Ұлттық арнада «Беймәлім Алаш» атты деректі фильмдер топтамасы эфирге шығады

4.jpg


«Qazaqstan» ұлттық арнасында жуық арада «Беймәлім Алаш» атты деректі фильмдер топтамасы эфирге шығатын болды. Бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі, белгілі тележурналист Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық арнаның тағы бір жаңа жобасы «Беймәлім Алаш» деректі фильмдер топтамасы жуырда эфирге шықпақ. Дәл қазір осы жобаның алғашқы бөлімдерін талқыладық. Фильмде Алаш арыстарының бұрын көп зерттеле қоймаған тұлғалары мен сол кездегі қазақ даласының сегіз қиыр, төрт тарабына жасалған беймәлім сапарлары қамтылған. Телеарна басшысы (Ерлан Қарин - авт.) ерледі. Ол басты арнаға келгелі, Алаштың рухы көтеріліп, алапасы аспандап тұр. «Рухани жаңғыру» деген шын мәнінде осылай болмақ», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бастамасымен бұдан бұрын көрерменге Алаш қайраткерлерінің тағдырын арқау еткен «Тар заман» телехикаясы жол тартқан еді. Оның кейіпкерлері - бір ғасыр бұрын азаттық үшін күрескен Алашорда қозғалысының көсемі мен мүшелері. Бұл сериалда жалпы 37 тарихи кейіпкер бейнеленген.



Ұқсас тақырыптар