары сөйдейді. «Ішкеніміз – ірің, жегеніміз – желім, өміріміз тозақ болды», - дейді басқыншылар. Оларды сөйлеткен - Украина Қарулы күштерінің 3-ші армиялық корпусы.

1791280865749884.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

ТҰТҚЫН БОЛУ – ТІРІ ҚАЛУ...

Әлгінде осы 3-ші армиялық корпустың дәрігерлері майдандағы жағдайды сипаттап, сұхбат беріпті.

«Ресейлік тұтқындар өздеріне медициналық көмек көрсетіліп жатқанына, оларға адамша қарайтынына, азаптап, ұрып-соқпайтынына қатты таңғалады», - дейді «Миллер» деген лақап атпен белгілі «Үштік» медициналық қызметтің басшысы Маргарита Бурковская.

Украина Қарулы Күштерінің 3-ші армиялық корпусы жүргізген «Вивальди» операциясының үш кезеңінде Украина Донецкі облысының солтүстігіндегі 176 шаршы шақырым жерді азат етіп қана қоймай, 5 мыңнан астам басқыншының көзін жойып,  оған қоса жаудың 250-ге жуық сарбазы мен офицерін тұтқынға түсіргенін өткенде ғана жазған едік.

«Миллер» әбден жігері жасып, өмірден күдер үзген бір басқыншымен сөйлескен екен. Сөйтсе, әлгі бейбақ ұрыс даласынан бір суағар құбырды тауып алып, соның ішіне тығылып, тұтқынға берілер сәтті күткен көрінеді.

МАЙДАНДАҒЫ ТОЗАҚ: АС-СУСЫЗ ҚАЛҒАН АУРУ САРБАЗДАР...

Ал Лиман түбінде қолға түскен Ресейдің 3-ранг капитаны Александр Мананковтың айтуынша, жараланғандарға көмек көрсету үшін не өзінде, не қарамағындағыларда дәрі-дәрмек болмаған. Ол түгілі ішерге су табылмаған. Сол себепті ресейліктер шұңқырдағы лай суды ішуге мәжбүр болған. Ол таусылғанда өз зәрлерін ішіп жан сақтаған.

«Бізде біреу шөлден көз жұмды. Мен бұл жаққа келгелі, бір жарым айдың ішінде тұтқында ғана дұрыс тамақтандым», - дейді бір басқыншы.

Тұтқындардың шамамен 90 пайызы 3-ші армия корпусында  медициналық тексеруден өткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ресейліктердің басым бөлігі қатты әлсіреп, ағзасы кебірсіген, көбінің қол-аяғы бұрын жараланған, дер кезінде емделмей, әбден асқынып кеткен. Тағы бір тұтқынға түскен сарбаз 2 апта бойы жараланған аяғымен окопта отырғанын айтқан.

Тұтқындардың өздерінің айтуынша: Оларды ұрыс даласына жарты жылға жіберген. Осы уақыт ішінде тек бәр мәрте су мен тушенка жеткізіп берген. Ал бұл взводта дәрігер атымен болмаған. «Рота қашан ауысады, азық-түлік қашан келеді?» деген сұрақтардың барлығына: «Күтіңдер!» деген жалаң-жұтаң жауап алып отырған.

АЛ Украина сарбаздары олардың позициясына жеткенде, бұл сарбаздар тұтқынға өз еріктерімен берілген. «Егер ресейліктер тұтқынға берілмей, сол позицияда қала бергенде, олар бәлкім тағы бірнеше күн ғана өмір сүрген болар еді», - дейді дәрігерлер.

Украиналық дәрігерлер сөйлескен ресейліктердің көбі бұл соғысқа ақша табу үшін келгенін айтқан. Кейбірі: «соғыс болады деп ойламадық», - десе, енді біреулері түрмеге барғанша соғысты таңдағанын айтқан.

АЖАЛДАН АМАН ҚАЛУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

Украиналық дәрігерлер: «Бұлар қазір әлсіз. Сондықтан жан сақтау үшін Украинаны мақтап сөйлеп жатқан да болуы мүмкін. Тіпті, ертең тұтқын алмасудан соң Ресейге оралады. Сол кезде: «Украина бізді азаптады», - дейтініне де күмән жоқ. Бірақ, егер олар бізге берілмегенде сол жерде ас-сусыз-ақ өліп қалар еді. Кейбірі ашық жарасын таңуға дәке таппай, апталап жатқан. Аурулары асқынған. Олар мұны өздері де біліп отыр. Сол үшін де қазір олар бізге алғыстарын айтуда», - дейді.

Соным ен қатар Украина дәрігерлері: «Бұлар – екі ай бойы тамақсыз, азық-түліксіз және сусыз отырғандар. Әбден жүдеген адамдар. Олар біздің тарапымыздан қалыпты қатынас болатынын біліп, өз еркімен беріледі. Қазір жау жағында соғысып жүрген көптеген ресейліктер мен шетелдіктер үшін тұтқынға өз еркімен берілу — ажалдан аман қалудың бірден-бір жолы екенін білуі тиіс», - дейді.

Украин дәрігерлері ресейлік тұтқындарға тән тағы бір ортақ сипатты атап өтті: Олардың арасында блиндаждардағы ылғал мен гигиенаның жоқтығынан пайда болатын соматикалық ауруларға шалдыққандар көп. Сондай-ақ артрит және буын аурулары бар адамдар да жеткілікті.

Украина дәрігерлері: «Біздің әскери дәрігерлерімізге жауды емдеу оңай емес. Бірақ бұл — Украина әскери қызметшілерінің саналы таңдауы. Бұл соғыс. Мұны олар да, біз де түсінеміз. Айтарымыз – ресейлік әскерилер қаншалықты көп тұтқынға түссе, Ресей тұтқынындағы украин әскери қызметшілерін, әсіресе бауырларымызды үйге қайтаруға мүмкіндік соғұрлым көбірек болады», - дейді.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар