Алтын орда дәстүрін қайталау: Алтын пәйзілі Путин һәм Лавров кімді есекке теңеді?

Әлгінде Владимир Путин бесінші мәрте «Ресей президенті» атанған соң, алғашқы шетелдік сапарын Қытайға жасаған еді. 16 мамырда. Екі ел өзара 10-шақты келісімге қол қойып қайтқан. Путин мен Си кездесуі туралы Mezgil.kz ақпараттық порталында егжей-тегжейлі жаздық.

1716198759955765.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Десе де, аталған сапар барысында әлемдік БАҚ назарын аударған бір келеңсіз жайт орын алыпты. Бүгін сол туралы сөз етпекпіз...

1716197462352522.jpg

(Сурет: Mezgil.kz скрині)

Қытай билігінің проткол қызметі Ресей делегациясына (президент Путиннен бастап, барлығына) айырма белгілерін тағуды міндеттеген. Айырым белгілері – келген қонақтардың саяси дәрежелерін анықтау үшін тағылған. Ресей делегациясына алтын, күміс және көгілдір түсті төсбелгілер тағылған. Бұл туралы Ресейдің ТАСС агенттігі де жазды.

1716197657234624.jpg

(Сурет: ТАСС, Анатолий Несмиян жазбаларының скрині)

БІРІНШІ ЖАҒДАЙ: АЛТЫН ОРДА ДӘСТҮРІН ҚАЙТАЛАУ: АЛТЫН ПӘЙЗІЛІ ПУТИН

Ал бұлайша айырма белгісін тағуды міндеттеу немесе талап ету Ресей делегациясын қорлаумен тең деген пікірді Анатолий Несмиян дейтін орыс блогері айтады. Ол:

«Бәрі қайталануда. Алтын орда кезінде моңгол империясының жерімен өту үшін мойынға пәйзі тағатын. Пәйзілер ағаштан, мыстан, күмістен және алтыннан болатын. Алтын пәйзі өз уағында барлық кедергілерден өткізетін күшке ие болған. Алтын пәйзілі адамды тексеруге болмайтын. Ол ханның өз қамқорлығындағы адам саналатын. Ал күміс, мыс, ағаш пәйзілі адамдарды қарауылдар тергеп-тексере алатын. Қызық, бұл жолы айтын пәйзіні кімдерге тақты екен?», - деп жазады.

Бұл бір емес. Аталған сапар барысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та сөзден сүрінді ме, әлде Ресей делегациясының Қытайға кіріптар болып барғанын аңғартқысы келді ме, әйтеуір,бұл кездесудің бағдарламасын Қытай тарабы түзгенін жеткізді.

1716197719622477.jpg

(Сурет: С.Лавров сұхбатының скрині)

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ: ЛАВРОВ КІМДІ ЕСЕККЕ ТЕҢЕДІ?

Про-кремльдік журналист Павел Зарубиннің: «Ресми келіссөздерден бөлек, мәдени іс-шаралар жоспарланған шығар», деген ауандағы сауалына Лавров: «Шығыста: «Қонақ – қожайынның есегі», - деген сөз бар. Сондықтан барлық бағдарламалар Қытай президенті мен оның командасы біздің президентімізге жасаған ұсыныстар аясында болады. Келіссөздер барысы екі елдің проктоколдары арқылы алдын-ала келісілген. Сондықтан, сапар бағдарламасы қожайындарға байланысты болмақ», - деп сөйлеген.

1716197805799729.jpg

(Сурет: Lenta.ru скрині)

ҮШІНШІ ЖАҒДАЙ: ШОЙГУДЫ ШЕТТЕТКЕН КІМ? СИ МЕ, ПУТИН БЕ?

Ресей президенті бастаған делегацияның осы жолғы Қытай сапары барысында орын алған үшінші келеңсіз жағдай – РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, бұрынғы Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды шеттету әрекеті болған.

Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде (Парламент) өткен Си пен Путиннің кездесуіне РФ Қаукеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды бір дегенде кіргізбей қойған. Мұндағы гәп – Шойгудың кеудесіндегі айырым төсбелгісі болған.

Жоғарыда Ресей делегациясына алтын, күміс және көгілдір түсті айырым төсбелгілері тағылғанын айттық. Шойгудың кездесуге кіруіне кедергі келтірген де осы кеудедегі көгілдір төсбелгі боған. Шойгуге есік босағасында бірнеше минут күте тұруға тура келген. Ол рұқсат күтіп тұрғанда, Ресей делегациясының ондаған мүшесі кездесуге кедергісіз кірген. Десе де, Шойгу екі ел басшыларының кездесуіне кірген. Алайда, ол Путиннің сол жағында отырған. Ал оң жағында РФ СІМ басшысы Сергей Лавров отырған. Ал кеңейтілген форматтағы кездесуге Шойгу мүлде қатыспаған.

Осы жайттарға қарап, Ресейбасының бұл жолғы Бейжің сапарының қандай жағдайда өткенін аңғарса болатындай. Украинаға толық күшпен соғыс ашқан 2,5 жылдан бері Ресей билігінің қағар есігі азайған. Халықаралық қауімдастықтың қатал айыптауы мен дүркін-дүркін санкциялар Ресей экономикалық саясатына айтарлықтай соққы болды.

Ал әскери-өндіріс саласындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық Ресей әскеріне 12 жыл басшылық еткен Сергей Шойгуды қызметтен алып тынды. Ал соғыс жағдайындағы Ресей Солтүстік Корей, Иран мен Қытайға әскери һәм экономикалық кіріптарлығын ашық білдірді. Ал Қытай басшысы Си төрағаның бұл кездесудегі ұпайы түгел, әрине...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар