Зеленскийдің жаңа үндеуі: Путин неге жекпе-жектен қашып жүр?

Зеленский мен Путин ақырғы рет 2019 жылы жүздескен. Ал телефон арқылы 2020 жылы сөйлескен. Содан бері Зеленский Путинді сан мәрте «жүзбе-жүз сөйлесейік» деп шақырды. Тіпті, мұндай үндеулердің есебінен жаңылардай болдық...

1793453774562823.jpg

(Сурет: glavred.info сайтынан алынды)

Донбасста, Ватиканда, Түркияда, Араб елдерінің бірінде кездесу ұсынылды. Тіпті: «Жекпе-жектен жалтарсаң, АҚШ-ты қосып, Түркияны қосып, Арабтарды қосып, үшеулеп отырайық», - деген де ұсыныстар айтылды. Бәрінен бас тартқан – Путин. Жекпе-жектен де, онлайн жүздесуден де, телефон арқылы сөйлесуден де Кремль бас тартты.

Ең ақырғысын айтайық: Биыл желтоқсанда АҚШ-тың Маямиінде үлкен жиырмалық жиналады. G20 лидерлерінен басқа шақырылған қонақтар да болады. Мысалы, Трамп Қазақстан президенті Тоқаевты да арнайы шақырған. Сондай қонақтардың бірі – Украина президенті Зеленский.

Сол жерде Путин де, Зеленский де болады деп күтілуде. Ендеше, неге Маями мінберін ақырғы төрт жылдықтағы ең басты диалогтың мінберіне айналдырмасқа? «Мен әлемде сегіз соғысты тоқтаттым», - деп жарияға жар салған Трамп үшін жер бетінде қазір болып жатқан ең сойқан соғыстың бірін тоқтатудың, табан тірескен екеуді бір үстелге отырғызудың таптырмас мүмкіндігі емес пе? Бәлкім, осыдан соң «оңбаған норвегтер» Трамптың түсіне кіріп, тыныштық бермей жүрген Нобельді де беріп қалар ма еді?

Қызық болғанда, кеше Украина БАҚ-тары: «Зеленский мен Путин Маямиде жекпе-жеке кездесуі мүмкін еді. Киевтің ұсынысын Уашиңтон бірден қолдаған. Ал Мәскеу жүзбе-жүз кездесуден бас тартып, телефон арқылы сөйлесуді ұсыныстады», - деп жазды.

Осы ақпарат шыққан сол еді, Мәскеу шыр-пыр болды. Кеше Ресейдің СІМ бастығы Сергей Лавров: «Бұл жалған әңгіме. Путин Зеленскиймен жүздеспек те, сөйлеспек те ойы жоқ. Зеленский Путинмен жүздескісі келсе Мәскеуге келсін», - деп сөйледі.

«Мәскеуге кел» дегенді Кремль кеше ғана айтып жүрген жоқ. Осыдан бірнеше күн бұрын Норвегия мен Финляндия басшылары Путинмен телефон арқылы сөйлескен. 1,5 сағат бойы. Сонда Еуропаның қос өкілі Зеленскийдің үшбу сәлемін жеткізген. Путинді тағы жекпе-жекке шақырыпты. Ал Путин сазарып-безеріп, кездесуден жалтарған. Тағы да сол – «Мәскеуге кел» дегенді айтқан.

Путин Зеленскиймен жекпе-жектен қашып жүргелі біраз болды. Тіпті, масқара болып Түркияға бармай қойғаны да есімізде. Қараңыз:

2021 жылдың көктемінде Украина бірнеше мәрте Ресейге ұсыныс жасап, Зеленский-Путин келіссөздерін жасауға шақырды. Ал Мәскеу: «Ешқандай ресми ұсыныс алған жоқпыз, естіген жоқпыз», - деп бас тартты.

2022 жылдың ақпанында Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы өтті. Сол алаңнан әлемге естіртіп тұрып, Зеленский Путинді тағы кездесуге шақырды. Путин тағы сылтауратты.

2022 жылдың наурызында Зеленский тағы үндеу жасады. Беларусьте немесе Түркияда жүздесуді ұсынды. Мәскеудің жауабы белгілі...

2022-2025 аралығында Украина бірнеше мәрте жария үндеулер жасады. Түрлі қос елге де бейтарап алаңдарды ұсынды. Мәскеу келіскен жоқ.

2026 жылдың шілдесінде әуелі Зеленский ашық хат жазып, Путинде кездесуге шақырды. Швейцарияда, Түркияда немесе Араб елдерінің бірінде жолығуға шақырды. Сол шілдеде Зеленский G7 жиынына барып, Путинді тағы да жекпе-жекке шақырды.

Ал биыл қазанда Норвегия мен Фин басшылары арқылы айтылған ұсыныстан Путин ашық бас тартты. Оны жоғарыда жаздық. Енді міне, Маямидегі алаңда жолығудан да жалтарып отыр...

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар