Интернет өшіріліп, байланыс үзілді: Украин дрондары топырлап құлады! Ресей шабуылға шықты!

The New York Times басылымы Украина үшін Starshield жүйесі өшірілген сәтте (Starlink-тің әскери нұсқасы), майдан даласында украин сарбаздары дрондарды ұшыру мүмкіндігінен қағылып, Ресей әскері шабуылдау мүмкіндігіне ие болғанын айтты. Украин қолбасшыларының сөзінше, әуеге көтерілген дрондар жерге құлай бастаған. Ал кей дрон ұшу бағытын өзгертіп, онлайн басқару мүмкін болмаған.


Сбой связи_ дроны в огне.png(Сурет ЖИ көмегімен жасалды)

 

Украинаның бір ғана бөлімшесі құны 1 млн долларға жуық дрондардан айырылған. Өйткені дрондар әуеде байланысты жоғалтып, жерге құлаған. Осылайша украин жасақтары үш күн бойы ірі операцияларды тоқтатып, дрондарды ұшыруды еселеп азайтуға мәжбүр болған. 

 

Украина билігі о баста шектеу сағатына 64 шақырым жылдамдыққа дейін түсірілгенін айтты. Яғни, дрондар сағатына 65 шақырым жылдамдықпен ұшқан сәтте, онлайн басқару мүмкін болмай, жерге құлаған. Артынша байланыс сапасы жақсартылды. Алайда дрондар сағатына 160 шақырымнан жоғары жылдамдықпен ұшқанда әлі де байланыстан ажырап қалуда. Демек, шектеу әлі де бар деген сөз.

 

Лиман бағытында «Вивальди» операциясын ұйымдастырған генерал Андрей Билецкий әскердің жаңа жылдамдық шектеулеріне бейімделіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, ресейлік реактивті дрондарға қарсы қолданылатын және Starshield жүйесіне сүйенетін дронқаққыштар үлкен қиындықтарға тап болуда. Ресейдің реактивті дрондары сағатына 160 шақырымнан әлдеқайда жоғары жылдамдықпен ұшады. Ол үшін дәл сондай жылдам дронқаққыштарды қолдануға тура келеді. Алайда жылдамдық шектеуі 160 шақырымнан асқан сәтте, дронқаққыштар да бақылаудан шығып, жерге құлауда.

 

23-шабуылдау полкінің ротасын басқаратын лейтенант Юрий Бутусов интернет байланысының баяулауы оның бөлімшесінің жұмысын іс жүзінде тоқтатып тастағанын айтты. «Starlink-тің бір күн бойы істемей қалуы Ресей үшін көптеген адамның өмірін және көптеген жүк көлігін сақтап қалды», — деді лейтенант Бутусов. Оның сөзінше, Ресей тарапы Украинаның интернет байланысына қатысты қиын жағдайын пайдаланып, майдан даласына едел-жедел қару-жарақ, азық-түлік жеткізіп, кей тұста жаппай шабуылға шыққан. Украина шабуылды артиллериямен, қарапайым дрондармен тойтарған. 

 

14-қазанда Украинаның әскери қызметкерлері мен ресми тұлғалары спутниктік байланыс терминалдарының қозғалыс жылдамдығына қатысты жаңа шектеулерге тап болғандарын хабарлады. Украинаның Қорғаныс министрлігі бұл жағдай бойынша АҚШ-пен, SpaceX компаниясымен және НАТО серіктестерімен байланыс орнатқанын мәлімдеді.

 

Жалпы Starlink пен Starshield-тің айырмашылығы неде? Starlink — SpaceX компаниясы ұсынатын спутниктік интернет қызметі. Ол дәстүрлі байланыс инфрақұрылымы зақымданған немесе мүлде жоқ аймақтарда интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Ал Starshield — мемлекеттік және әскери мақсаттарға бағытталған, қорғалған байланыс жүйесіне сүйенетін арнайы жүйе.

 

Қазіргі таңда Украина үшін жылдамдықты кімнің азайтып, шектеуді енгізгені белгісіз. Илон Маск жылдамдықты шектеу шешіміне қатысы жоқ екенін айтты. Starshield бойынша шешімді АҚШ билігі қабылдайды дейді. Алайда Трамп та, Мемхатшы Рубио да АҚШ билігі тарапынан шектеу болмағанын айтуда және жылдамдықтың шектелуі техникалық ақау болуы мүмкін екенін мәлімдеді. АҚШ-тың көптеген БАҚ-тары жылдамдықты шектеу шешімін Маск қабылдағанын, ал бұл шешімді Трамп құптағанын жазуда. Бұл Конгресс алдындағы даулы тақырыптың біріне айналды және Трамптың рейтингіне тағы бір соққы болып тиді.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар