Ұлттық болмысымыздың темірқазығы

полковник Мұстабеков АД 2.jpg

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегі ұлттық санамызды жаңғыртып, өткенімізді түгендеп, келешегімізбен байланыстырып, жаһандану дәуіріндегі ұлттық болмысымызды бағдарлауға бағытталған ізгі қадам деп білемін. Президенттің стратегиялық бастамалары еліміздің биік белестерді бағындырып, әлемдік  өркениеттегі алар орнын айқындайтын темірқазық іспетті.  

«Түркі әлемінің бесігі» атанған қазақ жерінің тарихы, мәдениеті, өнері мен ғылымы Ұлы даламыздың ұлылығын паш етер құндылықтар құбылысы.  

Елбасы бес қаруын бойына асынған салт атты сарбаздың айбарлы көшпенділер империяларының тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналғанын тілге тиек етуі жаужүрек баһадүр бабаларымыздың ерлігі мен өрлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ат үйрету, атқа мінгенде киетін қолайлы әрі ықшам киімдерді, жебе қылыш секілді əскери-мəдени қару-жарақтарды жасап, əлемдік өркениетке ренасанс əкелгенін тарихи негізді дəлелдеуі ұлтымыз, еліміз үшін айрықша мәртебе. Атты əскер əлі де көптеген елдерде ерекше жағдайда қолданылатын əскери күш. Осындай тарихи құндылықтарды жаңғырту Ұлы даланың ұлы перезентінің ерлігі деп білеміз. Қазіргі жоғары технологиялық озық соғыс құралдарының түп негізі біздің бабаларымыздың тапқырлығынан тамыр тартуы мақтанарлық құбылыс.  

Аталмыш мақала арқылы Елбасы – ұлттық намысымызды оятып, ұлы дала перезенті – ұлы дала бабаларының ерлігін, тапқырлығын, асқақ рухын естен шығармай, рухани деңгейде өрлігімізді дәріптеп, болашаққа бағдар сілтейді.

Бабалалар ерлігінің тек ерлік күш-жігермен ғана емес, саналы, тапқыр ақыл-оймен ұштасып жатқанын пайымдаймыз. Тапқырлық жасау – көшпелі мəдениттің отырықшы мəдениетке силаған ең керемет ерлігі екенін аңғара отырып, көшпенді бабалардың рухына тағзым етеміз. Әлемге нұрын шашқан өнерлі де, тапқыр, өжет те сайыпқыран, рухты да парасатты елдің ұрпағы екенімізді сезіндірген мақала – барша қазақстандықтарды рухтандыра түсетіні ақиқат.

Ұлы дала рухы жалындай берсін! Баһадүр баларымыздыңерлігі мен өрлігі мәңгілікке жалғаса берсін!



Асқар Мұстабеков

полковник, 

Радиоэлектрноика және байланыс 

әскери-инженерлік институтының бастығы 



Ұқсас тақырыптар